04.06.2024, 20:46 27826

Балқаш әуежайында қайта құру жұмыстары басталды

Балқаш қаласының әуежайы 1967 жылы салынды, соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді
Балқаш қаласының әуежайында жермен жүру жолы мен перронды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 3,8 миллиард теңге, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бас мердігер "КАЗАХДОРСТРОЙ" ЖШС ресурстарды жұмылдырып, қомақты көлемде арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмыстары аяқталуда (98%), жермен жүру жолы негізі бөлшектенуде (40%) және жол төсемдері дайындалуда. Жұмыс жоспарына сәйкес бетон жабындысын монтаждау биылғы жылдың 15 маусымына жоспарланған.

Содан кейін аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу жоспарланған.

Әуежай инфрақұрылымын жаңарту қала мен туристік аймақты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде. Жолаушылар ағыны үш есе, яғни жылына 13 мыңнан 40 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.

Балқаш қаласының әуежайы 1967 жылы салынды, соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны