17.06.2022, 16:01 51111
Екібастұз ГРЭС-1 компаниясына 33 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
Сурет: www.gov.kz
Тексеру барысында 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген рұқсат етілген квоталар көлемінен асып кету бөлігінде экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қолданыстағы жүйесі шеңберінде кәсіпорынмен өтелмеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады.
Заңнама талаптарына сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квоталар көлемін жабуға мәжбүр болды.
Аталған бұзушылық негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 33 301 625 мың теңгені құрайды", - деп толықтырды ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.04.2025, 17:09 11571
Қазақстанға Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.
7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 17:03 11841
Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді
Үкімет Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы, Волчанка ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 67 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жобаның жалпы құны 419 млн теңгені құрайды. Қаражаттың бір бөлігі бұрын Үкімет резервінен және облыстық бюджеттен бөлінген.
Бүгінгі таңда нысанның құрылысы 65%-ға орындалды. Инженерлік желілерді - сумен жабдықтау, электр энергиясы және коммуникацияларды жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Тапсыру - 2025 жылдың мамырына жоспарланған.
Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Өскемендегі гематология орталығының құрылысын аяқтауға 33,6 млрд теңге бөлген болатын.
Айта кету керек, Қазақстанда "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінде 467 нысанның құрылысы аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұдан басқа, қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қордан да жүргізіледі. Премьер-министр денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдікке қалған 188 медициналық нысанның құрылысына және ауруханалардың қайта құрылуына апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 16:47 12796
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Жуырда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын аса күрделі операцияны сәтті өткізді.
Президент белгілі хирург, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған бұл операцияны отандық медицинаның зор жетістігі ретінде бағалап, орталық ұжымына Алғыс хат жолдады.
Мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән береді. Бұл ретте көптеген іргелі бастама қолға алынып, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде ұлттық медицина қарқынды дамып келеді. Сіздер жасаған бірегей операция - соның айқын дәлелі. Қазір еліміз өте күрделі трансплантациялық операция жасайтын әлемдегі алты мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жетістікке отандық мамандардың, соның ішінде өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен ерекше білімдеріңіздің, сондай-ақ теңдессіз тәжірибелеріңіздің арқасында жетіп отырмыз. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта да ұлт саулығын жақсарту үшін тынымсыз тер төгіп, халқымызға қалтқысыз қызмет ете бересіздер деп сенемін", - делінген Алғыс хатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 14:50 12106
Қазіргі құлдық: жәбірленушілердің саны үштен бір есеге өсті
Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыс деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (БП ҚСжАЕК) деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында адам трафигіне байланысты 116 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді - 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткішпен бірдей десе де болады (112). Бұл өте көп. Былтырғы жыл осы саладағы қылмыстардың рекордтық санымен ерекшеленгенін айта кетейік. Мұндай қылмыстар бойынша қылмыстық істердің көп болуының өзі теріс деп айтуға болмайды. Қылмыстың бұл түрінің жасырын сипатын ескеретін болсақ, керісіншесін айтуға болады, деп хабарлайды ranking.kz.
Адам саудасына байланысты қылмыстар ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптарына жатады. Бұл баптар қылмыскерлердің көздеген мақсаттарына - жыныстық немесе еңбек құлдығына, балаларды сатуға, сондай-ақ барлық байланысты құқық бұзушылықтарға тікелей қатысты. Сонымен, 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы статистикаға сай тіркелген 116 қылмыстық құқық бұзушылықтың 54-і "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бабына қатысты. Ең жиі кездесетін қылмыстардың үштігінде "Бас бостандығынан заңсыз айыру" (20) және "Адам ұрлау" (18) баптары бойынша сараланған қылмыстар да бар. "Адам саудасы" бабына тікелей қатысты қылмыстар ересектер мен кәмелетке толмағандар бойынша 6 қылмыстан тіркелді.
Polisia.kz порталының ақпараты бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ҚР ІІМ қызметкерлері өткізген "STOP-трафик" акциясының үш күнінің өзінде осы санаттағы 40 түрлі қылмыс тіркелді. Ең сорақыларының ішінде - Қарағанды облысында анасының қыздарын қарт адамға азғындық әрекеттер жасау үшін сатуы, Абай облысының шаруа қожалықтарында құл еңбегіне пайдалану үшін адам саудасы.
2025 жылдың бірінші тоқсанында адам саудасынан зардап шеккендердің саны 34,1%-ға өсті. 59 адам жәбірленуші деп танылды, оның 84,7%-ы - әйелдер мен қыздар. "Адам саудасы" және "Кәмелетке толмағандар саудасы" баптарына қатысты қылмыстардан тікелей 19 құрбан зардап шекті, соның ішінде 11 жасқа дейінгі 5 қыз. Бұл жерде әңгіме тек жыныстық құлдықта қолданылатын қыздар туралы ғана емес, сонымен бірге сәбилердің саудасы жайлы да болып отыр. БАҚ-та, әдетте, жекелеген қылмыстық істер туралы айтылады, бірақ іс жүзінде олардың саны жетіп артылады. Балаларды баласыз ерлі-зайыптыларға сатады, бағасы 100 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін барады деп хабарлайды БҰҰ ақпараттық орталығы.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ең көп зардап шеккендер "Адамды ұрлау" және "Бас бостандығынан заңсыз айыру" баптарына қатысты ең көп таралған қылмыстар бойынша болды. Үш айда олардың саны 30 адамнан асты.
2024 жылдағы адам саудасы туралы БҰҰ баяндама авторларының аналитикалық қорытындыларына сай мұндай сатып алу-сатудың мақсаты, көбінесе, тікелей құлдық болып табылады. Әлем 200 жылдан астам уақыт бойы адам бостандығына қарсы қылмыстық көзқараспен күресіп келеді, бірақ қазіргі қоғам үшін мұндай қылмыстардың жасырын деңгейі әлі де жоғары. Құрбандардың саны бүкіл әлем бойынша ондаған мыңнан асады. Өткен жылы 31 желтоқсанда жарияланған халықаралық ұйымның есебінде 2022 жылғы сандар келтірілген. Әлемдегі жалпы тенденция мынадай: адам саудасының құрбандары санының өсуі жалғасуда. Екі жыл ішінде зардап шеккендер саны 43%-ға артты.
Баяндамада адам саудасының негізгі мақсаты бұрынғыдағыдай сексуалдық қанау емес, бірінші кезекте, мәжбүрлі еңбекке тарту екені айтылған. Бұл ретте көптеген елдерде құқық қорғау жүйесі құлға айналдырылған құрбандарды анықтауда нәтиже көрсете бермейді. Ал мұндай істер ұзақ тергеледі және сотта да ұзақ қаралады: орташа мерзімі - 3 жыл.
Бұл себептен адам саудасына қатысты істерді сотта қарау нәтижесінде жыныстық қанауға қатысты қылмыстық істер бірінші орынға шығады. 2022 жылы дүние жүзінде осы саладағы үкімдердің 70%-дан астамы жезөкшелікпен айналысуға тарту үшін адам сатуға қатысты болды. Жалпы алғанда, дәл осындай қылмыстардың үлесі 36%-ды құрайды. Деректер әлемнің 156 еліндегі 65,3 мыңнан астам құрбандардың сауалнамаларына негізделген.
Біз жоғарыда келтірген Қазақстан бойынша статистика адам трафигі проблемасының ішкі жағын ғана көрсетеді. ҚР аумағында өз елінің азаматтарын немесе жұмыс істеуге келген мигранттарды ұрлап, сататын адамдардың болуымен қатар, шетелде қиын жағдайға тап болып, зардап шеккен қазақстандықтар да бар. Олардың нақты саны белгісіз, БАҚ-та соңы жақсы аяқталған бірлі-жарым жағдайлар ғана жарияланады. Мәселен, сәуір айында Мьянмада құлдыққа түскен ҚР-ның төрт азаматы Қазақстанға оралды. Зорлық-зомбылықпен қорқытып, оларды алаяқтық байланыс орталықтарында жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Қазақстандықтардан басқа құлдықта Өзбекстанның екі азаматы және Қырғызстаннан жеті азамат болған. Зардап шеккендер ол жерге шетелде жалақысы жоғары жұмыс орындары туралы хабарландыруларға қызығып барған деп хабарлайды Baigenews.kz.
БҰҰ 2022 жылға арналған трансұлттық трафик бойынша осындай статистиканы келтіреді. Адам саудасының құрбандарының жалпы санының 31%-ы - Африкадан, 13%-ы - Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағынан келгендер. Басқа елде құлдыққа түскен Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядан келген құрбандардың үлесі 8%-ды құрады. Талдау анықталған 28,5 мың адам саудасы құрбанынан алынған сауалнамалар негізінде жүргізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 14:33 13116
Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады
Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаны Үкімет Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауын іске асыру үшін әзірлеген. Ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін ажырата отырып, медициналық көмектің бірыңғай пакетін құру ұсынылады. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне Денсаулықты қорғау мемлекеттік қоры (жедел, шұғыл, паллиативтік көмек, жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу) аясында медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін анықтау өкілеттігі беріледі.
Сондай-ақ Үкімет алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясындағы қызметтерді медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен міндетті медициналық сақтандыру пакетіне ауыстыруды ұсынып отыр. Мысалы, мамандарды қабылдау, медициналық оңалту, профилактикалық тексерулер, иммундау, репродуктивті денсаулықты қорғау шаралары міндетті медициналық сақтандыру аясында қамтамасыз етіледі.
Бұл тәсілді депутаттық корпус қолдамады.
Осыған орай депутаттар медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің негізгі тізбесін: әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу қызметтерін сақтауды ұсынды. Яғни, туберкулез, АИТВ, қатерлі ісік, созылмалы вирусты гепатит, бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, жедел миокард инфарктісі (алғашқы алты ай ішінде), инсульт (бір жыл ішінде), аутоиммундық аурулар, эпилепсия және басқа да аурулармен ауыратын адамдарға тегін медициналық көмектің толық спектрін алуға кепілдік беріледі.
Сонымен қатар депутаттардың бастамасымен азаматтардың сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакеті аясында бастапқы емдеу кезіндегі негізгі медициналық көмек те сақталады. Яғни, емханаға келген әрбір азаматқа дәрігердің алғашқы кеңесі беріледі деген сөз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 09:40 26736
Тоқаев Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады
Мемлекет басшысыТоқаев Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды", деп көрстетілген жарлықта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 17:56 41631
2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ
2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ, деп мәлім етті Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында "Қазавтожол" Басқарма Төрағасы Дархан Иманашев.
Биыл еліміздің көлік инфрақұрылымының маңызды бағыттарын қамтитын ауқымды жол-құрылыс маусымы басталады. Жол саласын жаңғырту мақсатында 8800 шақырым автомобиль жолдарында түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, оның ішінде 2100 шақырымда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, 460 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары 6300 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Бұл жұмыстарды орындауға шамамен 10 мың бірлік жол-құрылыс техникасы, 27 асфальтбетон зауыты және 25 мың маман жұмылдырылады. Жобаларды іске асыру барысында 9,4 млн тонна асфальтбетон қоспасы, 12 мон текше метр қиыршық тас және 500 мың тонна битум қолдану көзделген.
Барлық жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 781 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 2025 жылғы жол-құрылыс маусымы аясында қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2100 шақырым автожол қамтылмақ. Оның ішінде 1100 шақырымда 10 өтпелі жобаның құрылыс жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалардың аясында жолдарды абаттандыру, карьерлерді рекультивациялау, өндіріс базалары мен уақытша айналма жолдарды салу бойынша негізгі жұмыстар аяқталуда. 1 мың шақырымда 7 жаңа жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олар: Қарағанды - Жезқазған, Ақтөбе - Ұлғайсын, Атырау - Доссор, Қызылорда, Рудный, Сарыағаш және Петропавл қалаларының айналма жолдары", - деді спикер.
2025 жылдың басым жобалары ретінде Қалбатау - Майқапшағай және Қызылорда - Жезқазған автожолдарын қайта жаңарту учаскелері анықталған. Жылдың соңына дейін жоспарланған 2100 шақырым жолдың 1100 шақырымында негізгі жұмыстарды аяқтау көзделген.
Күрделі жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 460 шақырымды құрайтын 47 нысан қамтылмақ. Бұл жұмыстарға 8,5 млрд теңге қаржы көзделген. Жыл соңына дейін 174 шақырымды құрайтын 5 учаскені пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ 6300 шақырымды құрайтын 233 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаржыландыру көлемі - 203 млрд теңге. Құрылыс маусымының аяғына дейін кемінде 2 мың шақырым автожол пайдалануға берілмек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 17:52 40901
Ауылдарда 467 медициналық нысан салынды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері өңірдегі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ұлттық жобада көзделген 655 нысанның ішінен бүгінде 467 медициналық мекеменің құрылысы аяқталған, 2025 жылы тағы 188 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанында жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. 2026 жылы қолданысқа берілетін 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы денсаулық сақтау сапасын жақсарту үшін іске асырылып жатқан ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталды.
Жоба, біріншіден, ауылдық жердегі медициналық көмекті қолжетімді ету үшін бірқатар кешенді мәселені шешуге ықпал етеді. Яғни, азаматтар өздерінің тұрғылықты жерінде шұғыл көмекке қол жеткізе алады. Екіншіден, заманауи құрал-жабдықтар есебінен медициналық қызметтердің сапасы жақсарады. Ұлттық жобаның негізгі мақсаты да - осы. Үкімет тарапынан алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға республикалық бюджеттен шамамен 124 млрд теңге, ал аудандық ауруханаларды қайта жаңғыртуға 31 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен толықтырылып жатқан Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты да ұлттық жобаны іске асыруға бөлінді. 145 алғашқы көмек нысаны мен 13 ауданаралық аурухана құрылысына 31 млрд теңгеден астам қаражат салынды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазіргі уақытта ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 5 өңірде: Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Құрылыс қарқыны бойынша Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында белгілі бір тәуекелдер бар.
Премьер-министр жұмыс кестесінен артта қалған нақты аймақтарды атады. Мәселен, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында осы күнге дейін 6 нысан бойынша жобалық құжаттама әзірленбеген. Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 жоба бойынша мемлекеттік сараптама дайын емес.
Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған құрылыс қарқынын арттыру, әсіресе жобалық құжаттаманы дайындау рәсімдерін және медициналық құралдармен жабдықтау мәселесін жеделдету жөніндегі тапсырмасына назар аударды.
Өңір әкімдері тарапынан дәл осы жобалау және құрылыс жұмыстарына бақылаудың кемшін болуы Ұлттық жобаны іске асыру мерзімдерінің созылып кетуіне алып келеді. Нысандарды уақтылы тапсыру үшін құрылыс маусымын тиімді пайдалану керек. Мемлекет басшысы алға қойған мақсатқа қол жеткізу - бар күш-жігерді жұмылдыруды қажет етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне биыл құрылысы аяқталуы жоспарланып отырған 188 медициналық нысанның салыну барысына апта сайын мониторинг жүргізуді және ауруханаларды жаңғырту жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Заманауи медициналық құралдарды уақтылы сатып алу және нысандарды жабдықтау бойынша қажетті шараларды қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Өңір әкімдеріне биыл жоспарланған барлық медициналық нысандарды мерзімінен кешіктірмей, сапалы іске асыру және уақтылы іске қосуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді. Жетісу, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктеріне осы жылдың 15 мамырына дейін аудандық ауруханаларды жаңғырту бойынша барлық жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға жіберу қажеттігі атап өтілді.
Премьер-министр қолдау шараларының толық әлеуметтік пакетін қамтамасыз ете отырып, медициналық кадрларды қазірден бастап тарту жөнінде нақты шаралар қабылдауды міндеттеді.
Сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне осы жылдың 1 маусымына дейін ауруханаларды жаңғырту бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын аяқтау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.04.2025, 09:40Тоқаев Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады 30.04.2025, 14:33 12411Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады30.04.2025, 16:47 12091Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 14:50 11401Қазіргі құлдық: жәбірленушілердің саны үштен бір есеге өсті30.04.2025, 17:03 11136Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді
24.04.2025, 14:56 113331Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде24.04.2025, 15:14 1131662025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды25.04.2025, 15:16 102111Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді25.04.2025, 15:08 102091Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады25.04.2025, 15:06 95851SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды
11.04.2025, 18:13 122401Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді10.04.2025, 15:14 119576Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі18.04.2025, 17:23 113671Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды24.04.2025, 14:56 113331Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде24.04.2025, 15:14 1131662025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды