04.10.2024, 11:05 60486
Қазақстанда Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды
Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды.
Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада Премьер-Министрдің өкімімен Жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре - бүгін", - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.
Шетелдік инвесторлардың негізгі тілектерінің бірі - "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету, инвестициялық цикл бойы қолдау және сервистік қызмет көрсету. Алматы облысының әкімдігі мен СІМ Инвестиция комитеті Алатауда осыған сай экожүйе құруы қажет", - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Облыс әкімдігі резервтегі (өнеркәсіптік) "Арна" аймағында негізгі жобаларды анықтады. Қазірдің өзінде Алатауда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, Dolce-Group, Hyundai Green Food және TBEA сияқты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Жақын "Alatau" АЭА-ның алғашқы қатысушыларын тіркеу күтілуде. Алматы облысы делегациясының Қытайға, оның ішінде Шэньчжэньге әлеуетті инвесторлармен кездесу үшін сапары жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.07.2025, 19:14 92731
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Домбыра - ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ - нағыз қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл - өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау - нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік - мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.
Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 19:03 93011
Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді
Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Автомобиль жолдары туралы" заңға өзгеріс енгізілді. Негізгі өзгерістердің бірі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, құжат жол құрылысына арналған материалдар мен жаңа технологиялардың https://rcmbase.qazjolgzi.kz бірыңғай базасының қызметін заңнамалық деңгейде бекітеді.
Цифрлық платформа жолдарды салу және жөндеу үшін қажет барлық ақпарат пен материалдардан құралды. Базада сынақтан өткен, сапасы мен қолдану саласы құжаттармен расталған жаңа материалдар мен технологиялар туралы деректер, карьерлер, асфальтбетон зауыттары, жол-құрылыс техникасы, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары жөніндегі мәліметтер қамтылған. Платформа ірі компанияларға да, шағын және орта бизнес өкілдеріне де қолжетімді.
Бұл базаның басты артықшылығы - ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігінде. Бұл жол жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды жеңілдетіп, олардың орындалу мерзімін қысқартады әрі сапасыз құрылыс тәуекелдерін азайтады.
Сонымен қатар, заңда жол саласы мамандарының біліктілігін міндетті түрде арттыру талаптары енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстандағы жол саласы қызметкерлері міндетті түрде біліктілігін арттырып отырады. Бұл мамандардың білім мен дағдыларын заманауи стандарттарға сәйкестендіріп, жалпы кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл тетіктерді енгізу саланың дамуына оң әсер етеді, озық технологияларды енгізуге жол ашады, сондай-ақ автомобиль жолдарын жобалау, салу және күтіп-ұстау сапасын жақсартады.
Жол саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын "ҚазжолҒЗИ" АҚ әзірлеп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 18:46 93341
Қазақстанның батысында ақбөкендерді ату басталды
Бүгін, 3 шілдеден бастап, Батыс Қазақстан облысы аумағында киік санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады. Киік популяциясын реттеу - табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылым жерлерге зиян келтірмеу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жұмыстарға 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада жасақталды. Әр бригада 3 техникамен қамтамасыз етілген, жалпы саны 12 техника жұмылдырылған.
2025 жылы жүргізілген авиациялық есеп нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 млн басқа жеткені анықталды. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызына, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеу жүргізуге болады. Яғни бұл - ғылыми-зерттеулер мен табиғи тепе-теңдікті сақтау талаптарына негізделген шектеу.
Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Атап айтқанда, бұл өнімдерді "Кублей" ЖШС, "Жеңіс" ЖК, "Батыс-Нық" ЖШС және "Хаиров" ЖК қабылдайды. Болашақта тағы басқа ет комбинаттарының да бұл іске атсалысуы жоспарланып отыр", - деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.
Мамандардың айтуынша, киік популяциясының бақылаусыз көбеюі ауыл шаруашылығы жерлеріне елеулі зиян келтіріп, экожүйеде теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін. Сондықтан киік санын реттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысына сәйкес, барлық заңнамалық және экологиялық нормаларға сай жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 14:41 94016
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін", - деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 10:01 102926
Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шет елге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған.
оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды.
Қазіргі уақытта қазақстандық аруды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл оқиға адам саудасымен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Лион қаласындағы Интерпол штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар барысында халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ Қазақстан Интерполдың адам саудасына қарсы "Либертерра II" операциясына қосылды.
Аталған операция барысында Лаос еліне жұмысқа тұру мақсатымен барып, бірақ еркінен тыс ұсталған тағы бір қазақстандық қыз құтқарылып, елге қайтарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 18:14 116091
Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 18:11 116336
Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жүргізілуде. Үкімет қаулысымен Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшін резервтен шамамен 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжатқа сәйкес, Үкімет резервінен бөлінген қаражат жедел реконструкциялауды қажет ететін диаметрі 530 мм болатын 6,5 шақырым жылу желілерін жөндеуге бөлінген.
Степногорск қаласының жылу желілерінің ұзындығы 123,8 шақырым. Магистральдық жылу желісі 1968 жылы салынған және тозу деңгейі 84,4%-ды құрайды.
Келешекте "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2025-2026 жылдары 5,8 млрд теңге сомасына ұзындығы 9,5 шақырым, диаметрі 820 мм болатын магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұл жұмыстарды жүргізу алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Степногорск қаласының халық саны шамамен 46 мың адамды құрайды. Қаладағы көп қабатты үйлер саны - 316, әлеуметтік нысандар - 65, басқа тұтынушылар - 342. Барлық тұрғын үйлер мен нысандар орталықтандырылған жылытуды тұтынушылар болып cаналады, жалпы максималды жылу жүктемесі - 175 Гкал.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:43 126106
"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды
СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы болып Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
СҚ-Фармация" ЖШС-не тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын; 2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын; 2006 жылы - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын бітірген. "Провизор", "Заңгер", "Экономист" мамандықтары бойынша.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.
2002 жылдан 2020 жылға дейін - ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
Содан кейін әр жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
СҚ-Фармация" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьюторды құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 11 ақпанда қабылдады. Компанияға тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор функциялары жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.07.2025, 13:43"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды 03.07.2025, 18:11 115451Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді03.07.2025, 18:14 115206Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды04.07.2025, 10:01 102041Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды04.07.2025, 14:41 93131Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
13.06.2025, 15:35 1275762025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 126861Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды03.07.2025, 13:43 125221"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды19.06.2025, 14:54 122226Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды12.06.2025, 19:43 119951Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды