
Сурет: Ақорда
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп
хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен. Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы - азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін",- деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Конституцияда денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтіп, алғаш рет ұлт денсаулығы осындай жоғары деңгейде басымдылықпен бекітілді. Бұл азаматтардың өмірі мен әл-ауқатын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында Президент медицина қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы мен қоғамдық маңызы бар шараларға ат салысқаны үшін алғыс білдіріп, елдің дамуы мен қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлестерін жоғары бағалады.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.