22.04.2025, 10:12 42096
ЕАЭО елдері фермерлерді қаржылай қолдау тетігін іске қосады
Экономиканың нақты секторында кооперацияны дамыту мақсатында 2024 жылы ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу тетігі қолданысқа енгізілгенін атап өту қажет, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл тетік ЕАЭО бюджеті есебінен қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
Айта кетейік, ЕАЭО елдері мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары агроөнеркәсіптік кешенге қаржылай жәрдемдесу тетігін тарату қажеттігін бірнеше рет атап өткен еді.
Осылайша, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйін талдау негізінде және Қазақстан экономикасы үшін аграрлық азық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, келесі басым бағыттар айқындалды:
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту;
- мал шаруашылығының тұрақты дамуы;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- АӨК инфрақұрылымын дамыту.
Бүгінгі таңда Комиссия тараптармен бірлесіп, қаржылық жәрдемдесу тетігінің негізгі шарттарын және агроөнеркәсіптік кешеннің кооперациялық жобаларын іріктеу критерийін айқындауға тиіс Ереженің тиісті жобасын әзірлеуді қоса алғанда, ЕАЭО-ның нормативтік құқықтық базасына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты бастады.
Атқарылған жұмыстың нәтижелері биылғы жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларына ұсынылатын болады.
Тұтастай алғанда, қазақстандық фермерлер үшін агроөнеркәсіптік кешенде қаржылық қолдау тетіктерін қолдану ЕАЭО елдерінің бизнесімен бірлесіп кооперацияда өз технологияларын дамытуға, жеткізудің және ресурстық қамтамасыз етудің тиімді тізбектерін құруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.07.2025, 13:40 2001
16 млн қазақстандықтың дербес деректерінің таралуы: тексерудің алдын ала жасалған болжамы аталды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі брифинг барысында еліміздің 16 млн азаматының дербес деректерінің тарап кету салдарын атады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Тексерушілердің алдын-ала тұжырымдары бойынша, бұл медициналық ұйымдардан тарауы мүмкін. Олар мемлекеттік дерекқорларға қол жеткізеді, содан кейін олардың сақталуын қамтамасыз етпейді. Бұл үшін тиісті жауапкершілік қарастырылған", - деді Үкімет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, желіде 16,3 миллион қазақстандықтардың жеке деректерінің таралып кеткендігі туралы ақпарат пайда болған.
Кейін қазақстандықтардың дербес деректерінің жаппай таралуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 13:32 2576
Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов журналистердің әлеуметтік саладағы шығындарға қатысты сұрағына жауап берді.
Республикалық бюджеттің 50%-дан астамы жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталады. Қаражат зейнетақыға, бюджет қызметкерлерінің жалақысына, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақыларға, сондай-ақ мектеп, аурухана салуға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Бұл бағытта Үкімет кешенді, жүйелі жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар қазіргі уақытта бөлінетін ресурстарды пайдалану тиімділігіне бақылау күшейтілді. Бірқатар параметр мен тәсілдерді қайта бағалау жүргізіледі.
Премьер-министр жүргізілген талдау шеңберінде әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы келетін қолдау шараларын теріс пайдалану фактілері анықталғанын атап өтті.
Біз қазір еліміздің барлық халқын алты санатқа бөлген жолмен жүріп жатырмыз. Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді, деректер цифрланған, барлығы әл-ауқат деңгейі бойынша бөлінеді. Алтыншы санат - табыс деңгейі жеткілікті жоғары отбасылар мен адамдар. Алтыншы санатты біз әлеуметтік көмек алушылар қатарынан алып тастаймыз, өзін қамтамасыз ете алмайтындарға, жұмыс істей алмайтындарға көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы, балалармен айналысатындықтан көп балалы аналар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істей алмайды. Біз оларға көп көңіл бөлетін боламыз. Өкінішке орай, бізде әлеуметтік тәуелділік пен әлеуметтік алаяқтық фактілері бар. Біз қазір әр істі жеке-жеке шешіп, барлық басқа схемалардың жолын кесеміз. Әлеуметтік көмек өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көрсетілуі тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 10:23 2981
Қазақстанда жыл басынан бері 60-тан астам адам террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталған
Биыл маусым мен шілде айларында діни радикализмді қолдаушыларға қатысты бірқатар сот шешімдері күшіне енді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Шымкент қаласының соты аталған мегаполис тұрғынының бірін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырды.
ҰҚК жүргізген қылмыстық іс шеңберінде оның бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылықты жасауға шақырғаны анықталды.
Интернеттегі экстремистік мазмұнның әсерінен радикалданған.
Астана соты ҚР аумағында терроризмді насихаттаумен және экстремистік топтарға адамдарды тартумен айналысқан шетелдік азаматты 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Жалпы жыл басынан ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам, оның ішінде 3 шетелдік азамат түрмеге қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 09:34 2226
Бақытбек Сыдықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытбек Сардарбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлаqды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бақытбек Сыдықов 2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ол 1969 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Владикавказ жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1999 жылы - бронды әскерлердің Әскери академиясы. 2013 жылы-Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару факультетін тәмәмдаған. Әскери атағы - генерал-майор (2023).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 18:48 25791
Қазақстанда алғаш рет робот химиотерапияға арналған препараттарды дайындайтын болады
Алматы онкологиялық орталығында химиотерапиялық препараттарды дайындайтын роботтандырылған жүйе - KiroOncology енгізілді. Бұл жүйе бұған дейін Еуропа мен АҚШ-тың медициналық мекемелерінде қолданылған. Бұл - Қазақстанда мұндай технологияны алғаш рет пайдалану, онкологиялық тәжірибеде автоматтандыру мен қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Роботтандырылған құрылғы:
- Препарат дозасын дәл есептейді, адам факторын болдырмайды,
- 360 градустық камера мен кескін базасы арқылы дәрі-дәрмекті анықтайды,,
- Штрихкодтарды тексеріп, компоненттерді араластыруға дейін және кейін өлшейді,
- Дозалау мен таңдау қателіктерін болдырмайды,
- Қауіпті заттармен жанасуды азайта отырып, пайдаланылған материалдарды өздігінен жояды.
Бұл технология дәрі-дәрмектерді қолмен дайындаған кезде бұрын цитотоксикалық заттармен байланысқа түсуге мәжбүр болған медициналық қызметкерлер үшін қауіпті айтарлықтай төмендетеді.
KiroOncology роботы екі механикалық манипулятормен жабдықталған, олар препараттарды флакондарға құю және араластыру процесін орындайды. Процесс аяқталғаннан кейін құрылғы пайдаланылған бөтелкелер мен шприцтерді химиотерапия қалдықтарымен жанасуды болдырмай, автоматты түрде тығыздалатын герметикалық контейнерде жояды.
Роботтан басқа, Алматы Онкологиялық орталығында KiroLink платформасында Kiro Assist жүйесімен жабдықталған BiOptima IT II класты қауіпсіздік ламинарлық бокстары да пайдаланылады. Бұл бокстар цитостатикалық препараттарды қолмен сұйылтуға мүмкіндік береді, бірақ бақылаудың барлық кезеңдерін сақтай отырып: препаратты сәйкестендіру, штрих - кодты тексеру, өлшеу, визуалды бақылау және құжаттау.
Көптеген онкологиялық мекемелерде химиопрепараттар әлі де әдеттегі ламинарлық шкафта дайындалады, бұл қызметкерлер мен науқастар үшін қауіп төндіреді.
Роботтандырылған жүйені енгізу - бұл тек технологиялық жаңалық емес, сонымен қатар Қазақстандағы онкологиялық көмектің қауіпсіздігін, дәлдігін және заманауилығын арттыру жолындағы маңызды қадам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 16:53 25156
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі - Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 14:51 25381
Қазақстанда Талдықорған - Үшарал газ құбыры желісінің құрылысы аяқталды
Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды.
Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған - Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді. Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу - Бозой - Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы - ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды.
Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы - саладағы маңызды жетістіктің бірі. Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Орта Азия - Орталық магистралды газ құбырында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде айтты. Аталған жоба өңірлік энергетика саласындағы маңызды буын ретінде еліміздің рөлін арттыра түседі.
Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын дамытуға қатысты тапсырмасын орындау аясында бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Олардың қатарында "Аққұдық" және "Северный-2" учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ CNPC компаниясымен бірлесе "Северный-1" учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім бар.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 13:45 26021
Қазақстандық әртіс "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Алмагүл Батталиева "Славян базары" байқауында Гран-при иеленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 10-13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында "Витебскідегі Славян базары" XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті. Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.
Финалда әнші "Вечность" композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Алмагүл Батталиева - Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты - аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.
Алмагүл - тек шебер орындаушы ғана емес, сахнаға деген құрметі мен жауапкершілігі мол өнерпаз. Ол "Жас Қанат - 2023" фестивалі, "Алматым жүрегімде" халықаралық байқауы сынды беделді музыкалық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны "Славян базары" фестиваліндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістік - оның өнер жолындағы ізденісі мен дарынының айқын көрінісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.07.2025, 10:23Қазақстанда жыл басынан бері 60-тан астам адам террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталған 15.07.2025, 13:32 4131Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде15.07.2025, 09:34 3781Бақытбек Сыдықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды15.07.2025, 13:40 355616 млн қазақстандықтың дербес деректерінің таралуы: тексерудің алдын ала жасалған болжамы аталды15.07.2025, 12:26 Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді1546Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді
10.07.2025, 17:09 98231Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 94456Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды11.07.2025, 09:44 84406Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 84281Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 84116Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
04.07.2025, 19:14 138341Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138166Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136191"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 129726Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 127431Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді