21.04.2025, 12:14 70251
Әкімдердің орынбасарлары жылыту маусымындағы ақаулар үшін жазаланады
Жылумен жабдықтау саласын мемлекеттік реттеу және бақылау жүйесіне кешенді өзгерістер енгізілді. Үкімет салаға жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Өзгерістер апаттық жағдайлар тәуекелін арттырып, жылу-энергетикалық кешеннің дамуын тежейтін ескі проблемаларды жоюға бағытталған.
Сонымен жылу желілері мен орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қатысты бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне беріліп, оның функциялары күшейе түсті.
Жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін әкімшілік жауаптылық күшейтілді:
- жөндеу жұмыстарын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
- қысқы кезеңде отынның нормативтік қорын сақтамағаны үшін 1 000 АЕК;
- дайындық паспортын уақтылы алмағаны үшін 300 АЕК-тен 1 500 АЕК-ке дейін ұлғаяды.
Бұл құжаттың мәртебесін және жалпы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындықты айтарлықтай арттырады.
Жылыту кезеңінің тұрақты өтуі үшін жауаптылық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына (саяси мемлекеттік қызметшілер) жүктелген.
Сонымен қатар салаға қатысушыларды, оның ішінде жылу энергетикасының негізгі объектілерін пайдалану және оның техникалық жай-күйін мониторингтеу мен бақылаудың жаңа құралдары енгізілді.
Қабылданған шаралар жылу-энергетикалық кешеніндегі авариялық жағдайлардың ықтималдығын азайтуға, азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ саланың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.06.2025, 14:47 26301
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.
Светлана Жақыпова биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілгенін жеткізді. Олардың ішінде 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған. Жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
Президентке еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек құқығын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді, ал өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды. Бұдан бөлек, кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр.
Светлана Жақыпова Жобалардың инновациялық навигаторын енгізу жөнінде айтты. Бұл мемлекеттік инвестицияның тиімділігін арттыру және жұмыс орындарын сапалы түрде жоспарлау үшін әзірленді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік қолдау көрсету үдерісін цифрландыру жұмыстары таныстырылды. Атап айтқанда, министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал отбасыны бағалауға арналған скорингті моделді қолдану тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жобаны енгізу қаражатты шын мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлуге және қолдау шараларының нақты иесіне жетуіне мүмкіндік береді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіруге, атаулы көмектің тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2025, 14:29 26756
Адал кәсіп автоматты түрде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап адал кәсіп автоматты түрде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімінің жасалуына назар аударды. База мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде құрылады.
Премьер-министр отандық адал өндірушілер тізілімге автоматты түрде қосылатынын атап өтті. Өз кезегінде "жалған өндірушілер" бұл тізілімге ене алмайды.
Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі. Осыны баса айтқым келеді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2025, 10:10 27061
Қазақстан Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралу ошақтарын анықтау мақсатында бірлескен тексерулерді бастады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастады. Бұған дейін Өзбекстанмен шекарада осыған ұқсас шаралар жүргізілген болатын. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық штаб отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.
Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда мароккалық және басқа да топтасатын шегіртке ошақтары анықталмаған.
Бүгін қырғыз тарапымен шекарадағы қазақстандық учаскелерінде бірлескен тексеруді бастадық. Шегіртке зиянкестерінің негізгі ошақтары Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Алайда, қазіргі уақытта жәндіктердің Қазақстан бағытында таралу қаупі тіркелмеген", - деді Ермек Кенжеханұлы.
Сонымен қатар Ресей Федерациясымен шекарада да тексерулер жалғасуда. Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекаралас учаскелер тексерілді - шегіртке зиянкестерінің таралу жағдайлары анықталмады. Алдағы күндері, маусымның бірінші және екінші онкүндігінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында осыған ұқсас шараларды өткізу жоспарлануда.
Қытайдың шекаралас аймақтарына келетін болсақ, қазіргі уақытта шегірткенің таралуы туралы ресми расталған жағдайлар тіркелмеген.
2 маусымдағы жағдай бойынша 6,1 млн гектар аумақ тексерілді, бұл жоспарланған көлемнің 35,6%-ын құрайды. Химиялық өңдеуге 1 млн га аса аумақ жатады, оның 971,5 мың га өңделді, бұл болжанған 2,1 млн гектардың 46,3%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары 15 облыста жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында шаралар зиянкестердің алғашқы ошақтары пайда болған кезде басталады. Барлығы 443 бүріккіш техника бірлігі жұмылдырылған, аймақтар қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.
Штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин негізгі қорғаныс шаралары іс жүзінде аяқталған аймақтардан техниканы шегірткенің таралу ықтималдығы жоғары Ақтөбе және Қостанай облыстарына жедел түрде ауыстыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2025, 10:03 27431
Қостанай облысында су құбыры желілерін салуға 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа Қордан 1,4 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінді. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, 2025 жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-дан 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда орталықтандырылған суға қолжетімділік Қостанай қаласында 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 90,3%-ды құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2025, 09:54 27676
Соңғы 10 жылда алғаш рет Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлі толтырылды
Судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында Талас өзеніндегі "Ойық" гидроторабы арқылы жүргізілген экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы "Қазсушар" филиалы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізе алды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді. Бастапқыда осы мақсатқа "Ойық" гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған еді. Алайда сәуір айының ортасына қарай экологиялық мақсатта су жіберудің жалпы көлемі 315 млн текше метрге жетті.
30 мамыр күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысындағы "Қазсушар" филиалының мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, Талас өзені арқылы жіберілген судың Сарысу және Талас аудандарына жеткеніне көз жеткізді.
Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс білдіріп жатыр.
Биыл алдыңғы жылдарға қарағанда су қарқынды келді. Су негізгі арнамен өтіп, жайылымды жерлерге жайылды. "Қазсушарға" ризамыз, соның жұмысының нәтижесінде су жақсы келді. Осындай көлемде су жыл сайын келіп тұрады деп үміттенеміз", - дейді Шағалалы елді мекенінің тұрғыны Оңлыәшім Дүйсенбеков.
Су биыл ерте келді. Наурыздың басында басталып, мамырдың соңына дейін жетті. "Қазсушарға" алғыс айтамыз. Егістікте шөп жақсы өсіп жатыр, су мол. Қазір мал жайып, жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Игілік ауылының тұрғыны Аралбай Жанбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2025, 18:15 43361
Серік Төленбергенов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
Серік Төленбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды" деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2025, 16:14 44536
ҰҚК Шекара қызметі мамыр айында 4 мыңға жуық қылмыскерді ұстады
ҰҚК Шекара қызметі мамыр айында 4 мыңға жуық қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 3 963 ҚР заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:
- 30 шетел азаматы - шекараны бұзғаны;
- 26 шетел азаматының - шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 443 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, оның ішінде:
- жалпы салмағы 5 кг астам - есірткі заты, соның ішінде жалпы салмағы 200 кг-дан асатын прекурсорлар;
- 62 факті - қару-жарақ пен оқ-дәрілер (1 дана атуға жарамсыз, 3 дана ату, 1 дана травматикалық, 464 дана суық қару, 93 дана оқ-дәрі, 23 дана электрошокер);
- 26 факті - діни әдебиет (135 дана);
- 373 факті - жалпы сомасы 27 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (50 000 литрден асады);
- 837 факті - жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 133 факті - жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 32 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:
- 21 дана - жүзу құралдары;
- 40 км-дан астам - торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 140 дана (770 кг) - бекіре тұқымдас балықтар;
алдын алынған залал сомасы шамамен 320 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2025, 10:47 46201
Байқоңыр ғарыш айлағы өзінің 70 жылдығын атап өтуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құрметті достар! Қадірлі ғарыш саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Баршаңызды "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын!
1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты. Содан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды. Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін!
Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы арадан космосқа аттанды.
Еліміз халықаралық ғарышты игеру ісінің белсенді мүшесі саналады. "Байқоңыр" айлағы - Қазақстан мен Ресейдің достыққа, тату көршілікке және өзара түсіністікке негізделген ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігінің жарқын көрінісі.
Соңғы онжылдықтарда Қазақстан ұлттық экономиканың дамуына ықпал ететін бірқатар ауқымды ғарыш жобаларын іске асырды. Еліміз Байқоңырды халықаралық ынтымақтастықтың, ғылым мен білімнің және туризмнің орталығына айналдыруға ұмтылады. Ғарыш қызметінің жаңа нарықтарына шығу, жас инженерлердің, конструкторлар мен ғалымдардың әлеуетін арттыру жарқын болашаққа жол ашады.
Осы орайлы сәтті пайдаланып, Байқоңыр қаласының тұрғындарына айрықша алғыс айтқым келеді. Сіздер табанды еңбек етіп, ғарышты зерттеу ісінің ізашарларынан қалған мол мұраны мұқият сақтап келесіздер. Бұл - зор құрметке лайық. Ғарыш саласы бүкіл адамзатты әрдайым ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаңашылдық пен ғылыми-техникалық прогреске бастайды. Байқоңыр алдағы уақытта да ұлы жаңалықтар мен озық инновациялардың қайнар көзі бола береді деп сенемін!
Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!" деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.05.2025, 14:34Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр 28.05.2025, 17:30 106006Жергілікті полиция қызметі таратылады29.05.2025, 14:28 105926Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты29.05.2025, 14:22 98601Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді29.05.2025, 13:19 91591Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек
08.05.2025, 14:24 150781Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 149256"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті06.05.2025, 15:47 148876Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді?06.05.2025, 18:37 148646Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады08.05.2025, 14:09 147441Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады