25.11.2024, 14:57 71176
Бакуден Сианға Қазақстан арқылы алғашқы контейнерлік пойыз аттанды
2024 жылғы 24 қарашада Қазақстан арқылы Бакуден (Әзірбайжан) Сианға (ҚХР) ТХКБ кері маршруты бойынша алғашқы контейнерлік пойызды іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Мұнай коксы бар 62 контейнерден тұратын пойыз "кері тиеу" шеңберінде Транскаспий көлік бағдары (ТХКБ) бойынша өтеді және бар болғаны 12 тәуліктің ішінде межелі жерге жетеді.
Сервисті "KTZ Express" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) X’ian Free Trade Port (ҚХР), Absheron Logistics және ADY Express (Әзірбайжан) серіктестіктерімен ұйымдастырды. Бұл бағыт Батыс пен Еуропа арасында жүктерді тиімді және жылдам тасымалдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі таңда TХКБ сенімді және қауіпсіз бағыт болып табылады, ол тасымалдау мерзімін қысқартып қана қоймай, жүктерді тасымалдаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осыған ұқсас жүк бұрын Трабзон порты арқылы автофурлармен жеткізіліп, кейіннен Қытайға теңіз арқылы тасымалданды, бұл 40 күннен астам уақытты алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.07.2025, 14:55 876
Түркістан облысында жаңадан 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді
Сауран ауданында 72 тік дренажды ұңғыма қазылып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әр ұңғыма 45 метр тереңдіктен секундына 60 литр жерасты суын береді. Бұл егіс алқабына қосымша су жіберу үшін қажет. Ордабасы ауданында 44 тік дренажды ұңғыманың 17-сі жөнделді. Оның ішінде 10 ұңғыма қолданысқа берілді. Бұл ұңғымалар сор шаю жұмыстары үшін де өте маңызды. Нәтижесінде топырақтың құнарлығы артып, әр гектардың өнімділігі ұлғаяды.
Өңірге сапары барысында министр Бөген су қоймасына да барды. Қойманың жалпы сыйымдылығы 370 млн текше метр. Нысан 67 мың гектар егіс алқабын сумен қамтып отыр. Бүгінде шаруаларға секундына 50 текше метр су жіберіліп жатыр. Осыған дейін су қоймасына көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз алғаш рет Астана су қоймасында ауқымды тазалау жұмыстарын бастадық. Келесі кезекте Шардара су қоймасының түбін тазалау үшін жерснарядтар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сол секілді Бөген қоймасын да тазарту мәселесін пысықтау керек. Бұл қоймаға жиналатын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.07.2025, 13:55 1771
Қазақстанның бұрынғы бас санитарлық дәрігері Жамбыл облысында жаңа лауазымға тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "Санитария, гигиена және эпидемиология", 2005 жылы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" және 2008 жылы Almaty Management University-ін "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған.
Әр жылдары Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарды.
Сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, дәрігері, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы болып еңбек етті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменттерінің директоры, сондай-ақ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды.
2024 жылғы шілде айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.07.2025, 06:50 1096
Түркістан облысы Жетісай ауданында суару суын пайдалану ережесін бұзған 65 дерек анықталды
Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс тобы Түркістан облысының Жетісай ауданында суару суын пайдалану ережелерін бұзған 65 деректі анықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов аймақта жергілікті құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен судың "көлеңкелі нарығымен" күрес мәселесіне арналған жиналыс өткізді.
Анықталған 65 фактінің 61-і суармалы суды жеткізушінің келісімінсіз өсірілген дақылдарды су көп қажет ететін дақылдарға өз бетінше ауыстыруға қатысты. Тағы 3 жағдайда күріш алқаптарын суару су жеткізу туралы келісімшартсыз жүргізілген. Отырыста Түркістан облысындағы суды заңсыз алу фактілерін анықтау мақсатында министрлік құрған мониторингтік топтың жұмысы туралы есеп тыңдалды. Жиын қорытындысы бойынша су ведомствосы мен аймақтың құқық қорғау органдарының басшылары суды заңсыз пайдаланумен күресте күш біріктіруге келісті. Министр Нұржан Нұржігітов бұл қадам Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген заңдылықты қамтамасыз ету, тәртіп орнату және судың "көлеңкелі нарығын" түбегейлі жою жөніндегі тапсырмасын іске асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысының судың "көлеңкелі нарығын" жою жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында министрлік бірқатар шара қабылдады. Су нысандарын тұрақты бақылаумен айналысатын төрт жұмыс тобы құрылды, су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіліп, суару суын пайдалану ережелері қабылданды. Құқық қорғау органдары суару суын әділ бөлу мен оны заңсыз пайдалануға қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Мониторингтік топтардың құрамына құқық қорғау органдары өкілдерін қосу олардың тиімділігін арттырады", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Биыл 10 маусымнан бастап суару суын пайдалану ережелері күшіне енгенін еске сала кетейік. Бұл ережелерге сәйкес, келісімшартсыз су тұтынғаны үшін бекітілген тарифтің екі еселенген мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал су берушінің келісімінсіз өсірілетін дақылдардың түрін өзгерткені үшін бекітілген тарифтің 1,5 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар жаңа Су кодексі де күшіне енді. Құжатқа сәйкес, бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріліп, олар жедел әрекет ету шараларын қабылдай алады. Сондай-ақ су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 19:14 101866
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Домбыра - ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ - нағыз қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл - өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау - нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік - мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.
Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 19:03 102146
Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді
Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Автомобиль жолдары туралы" заңға өзгеріс енгізілді. Негізгі өзгерістердің бірі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, құжат жол құрылысына арналған материалдар мен жаңа технологиялардың https://rcmbase.qazjolgzi.kz бірыңғай базасының қызметін заңнамалық деңгейде бекітеді.
Цифрлық платформа жолдарды салу және жөндеу үшін қажет барлық ақпарат пен материалдардан құралды. Базада сынақтан өткен, сапасы мен қолдану саласы құжаттармен расталған жаңа материалдар мен технологиялар туралы деректер, карьерлер, асфальтбетон зауыттары, жол-құрылыс техникасы, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары жөніндегі мәліметтер қамтылған. Платформа ірі компанияларға да, шағын және орта бизнес өкілдеріне де қолжетімді.
Бұл базаның басты артықшылығы - ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігінде. Бұл жол жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды жеңілдетіп, олардың орындалу мерзімін қысқартады әрі сапасыз құрылыс тәуекелдерін азайтады.
Сонымен қатар, заңда жол саласы мамандарының біліктілігін міндетті түрде арттыру талаптары енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстандағы жол саласы қызметкерлері міндетті түрде біліктілігін арттырып отырады. Бұл мамандардың білім мен дағдыларын заманауи стандарттарға сәйкестендіріп, жалпы кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл тетіктерді енгізу саланың дамуына оң әсер етеді, озық технологияларды енгізуге жол ашады, сондай-ақ автомобиль жолдарын жобалау, салу және күтіп-ұстау сапасын жақсартады.
Жол саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын "ҚазжолҒЗИ" АҚ әзірлеп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 18:46 102476
Қазақстанның батысында ақбөкендерді ату басталды
Бүгін, 3 шілдеден бастап, Батыс Қазақстан облысы аумағында киік санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады. Киік популяциясын реттеу - табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылым жерлерге зиян келтірмеу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жұмыстарға 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада жасақталды. Әр бригада 3 техникамен қамтамасыз етілген, жалпы саны 12 техника жұмылдырылған.
2025 жылы жүргізілген авиациялық есеп нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 млн басқа жеткені анықталды. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызына, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеу жүргізуге болады. Яғни бұл - ғылыми-зерттеулер мен табиғи тепе-теңдікті сақтау талаптарына негізделген шектеу.
Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Атап айтқанда, бұл өнімдерді "Кублей" ЖШС, "Жеңіс" ЖК, "Батыс-Нық" ЖШС және "Хаиров" ЖК қабылдайды. Болашақта тағы басқа ет комбинаттарының да бұл іске атсалысуы жоспарланып отыр", - деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.
Мамандардың айтуынша, киік популяциясының бақылаусыз көбеюі ауыл шаруашылығы жерлеріне елеулі зиян келтіріп, экожүйеде теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін. Сондықтан киік санын реттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысына сәйкес, барлық заңнамалық және экологиялық нормаларға сай жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 14:41 103151
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін", - деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 10:01 112061
Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шет елге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған.
оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды.
Қазіргі уақытта қазақстандық аруды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл оқиға адам саудасымен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Лион қаласындағы Интерпол штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар барысында халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ Қазақстан Интерполдың адам саудасына қарсы "Либертерра II" операциясына қосылды.
Аталған операция барысында Лаос еліне жұмысқа тұру мақсатымен барып, бірақ еркінен тыс ұсталған тағы бір қазақстандық қыз құтқарылып, елге қайтарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.07.2025, 10:21Инфляцияны тұрақтандыру: үкімет коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу қарқынын реттеуде 08.07.2025, 10:32 746Алматыдағы "UILI BOLAYIK" қаржы пирамидасына 500 ден астам адам ондаған миллион теңге салған08.07.2025, 13:55 716Қазақстанның бұрынғы бас санитарлық дәрігері Жамбыл облысында жаңа лауазымға тағайындалды08.07.2025, 10:48 481Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 221 мыңнан астам тапсырыс берді08.07.2025, 14:06 391Теміржол көлігімен экспорттық көмір тиеу тарихи рекордқа жетті
03.07.2025, 13:43 133886"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:11 124276Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді03.07.2025, 18:14 124136Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды04.07.2025, 10:01 111006Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды04.07.2025, 14:41 102096Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
03.07.2025, 13:43 133886"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды13.06.2025, 15:35 1276612025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 126946Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды03.07.2025, 18:11 124276Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді03.07.2025, 18:14 124136Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды