16.06.2026, 12:05 34576
Елімізде тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін ірі кәсіпорын салыну жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. "Kaz Eggs" серіктестігі бастамасымен жүзеге асырлатын болашақ өндірістік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа деп есептелуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасады. Жалпы инвестиция көлемі 30 млрд теңге.
Келер жылдың IV тоқсанына жоспарланған жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бұл отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам және қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға жол ашады.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бағытын тұрақты дамыту.
Осы ретте министрлік заманауи өндірістерді құруға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған инвестициялық жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 19:35 8526
Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
Достарға айту
Алматыда 2028 жылы Халықаралық атом энергиясы агенттігі ұйымдастыратын зерттеу реакторларына арналған халықаралық конференция өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі Ядролық физика институты болады. Бұл туралы институттың бас директоры Саябек Сахиев журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді.
Оның айтуынша, МАГАТЭ мұндай конференцияны төрт жылда бір рет өткізеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 400 ғалым, маман және сарапшы қатысады.
Қазақстан 2028 жылғы келесі конференцияны өткізуге өтінім берген алғашқы елдердің бірі болды. 26 мамырда МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси Астанаға келген кезде Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тиісті хатты табыстады. Шамамен екі апта бұрын жауап алдық - МАГАТЭ бұл іс-шараны Алматы қаласында, әрине, Ядролық физика институтының базасында өткізеді", - деді Саябек Сахиев.
Институт басшысы конференцияға зерттеу реакторлары саласындағы әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшылары келеді деп күтіліп отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінге дейін Қазақстан жаңа зерттеу реакторының жобасы бойынша нақты шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл шешім халықаралық сарапшылармен талқыланып, олардың кәсіби бағасы мен ұсыныстары ескеріледі. Жаңа зерттеу реакторы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулермен қатар жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға да қызмет етеді деп күтілуде.
Болашақта ол тек ғылым үшін ғана емес, радиофармпрепараттар өндіру үшін де жұмыс істеуі керек. Тіпті Қазақстанда микрочиптер мен жартылай өткізгіштер өндірісін дамытуға да мүмкіндік беруі мүмкін", - деп қорытындылады бас директор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 17:53 10391
Қазақстан заңсыз көші-қонға қарсы іс-шараларды күшейтуде
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан заңсыз көші-қонды азайту мақсатында қосымша шаралар қабылдап жатқандығы туралы Сенат кулуарында мәлім етті.
Шенген келісіміне қатысушы елдер босқындар санының артып келе жатқандығына байланысты өз шекараларындағы бақылауды күшеуде. Әрине, заңсыз көші-қон мәселесі де бар. Бұл - тиісті мемлекеттердің құқығы, сондықтан олар бақылауды қатаңдатуда", - деді СІМ басшысы.
Министрдің айтуынша, Қазақстан да заңсыз көші-қон деңгейін төмендету және елдегі көші-қон бақылауын күшейту бағытында тиісті шаралар қабылдауда.
Тиісінше, бізде де осындай шаралар қолға алынуда. Біз де заңсыз көші-қон көлемін азайтуға, ал идеалды жағдайда оны толықтай жоюға ұмтыламыз", - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 16:42 12056
Сот жүйесінің ел дамуындағы маңызы зор - Тоқаев
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіріп, бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі айрықша екенін айта келе, қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет бере келе, сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 15:42 13161
Астана медицина университетіне Ұлттық мәртебе берілді
Сурет: @amuedukz
Достарға айту
Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары - Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор", - деп атап өтті президент.
Ол сондай-ақ, Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдайтындығын айта келе, белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы - тарихи әділеттілік екендігін мәлім етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 14:16 15656
Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіледі
Достарға айту
Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр", - деп мәлім етті президент.
Сондай-ақ, елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеріліп жатқанын атап өтті.
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді", -деді мемлекет басшысы.
Ол Үкіметтің бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет екендігін баса айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 13:43 15191
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен. Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы - азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін",- деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Конституцияда денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтіп, алғаш рет ұлт денсаулығы осындай жоғары деңгейде басымдылықпен бекітілді. Бұл азаматтардың өмірі мен әл-ауқатын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында Президент медицина қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы мен қоғамдық маңызы бар шараларға ат салысқаны үшін алғыс білдіріп, елдің дамуы мен қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлестерін жоғары бағалады.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 11:31 20356
Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында шілде айында елде бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Биыл 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауымен осы жылдың 1 мамырында экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын дамытуға құқықтық негіз қаланды. Заманауи, ашық әрі институционалдық орта қалыптастырылды», – деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, Ұлттық банктің реттеушілік орталығы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылған.
Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай QR-кодты енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 19:46 38621
Тоқаев Қазақстанда БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы Заңға қол қойды
Достарға айту
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.06.2026, 11:31Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады 18.06.2026, 12:08 17036Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды18.06.2026, 09:58 16316Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады18.06.2026, 13:16 15851Қазақстан Словенияда бай мәдени мұрасын таныстырды18.06.2026, 14:16 15476Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіледі
12.06.2026, 20:00 132596Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132176Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131396Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129411Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді129036Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251736Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237436Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207861ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194941Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194931Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

