15.04.2024, 18:24 35321

БҚО үлкен суға дайындық үстінде

БҚО үлкен суға дайындық үстінде
Батыс Қазақстан облысында ауқымды су тасқынының алдын алу шаралары қабылдануда. Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін өңірде шоғырланған күштер тобы 6,3 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚР ПРемьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша елді мекендерден үлкен суды бұрып әкету және су тасқынынан келетін шығынды азайту үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Облыста ТЖМ-ның 1 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары тартылды. 1,5 мың арнайы техника жұмылдырылды, оның 790-ы БҚО-ға еліміздің басқа өңірлерінен келген.

Негізгі міндет - елді мекендердің тұрғындары мен олардың үйлерін су тасқынынан қорғау. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 700 мың құм толтырылған қапшық және 3 710 мың тонна инертті материал төселді. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді.

Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды, өңірде "Жедел желі" жұмыс істейді - оған 512 қоңырау келіп түсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны