07.04.2025, 11:21 27856

Қазақстанның үш өңіріндегі су қоймаларындағы су деңгейі қалыпты

Қазақстанның үш өңіріндегі су қоймаларындағы су деңгейі қалыпты
Қазақстанның үш өңіріндегі су қоймаларында су деңгейі қалыпты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 7 сәуір күнгі жағдай келесідей:

Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 260 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 20 текше метр су жіберілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 561 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 284,2 текше метр су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1202,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 781 текше метр су жіберілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны