29.04.2025, 12:09 37351
Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр
Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының халықаралық әуе хабтарын дамыту және ішкі әуежайлар арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Гонконг халықаралық әуежайында болды.
Гонконг халықаралық әуежайы 14 жыл қатарынан жүк көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. 2024 жылы әуежайдың жүк айналымы 4,9 млн тоннаны құрады.
Сапар барысында Гонконг көлік-логистикалық бюросы директорының орынбасары Келвин Мамен және Гонконг әуежайының бас директоры Вивьен Ченгпен, сондай-ақ аймақтың жетекші әуе компаниялары қатарына жататын Hong Kong Airlines, Cathay Pacific және Hong Kong Air Cargo басшыларымен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында Гонконг әуе компанияларының 5-ші әуе еркіндігін пайдалана отырып, Алматы мен Астанаға жолаушылар рейсін ашу және Қазақстан мен Гонконг арасындағы жүк әуе тасымалдарын арттыру жоспарлары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.06.2025, 14:31 251
Мемлекеттік қызметкерлер инвестициялық жобаларға қатысты заң бұзушылықтарға жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды
Бас прокуратураның ұсынуы бойынша 500-ден астам инвестициялық жоба инвесторлар тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып сүйемелдейді.
Осы жұмыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттың шынайы көрсетілмеуіне байланысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Яғни бірқатар өңірлерде (жалпыұлттық пулға 150 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалар енгізіледі, қалғандары өңірлік пулдарға кіреді) жалпыұлттық және өңірлік пулдарда өзектілігін жоғалтқан инвестициялық жобалар тіркелген.
Абай және Ақмола облыстарында бекітілген өңірлік инвестициялық жобалардың пулдары мүлде болмаған.
Бас прокуратураның ұсынысы бойынша бұл кемшіліктер жойылды.
Инвесторлар тізіліміне 7 трлн теңгеге 250 инвестициялық жоба енгізілді, өңірлік пулға қосымша 290 жоба енгізілді.
Сонымен қатар 136 өзектілігін жоғалтқан жоба тізілімнен алынып тасталды.
Жол берілген заңбұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2025, 11:19 3401
ҚР Үкіметінде егіс науқанын қорытындыланды
Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында - егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын. Жаңа тәртіп шаруаларға қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік қолдау шараларының, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының арқасында көктемгі егіс жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сәйкес атқарылды. Бұл тәсіл негізгі дала жұмыстарын уақытынан бұрын орындауға, стратегиялық маңызы жоғары дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға және материалдық-техникалық базаны тиімді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Осылайша, ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамытуға және мол өнім алуға берік негіз қаланды.
Аталған шолу материалында дала жұмыстарының жүргізілу қарқыны, пайдаланылған егіс алқаптарының көлемі, негізгі астық егетін өңірлердегі серпін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінің материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуінің негізгі көрсеткіштері бойынша өзекті ақпарат ұсынылған.
2025 жылғы көктемгі егіс науқаны елімізде жер өңдеу тәсілдерінің өзгеруі жағдайында өтті. Негізгі назар ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мен монодақылдарға тәуелділікті азайтуға аударылды. 6 маусымдағы мәліметке сәйкес, 23,7 млн гектар немесе жоспарланған көлемнің 100%-ы егілді.
Егіс алқаптарын неғұрлым тиімді әрі тұрақты дақылдарға қайта бөлуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығын климаттық тәуекелдерге бейімдеуге ғана емес, сондай-ақ ғылыми негізделген ауыспалы егіс нормаларына сүйене отырып, нарықтық үрдістерді ескеруге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, сұранысқа ие дақылдар алқаптары ұлғайды:
майлы дақылдар - 3,4 млн гектар (өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға артық);
мал азығы дақылдары - 3,3 млн гектар (плюс 114 мың гектар);
дәндік жүгері - 167,5 мың гектар;
көкөніс-бақша дақылдары - 222,3 мың гектар.
Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша да оң динамика байқалды: картоп алқаптары 83,4 мың гектарды құрады - бұл өткен маусыммен салыстырғанда 11,3 мың гектарға артық.
Сонымен қатар ресурсты көп қажет ететін әрі баға құбылуына сезімтал дақылдардың - бидай, күріш және мақтаның - егіс көлемі қысқарып келеді. Мәселен, бидай алқабы 13 млн гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 187 мың гектарға азайды.
Осылайша, егіс көлемін әртараптандыру стратегиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін дамытуға серпін беріп отыр.
Тұқым қоры бойынша айтқанда, 2025 жылғы егіс науқанына республика бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалды. Бұл егіншілердің егіс науқанына уақтылы және ресурс тапшылығынсыз шығуына мүмкіндік берді.
Бүгінде елімізде сапалы тұқым өндіру және өткізу саласында маманданған 246 субъект аттестатталған. Олардың ішінде 28 шаруашылық - түпнұсқа тұқым, 82-сі - элиталық тұқым, ал 136-сі - І, ІІ және ІІІ репродукциялы тұқым өндірумен айналысады. Бұған қосымша, 129 ұйымға импорттық тұқымдарды өткізуге рұқсат берілген.
Сапалы тұқым материалдарының қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан тұқым сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде қолдау шарасы іске асырылуда. Тұқым шаруашылығының санатына және репродукция деңгейіне қарай, мемлекет тұқым құнының 50%-дан 70%-ға дейінгі бөлігін субсидиялайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 18:21 71126
Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр
Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астананың Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен бірлесіп, елорда аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өз бетінше салыну фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта басқарма мен Нұра ауданының әкімдігі бірлесіп, "Mardan" тұрғын үй кешенінің (құрылысты жүргізуші - "Asyl-Nur Qurylys" ЖШС) құрылысы бойынша заң бұзушылықты анықтады. Тексеру нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмысы Қазақстан Республикасының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына сәйкес қажетті рұқсат құжаттарынсыз басталғаны белгілі болды.
Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда бұл талап орындалмағандықтан, сот құрылыс салушыны өз бетінше салынған нысанды бұзуға міндеттеді. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау аясында Астана қаласы әділет департаменті нысанды мәжбүрлеп бұзу жұмысын жүргізіп жатыр.
Осыған дейін осындай жолмен "Inter Stroy Astana" ЖШС салған "QURMANGAZY" тұрғын үй кешені де заңсыз салынғаны үшін бұзылған болатын.
Айта кетейік, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ жасанды интеллект негізіндегі (AI-чат-бот) үлескерлерді қолдау бойынша онлайн-орталықты іске қосты. Чат-бот тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 17:47 72271
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.
Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 17:22 72516
Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында сатып алу платформасы іске қосылды
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жаңғыртылған Tizilim ақпараттық жүйесі іске қосылады. Аталмыш жүйе жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық сатып алуларды жүргізуге арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Tizilim мемлекеттік техникалық сынақтардан өтіп, өндірістік пайдалануға енгізудің соңғы кезеңінде тұр. Сонымен қатар, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен белсенді түрде тестілеу жүргізілуде.
Платформаның жаңартылған нұсқасымен және бизнес-процестермен танысу, сондай-ақ пайдаланушылардың пікірлерін жинау мақсатында келесі сілтеме арқылы тестілеуге қатысуға шақырамыз: https://tz.qazindustry.gov.kz/ru/auth/login. Аталмыш стенд тестілік режимде жұмыс істейтінін және барлық әрекеттер тек демонстрациялық мақсатта жүргізілетініне назарларыңызды аударамыз.
Сондай-ақ, барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен жеткізушілерді https://tizilim.gov.kz/auth/login сілтемесі арқылы Tzilim жүйесіне тіркелуді сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша 1465 нөмірі арқылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 10:29 77221
Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерін бақылауды күшейтеді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы жылдың басынан бері Жамбыл облысында медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған медициналық ұйымдарда екі адам қайтыс болғанын естеріңізге сала кетейік.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы мекемелерді тексеру кезінде елеулі бұзушылықтарды, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін лицензиялар мен шарттардың жоқтығын, дәрі-дәрмектерді сақтау қағидаларын сақтамауды анықтады.
Өңірде қоғамдық мониторингтік топтар құрылды. Жүргізілген тексерулерден кейін олар медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзатын 133 емшара кабинетін анықтады.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 емшара кабинетіне жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 51 кабинет өз еркімен жұмысын тоқтатты, 68 мекемеде тексерулер жалғасуда", - деп хабарлады МФБК Жамбыл облысы бойынша департаментінде.
Осыған ұқсас жұмыс Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады.
Жоспардан тыс тексерулер азаматтардың ресми өтініштері, әкімдіктердің, Денсаулық сақтау басқармаларының, құқық қорғау органдарының тапсырмаларының негізінде ғана жүргізілуі мүмкін екенін айта кеткен жөн.
Денсаулық сақтау министрлігі тек лицензияланған медициналық ұйымдарға жүгінуді, персоналдың біліктілігіне және медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуына қызығушылық танытуды, дәрігерлік бақылаусыз үйде емшаралар жүргізбеуді ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 15:26 88046
Қазақстан мал шаруашылығында толық өндірістік тізбек қалыптастыруда
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығын кешенді дамытуға арналған кеңес өтті. Жиында жеңілдікпен қаржыландыру, импортты алмастыру және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, етті мал шаруашылығында асыл тұқымды түрлендіруді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жаңа жеңілдетілген несиелік өнімі әзірленді. Бұл фермерлерге өнімділікті, ет сапасын және төл алу көрсеткішін арттыру үшін аса маңызды асыл тұқымды аналық мал сатып алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осыған ұқсас шарттармен ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарына айналым қаражатын толықтыру үшін несиелік өнім ұсынылды. Негізгі талаптардың бірі - ірі қара малдың кемінде 70%-ын отандық ет комбинаттарына өткізу және өңдеуші кәсіпорындардың терең өңдеу желісі болуы.
Әкімдіктер, "Атамекен" ҰКП және ветеринариялық қызметпен бірлесіп, жүргізілген комиссиялық тексерудің нәтижесінде, 128 бордақылау алаңының ішінен 28-і (жалпы сыйымдылығы 148 мың бастан аса), ал, 36 ет комбинатының ішінен 24-і талаптарға сай деп танылды.
Осылайша, шаруашылықтан бастап, бордақылау алаңдарына, одан әрі ет комбинаттары мен экспорттық нарықтарға дейінгі өндірістік тізбек қалыптасуда. Әрбір кезеңде айналым қаражатының қолжетімді болуы жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді", - деді Аманғали Бердалин.
2025 жылға аустралиялық тәжірибені етті мал шаруашылығына енгізудің басым 10 жобасы айқындалды. Жобалардың жалпы құны - 27,4 млрд теңге. Алдын ала есептеу бойынша, бұл жобалар 50 мың тоннаға дейін ет экспорттап, 500 млрд теңге көлемінде табыс әкелмек.
Сүт бағытын дамыту - басым бағыттардың бірі. 2023 жылы 69 тауарлы сүт фермасын салуға 100 млрд теңге бөлінді. Олардың күтілетін өндірістік көлемі - 423,7 мың тонна сүт. Қазіргі таңда 39 ферма пайдалануға берілді, қалған 30-ы жыл соңына дейін аяқталады.
Елімізде мал ауруларының алдын алу шаралары нәтижесінде, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда эпизоотиялық жағдайлар (бруцеллез, құтыру, қарасан, күйдіргі бойынша) 68,1%-ға төмендеді. Жалпы соңғы үш жылда мал аурулары 49,1%-ға азайды.
Ветеринариялық жұмыстың тиімділігі қазақстандық өнімнің экспортына бірқатар шектеуді жоюға мүмкіндік берді:
Қытай - құс тұмауы мен аусыл бойынша тыйымды алып тастады;
Ресей - оңтүстік-шығыс аймақ бойынша аусылға байланысты шектеуді жойды;
ЕО - 1,5 жылдық келіссөздерден кейін бал экспортына рұқсат берді;
Иранға тері, Грузияға тірі ІҚМ және ҰҚМ экспорты ашылды, Қытаймен құс еті бойынша хаттамаға қол қойылды.
Мамыр айында Қазақстан ветеринариялық сертификаттарға қол қойды:
Грузиямен - сойылған ІҚМ және ҰҚМ бойынша;
Иранмен - тұяқты жануарлардың жүні бойынша.
2026 жылы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы тарапынан Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймақтарын аусылдан таза аймақ ретінде мойындау мақсатында аудит күтілуде. Осыған байланысты барлық өңір әкімдіктері ветеринариялық нысандардың материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттарға сай деңгейге жеткізуі қажет", - деп атап өтті Бердалин.
Экспорт географиясын кеңейту жұмыстары жалғасуда - Қытаймен (ІҚМ терісі бойынша), Түркиямен (ет бойынша), Ауғанстан және Пәкістанмен (ет және сүт өнімдері бойынша) келіссөздер жүргізілуде.
Серік Жұманғарин жеңілдетілген несиеге үміткер барлық жобаны белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мұқият талдауды тапсырды. Сонымен қатар шұжық өнімдері, ірімшіктер, қышқыл сүт өнімдері сияқты импортқа тәуелді тауарларға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 14:05 98031
Мемлекеттік рәміздер - Қазақстан Тәуелсіздігінің атрибуттары - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ұлт рәміздері - Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран - мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз "Туыңды тік ұста!" деп өсиет қалдырды. Осы аманатқа адал болу - баршаға ортақ парыз. Бүгінде көк байрағымыз қастерлі Отанымыз - Қазақстанның бейбіт аспанында желбіреп тұр. Оны кейінгі ұрпаққа табыстау - қасиетті борыш", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір көк Туымыздың беделін бүкіл әлем мойындайды. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны альпинистеріміз жер шарындағы ең биік шыңдарға көтерді. Спортшыларымыз талай мәрте жеңіс тұғырына шығарды.
Биыл жауынгерлеріміз бітімгерлік миссиясын көк байрақтың астында тұңғыш рет дербес орындап келді. Азаматтарымыздың, мемлекетіміздің осындай жетістіктері Қазақстанның қуатты әрі жасампаз ел екенін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы. Елтаңбамыз, көк Туымыз бен Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады.
Бұл - нағыз отаншылдық белгісі. Ұлт нышандары - халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, жарқын болашағымыздың кепілі", - деді Мемлекет басшысы.
Президент биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі - Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салды.
Негізгі заң біздің қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттардан тұрады. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрқайсысымыз үлес қосып келеміз. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді. Қазақта "Туы бірдің - түбі бір, жолы бірдің - жүгі бір" деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да - ортақ. Бұл - Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру. Осы береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Содан кейін Президент оқуын үздік бітірген курсанттарға ту түбінде шен тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын айта келіп, жас сарбаздарға сөз арнады.
Көк байрақ жауынгерлерге айрықша күш-жігер береді, отаншылдық рухын көтереді. Осындай сәттерде әр азамат туған елге қызмет ету перзенттік парызы екенін терең ұғынады. "Тұлпар мініп, ту алған" жаужүрек батырлардың ұрпағы екенін сезінеді. Отан күзетінде тұрған ұландарымызды баһадүр бабалардың бүгінгі ізбасары деуге болады. Қастерлі Туымызды әрдайым тік ұстаңыздар! Мен бұған кәміл сенемін!
Байрағымыз биікте желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты рәсімде Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Республикасы Президентінің - Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.
Іс-шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.
Ту көтеру рәсіміне мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.06.2025, 11:19ҚР Үкіметінде егіс науқанын қорытындыланды 09.06.2025, 10:44 2641Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан топ құрықталды09.06.2025, 11:04 2391Абай облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
03.06.2025, 14:47 129026Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды04.06.2025, 09:32 98596Қазақстанға Чехия мен Венгриядан Пржевальский жылқылары келді03.06.2025, 14:29 97546Адал кәсіп автоматты түрде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі04.06.2025, 14:05 97281Мемлекеттік рәміздер - Қазақстан Тәуелсіздігінің атрибуттары - Тоқаев03.06.2025, 14:34 90856Zhetysu жаңа контейнерлік терминалы алғашқы контейнерлік пойызды қабылдайды
03.06.2025, 14:47 129026Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 13:56 122911Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 121456Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 119856Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 118976Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары