04.03.2025, 12:36 2706

Биыл 3 облыста 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады

Биыл 3 облыста 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл еліміздің 3 облысында 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы) және Қараөзек (Қызылорда облысы) су қоймалары суару кезеңінде 22,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, Батыс Қазақстан облысында салынатын Үлкен Өзен қоймасы 5000-ға жуық тұрғыны бар екі елді мекенді су тасқынынан қорғайды.

Бұдан бөлек, бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймаларын, сондай-ақ Түркістан облысындағы Қосқорған су қоймасы мен Көксарай контрреттегішін реконструкциялау жоспарда бар.

Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Екінші кезең аясында 25 жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде 11 жаңа жоба және 13 қолданыстағы су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 10 облыс аумағында 5000 шақырымнан астам каналды жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Барлық жобаларды іске асыру 2030 жылға қарай 10 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны