31.05.2024, 13:32 76176

Қазақстаннан Еуроодақ елдеріне ұшуға барлық шектеулер алынып тасталды

Еуропалық Комиссияның ұшу қауіпсіздігінің "қара тізімі" бойынша барлық шектеулер Қазақстаннан біржола алынып тасталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Еуропалық Одақтың (ЕО) 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) отырысы өтті.

Комитет отырысы барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы тыңдады.

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен Комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрына нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады.

ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды.

2024 жылғы 30 мамырдағы хатында ЕК-нің ұтқырлық және көлік жөніндегі Бас директоратының авиация Департаментінің Директоры Филип Корнелис Мырза "Еуропалық Комиссия Қазақстан қызметінің күшейтілген мониторингін тоқтату туралы шешім қабылдады"деп атап өтті.

Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілді.

Айта кетсек, 2022 жылы отандық әуе компанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болды.

Жалпы, ЕО сарапшылары ұшуды пайдалану саласындағы сертификаттау, бақылау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, ұшу жарамдылығын қолдау, авиация қызмметкерлерін оқыту және лицензиялау бойынша елеулі жақсартуларды атап өтті.

Еуропалық Комиссияның 2021 жылдан бастап Қазақстанды бақылау кезеңінде елдегі авиациялық билік органдарының жұмыс істеуінің жаңа моделі дамудың және тиімді қалыптасуының оң динамикасын көрсетеді, бұл да Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулері жоқ отандық әуе тасымалдаушыларын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша, Қазақстан азаматтық авиация менеджментін реформалаудың сәтті үлгісі болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны