12.03.2021, 21:40 14317

Байден Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.
Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі Өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған "С5+1" диалог процесін жалғастыруға мүдделі", – деп жазылған жеделхатта.

 
Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі, деп жазады Ақорда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны