15.04.2025, 10:12 34421
Энергетика, өнеркәсіп және цифрлық технологиялар: ЕАДБ Қазақстанға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр
Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен.
Қазақстан Республикасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3,8 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл меже мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімет берілді. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды. Еуразиялық даму банкі энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін, көлік және логистика салаларын дамыту бағыттарына, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге, инфрақұрылым нысандары құрылысына, өнеркәсіп және цифрлық технологияларға қатысты жобаларға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр.
Николай Подгузовтың айтуынша, ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті.
Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Еуразиялық даму банкі - инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.05.2025, 17:33 2046
Елорда әуежайын одан әрі дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады
ҚР Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы (Terminals holding құрамына кіреді, БАӘ) әуежайды және оған іргелес аумақты кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық келісім жасасты. Инвестицияның жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келісім аясында инвестор екінші ұшу-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерге арналған cargo терминалын салады. Сондай-ақ, инвестор индустриялық - логистикалық аймағы мен қонақ үйлері, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды аэротрополис кешешін дамытуды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, арнайы техника паркін жаңарту, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізу, әуежай қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқытып, біліктілікті арттыру жұмыстары жоспарланды. Қызметкерлер халықаралық авиациялық талаптарға сәйкес арнайы тренингтерден өтеді.
Сонымен қатар ҚР Көлік министрлігі мен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар техникалық біліммен, дағдылармен және озық тәжірибе алмасуға ниетті. Жақын арада ҚР мен БАӘ арасындағы автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау мәселелерін регламенттеуге мүмкіндік беретін Үкіметаралық келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық автотасымалдау аясында 42 Үкіметаралық келісім жасасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2025, 16:37 1811
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.
Жиын барысында Ұлттық қордың қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, "Банктер және банк қызметі туралы" жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2025, 15:54 2541
Тоқаев қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановты марапаттады
Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа "Отан" орденін cалтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановтың жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды.
Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі - "Отан" орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2025, 13:41 3421
13 мамырдан бастап "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады
13 мамырдан бастап "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінен.
ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Шу-Бурылбайтал" автомобиль жолының 92,2-268 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлайды.
Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 175,8 шақырым, ІІ-санат, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта бір жолақ.
Балама тегін жол "Шу - Қайнар - Кенен - Қарабастау - Қаншеңгел - Ақсүйек - Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.
Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2025, 13:40 9421
Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады
Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 12 мамыр күні Астанада Халықаралық еріктілер жылына дайындық және өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтті.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.
Аталған жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында министр Аида Балаева еліміздегі волонтерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен отандастарымыздың жетістіктері жөнінде баяндады.
Отырыста тағы бір маңызды жаңалық - Алматы қаласында БҰҰ Еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы субөңірлік кеңсесі ашылатыны жария етілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2025, 09:26 9991
Қазақстанның сағалары мен көлдеріне шамамен 16 млрд текше метр еріген қар суын жіберілді
Былтырғы қазан айынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі су аз болған кезеңдерде толтырылмаған сағалар мен көлдерге 15,7 млрд текше метр еріген қар суын жіберді. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысына қатысып, еліміздегі суару кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәселен, Ұлытау облысындағы Кенгір су қоймасынан және Қарағанды облысындағы Жезді су қоймасынан 331 млн текше метр су жіберіліп, Қызылорда облысындағы Телікөл көлдер жүйесіне бағытталды.
Вегетациялық кезеңде Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан 1,5 млрд текше метр су жіберілді. Бұл су Түркістан облысы Созақ ауданы аумағына дейін өтіп, соңғы 10 жылда байқалмаған 100 шақырым аумаққа жеткен.
Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау үшін Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмыстар Ертіс өзенінің жайылмасындағы флора мен фаунаның биологиялық өнімділігі мен тіршілік ету ортасын сақтауға бағытталған.
2025 жылдың басынан бүгінге дейін Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Бір жыл ішінде Балқаш көлінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге көтеріліп, 12 сантиметрге өсті. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге артты.
Қазіргі уақытта Алматы және Жетісу облыстарындағы су қоймалары 99%-ға толды. Бұл былтырғы деңгеймен шамалас. Жамбыл облысындағы су қоймалары 90,3%-ға толды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 43 млн текше метрге артық.
Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 35-отырысында Су ресурстары және ирригация министрлігі қырғызстандық әріптестерімен елімізге жеткізілетін судың көлемі жөнінде келісімге келгенін айта кетейік. Суару маусымында Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су, Талас өзені арқылы 400 млн текше метр су келеді деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің су саласындағы мекемелерімен келісімге келді. Нәтижесінде суару маусымында Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су бағытталатын болды.
Вегетациялық кезеңде Шардара су қоймасына Сырдария арқылы 12,6 млрд текше метр су келіп түсті. Бұл бастапқы болжамнан 1,7 млрд текше метрге артық.
Жақын арада Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы мекемелері "Бахри Точик" су қоймасынан биылғы маусымнан тамыз айына дейінгі кезеңде суды бөлу мәселесін талқылайды. Вегетациялық кезеңнің шарықтау шегінде Қазақстанға 491 млн текше метр су жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Суару маусымының тұрақты өтуі үшін министрлік 627 км ирригациялық каналды механикалық жолмен тазартып, 488 гидротехникалық нысанды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы 517 гидротехникалық құрылымды жөндеп, 2000 км-ден астам каналды тазарту жоспарланған. Былтыр 1147,7 км канал тазартылған болатын.
Бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында министрлік "Қазсушар" филиалдары үшін 757 арнайы техника сатып алуды бастады. Қазіргі таңда 303 техника жеткізіліп, олар каналдарды механикалалық жолмен тазарту және гидротехникалық нысандарды жөндеу жұмыстарына белсенді қолданылып жатыр.
Жыл сайын суаруға пайдаланылатын 12 млрд текше метр судың 98%-ын еліміздің бес оңтүстік өңірі - Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстары тұтынады. Су шығынын азайту үшін біз су үнемдейтін технологияларды енгізуді ынталандыратын шаралар қабылдадық. Атап айтқанда, мұндай технологияларды орнатуға берілетін субсидиялар және оларды қолданатын шаруаларға суға берілетін субсидиялар қарастырылған. Сонымен қатар өсірілетін дақыл түріне және олардың суды қаншалықты тұтынатынына қарай суармалы суға сараланған тариф енгізу мәселесі қаралып жатыр",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 17:03 28356
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады
Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің үшжақты жұмыс кездесуі өтті, онда жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және Оазис (Тәжікстан) және Сарыағаш (Өзбекстан) мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі (МАТП) процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Іс - шараға "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Ербол Түсіпов, "Узбекистан темир йуллари" АҚ тасымалдауды ұйымдастыру департаментінің бастығы Абдували Кодиров және "Рохи охани Точикистон" МУК тасымалдау қызметінің бастығы Раджабмурад Одинаев бастаған делегациялар қатысты.
Тараптар 2024 жылғы тасымалдау қызметінің оң нәтижелерін атап өтті, атап айтқанда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 11,5 млн тоннаны құрады.
Сарыағаш МАТП арқылы пойыздардың орташа тәуліктік берілуі 2025 жылдың алғашқы төрт айында 26 құрамды құрады. Сондай-ақ, ҚХР-Орталық Азия бағытындағы контейнерлік тасымалдар үлесінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104% ұлғаюы байқалды, бұл 144 контейнерлік пойызға тең.
Кеңесте жүктерді уақтылы қабылдау мен әкетуді қамтамасыз ету, контейнерлік тасымалдар үлесін ұлғайту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Келіссөздер достық рәуіште және сындарлы жағдайда өтті, кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 11:06 35111
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары су астында қалды. Сондай-ақ су жіберу Ертіс өзенінің арнасын тазалауға да бағытталған.
Қазір Павлодар облысындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілгені және Ертіс өзенінің жайылымды аумақтарын су басқаны байқалып отыр. Сондай-ақ Павлодар облысында Шідерті өзенінің жайылымына да табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда К. Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн текше метрден астам су бағытталды.
Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аумағындағы флора мен фаунаны сақтауға, сондай-ақ Әулиекөл көлдер жүйесі, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға жалпы көлемі 120 млн текше метр су бағыттау жоспарланып отыр.
Бүгінде Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы 9 мың гектардан астам көлтабандар суға толды. Жалпы алғанда 21 мың гектардан астам алқапқа су жіберу жоспарланған. Табиғатты қорғау жұмыстары басталғаннан бері Шығанақ көліне 10 млн текше метр су келді.
Табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін су тек қоршаған ортаны және өңірдің табиғи байлығын сақтауға көмектесіп қана қоймайды. Бұл ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының және жалпы Павлодар облысы экономикасының дамуына ықпал етеді. Ал бұл жергілікті халықтың тұрмысына оң әсерін тигізеді",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.05.2025, 09:26Қазақстанның сағалары мен көлдеріне шамамен 16 млрд текше метр еріген қар суын жіберілді 13.05.2025, 13:40 8471Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады13.05.2025, 10:29 5231Жетісу облысында киік мүйіздерінің заңсыз саудасы тоқтатылды13.05.2025, 10:36 4951Ақтау қаласында бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты13.05.2025, 13:37 4696"Астана LRT"-ның бұрынңы басшысы Түркияда ұсталды
08.05.2025, 14:24 144871Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 14:09 141916Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 18:58 135536"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 17:45 134871Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады08.05.2025, 18:01 134706Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
18.04.2025, 07:08 1663562025 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында "Almaty Theatre" концерт залында "Көкіл" мектебінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті18.04.2025, 12:56 163956Алматыда "Ялян", "Алатау", "Сәлем" және "Байсат" базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды17.04.2025, 13:37 152301Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі08.05.2025, 14:24 144871Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 14:09 141916Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады