11.04.2025, 10:56 80186

ІІМ "Жасөспірім" профилактикалық іс-шарасын бастады

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды "құқық бұзушылықтың алдын алу жылы" деп жариялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру үшін 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республика аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның негізгі мақсаты - жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету.


Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, қадағалау органдары, жұртшылық өкілдері, ішкі істер органдарының жеке құрамы тартылды.

Жұмыстың негізгі бағыты - алкогольді ішімдіктер ішетін, түнгі ойын-сауық орындарына баратын, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде жүретін кәмелетке толмағандарды, балаларға алкоголь және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді және өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көріністердің, бопсалаудың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау, оқушылармен олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру үшін дәрістер өткізу.

Сіздерден балалардың құқықтарын бұзу фактілері туралы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны