31.08.2022, 17:09 11206

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды
Сурет: ОКҚ
АҚТӨБЕ. 31 ТАМЫЗ - Ералы Тоғжанов өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
 

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Е. Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы А. Шахаровты таңдады", - деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

 
Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
 
1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.
 
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.
 
1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.
 
2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
 
2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.
 
2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
 
2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.
 
2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
 
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны