23.04.2025, 18:06 54511

Қазақстанның ҰОК-де кадрлық өзгерістер орын алды

23 сәуірде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.

Геннадий Головкин Бас ассамблея қатысушыларына алғыс білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.

Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:

Вице-президенттер:

Серік Жарасбаев - өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;

Шахмұрат Мұтәліп - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;

Данияр Абулгазин - жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;

Сәкен Мұсайбеков - қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;

Гаджи Гаджиев - жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны