06.07.2022, 15:57 15976
Үкіметте КҚК жұмысының тоқтауына байланысты шығындарды азайту шаралары талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Новороссийск қаласының аудандық соты Каспий құбыр консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін 5 шілдеден 30 тәулікке тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Себебі, Ространснадзор КҚК өндірістік нысандарында экологиялық бұзушылықтарды анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.06.2025, 15:35 3711
2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ:
- жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
- жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
- 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
- 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
- 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:21 4166
Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды
Бұланды аудандық сотының шешімімен мүгедектігі бар адамнан талапкердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде негізсіз байыту сомасы өндірілд, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алайда, сот талқылауы барысында талапкер де, жауапкер де бір-бірін білмейтіндігі, олардың арасында қандай да бір шарттық және өзге де қатынастар жоқ екендігі анықталды.
Сонымен қатар, жауапкер 1-топтағы мүгедек болып табылады, балалар церебральды сал ауруы диагнозы қойылған, денсаулығына байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайды.
Осыған байланысты, Бұланды ауданының прокуроры сот шешіміне апелляциялық өтініш енгізді.
Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.
Осылайша, 1-топтағы мүгедектің материалдық мүдделері қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:16 4421
Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.
Халқымыз "Бірінші байлық - денсаулық" деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы - еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің "екінші ұстазы" - Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу - жүректің ісі. Бұл - екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері - ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. "Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей". Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті.
Мемлекет басшысы елімізде медициналық туризм қарқынды түрде дамып келе жатқанын жеткізді. Жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келеді. Бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасы жоғары екенін көрсетеді.
Бүгінде көптеген ауруханаларымыз халықаралық аккредиттеуден өткен. Нейрохирургия мен Кардиохирургия ұлттық орталықтары әлемдік клиникалар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетеді. Қазақстандық дәрігерлер жүрекке жыл сайын мыңдаған ашық операция жасайды. Емделушілердің қатарында тіпті, жаңа туған нәрестелер де бар. Елімізде органдарды трансплантациялау ісі жоспарлы түрде дамып келеді. Жуырда жүрек ауыстыруға арналған жүзінші ота сәтті өтті. Биыл алғаш рет бір мезетте үш адамға үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салды. Өздеріне сәйкес келетін органдарды алу үшін пациенттер бір-біріне донор болды. Мұндай күрделі операциялар дүние жүзінде алты елде ғана жасалады. Онкологиялық ауруларды емдеуге сәуле терапиясының озық әдістері қолданылып жатыр. Былтырдан бері елімізде мүлде жаңа бағыт - фетальді медицина дами бастады. Яғни, бұл - ана құрсағындағы шаранаға операция жасау деген сөз. Мұндай бірегей медициналық көмек көптеген баланың дүниеге дені сау болып келуіне мүмкіндік сыйлайды. Сирек кездесетін сырқаты бар адамдарды емдеу мен денсаулығын жақсартуға ерекше мән берілуде. Мемлекеттің алдында мұндай науқастарды шетелдік қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді күрделі міндет тұр. Осы орайда менің ұсынысым бойынша құрылған "Қазақстан халқына" қоры үлкен қолдау көрсетіп отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы еліміздің фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға айрықша назар аударатынын айтты.
Ірі халықаралық инвесторларды тарта отырып, стратегиялық сипат алған бұл саланы дамытуға күш салу маңызды. Алдағы уақытта медицина ғылымының әлеуетін толықтай игеру керек. Ол үшін қазірдің өзінде берік негіз бар. Ғалымдарымыз онкология, трансплантология, неонатология, генетика, биомедицина салаларында тың жаңалықтар ашты. Қан ауруларын емдеуге отандық препараттар қолданылып жатыр. Жасанды интеллект сырқаттарды анықтау мен емдеудің көкжиегін кеңейтеді. Аталған перспективті салада айтарлықтай серпіліс жасау қажет. Ядролық медицинаның мүмкіндігін де барынша пайдаланған жөн. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі - елдегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші", - деді Президент.
Президент дәрігерлердің еңбегі қашанда лайықты бағалануы керек екенін айтып, медицина майталмандарын мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.
Жиында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі Құралбай Құрақбаев, еңбек ардагері Жексенбай Нысанов, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС филиалының зертхана меңгерушісі Екатерина Остапчук сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:13 4676
Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
2026 жылдың соңына дейін бүкіл ел бойынша 220-ға жуық автоматтандырылған өлшеу стансаларын (АӨС) орнату жоспарлануда. Республикалық маңызы бар автожолдарда 126 АӨС орнатылады. Бұл стансалар жергілікті тас жолдарда да пайда болады. Орнату жұмыстарымен Көлік министрлігі және өңір әкімдіктері айналысуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
АӨС фото және бейнежазбалар түсіріп, көліктің маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін, салмағы мен габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелері мен жылдамдығын тіркейді.
Көліктің шамадан тыс жүктелуі анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне жіберіледі. Бұл Көлік комитетіне салмақ нормаларының асып кетуіне байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.
Тиісті көлік бақылауды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған өлшеу стансаларының санын едәуір арттыру жоспарлануда. Елордаға кіре берісте 9 жаңа автоматтандырылған станса орнатылған. Еліміз бойынша АӨС-тің жалпы саны 50 бірліктен асады. Көлік бақылау ведомствосы қызметкерлерінің айтуынша, бұл шаралар ауыр жүк көліктерінің жүруін бақылау мәселелерін шешу және көліктік бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жоспарланған.
Сонымен қатар Көлік министрлігі жол жұмыстарының сапасын бақылаудың бес сатылы жүйесін енгізді, бұл мердігерден тапсырыс берушіге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды:
Бірінші кезең - материалдардың сапасына үздіксіз бақылау жүргізетін және атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізетін мердігер ұйымның өзі.
Екінші кезең - күнделікті жедел бақылауды жүзеге асырады және жасырын жұмыстар мен орындалған көлемдерді куәландыратын техникалық қадағалау қызметі.
Үшінші кезең - жобалық шешімдердің сақталуын бақылайтын және қажет болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізетін авторлық қадағалау қызметі.
Төртінші кезең - уәкілетті органнан жұмыстар мен материалдардың сапасын іріктеп бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық сапа орталығы.
Бесінші кезең - жобаны жүзеге асырылуына жалпы бақылауды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, аяқталған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыратын және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын тапсырыс беруші.
Көп деңгейлі тәсіл барлық нормативтік талаптың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге және жол төсемінің беріктігін арттыруға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:01 4956
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35-50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.
Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы - 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында - 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға көтергенін еске сала кетейік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 13:43 5841
Қазақстандық авиакомпаниялар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстарға байланысты әуе бағыттарын өзгертуде
Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.
Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады.
Air Astana жағдайды мұқият бақылайды және кейінгі өзгерістер туралы хабардар етеді.
Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 10:38 6286
Елімізде сегіз сала бойынша мамандар даярлау үшін ЖИ қолданатын кәсіби стандарттар әзірленуде
Елімізде сегіз сала бойынша мамандар даярлау үшін ЖИ қолданатын кәсіби стандарттар әзірленуде, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2025 жылы 3D басып шығару инженері мен роботты бояу жүйелерінің операторын қоса алғанда, сегіз жаңа кәсіпті енгізу жоспарлануда. Пилоттық іске қосу Алматы мен Қостанайда өтеді. Сонымен қатар, машина жасауды қоса алғанда, сегіз саладағы 336 кәсіпті қамтитын жасанды интеллектті пайдалана отырып, 60 кәсіби стандарт әзірленуде.
Сондай-ақ инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыру үшін республикалық бюджеттен 50% және кәсіпорындардың өз қаражатынан 50% қоса қаржыландырумен шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өту бағдарламасы енгізілуде. Бұл озық тәжірибені қабылдауға және оны Қазақстан жағдайына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Өңірлерде мамандарды тарту және ұстап қалу үшін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары әзірленуде. Отбасы банкінің корпоративтік бағдарламасы аясында соңғы екі жылда кәсіпорындардың 122 қызметкері тұрғын үй кілтін алды, бұл әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға және жұмыс орындарының тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Қазақстанның химия өнеркәсібінде білікті кадрлардың тапшылығын жою мақсатында нақты шаралар іске асырылуда. Мысалы, Satbayev University, ҚазҰУ, ҚазҰТУ жоғары оқу орындарында және Тараз химия-технологиялық колледжінде химия саласы үшін мамандар даярлауға бағытталған мемлекеттік білім беру гранттары кеңейтілді. Еліміздің 536 колледжінде өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлесіп дуальды білім беру бағдарламалары енгізілді, олардың шеңберінде студенттер кейіннен жұмысқа орналаса отырып, өндірістік практикадан өтеді.
Сондай-ақ, бірқатар кәсіпорындар мамандарды оқыту шығындарын өз мойнына алады. Зауыттар базасында оқу орталықтары, оның ішінде операторлар мен технологтарды даярлау және қайта даярлау үшін Қазфосфат құрылуда. "Болашақ" бағдарламасы және тікелей халықаралық әріптестік шеңберінде автоматтандыруды, химиялық қауіпсіздікті және экологиялық мониторингті қоса алғанда, саланың жоғары технологиялық бағыттары үшін инженерлік кадрлар даярлау жүзеге асырылады.
Бұл шаралар экономиканың химиялық секторының өсуі мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуге қабілетті саланың тұрақты кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған.
Геолог мамандығын дәріптеу, геологиялық сала үшін болашақ кадрларды қалыптастыру шеңберінде ЖОО түлектерінің ішінде геология саласына қызығушылар санының артуы байқалады. Егер 2022 жылы 1224 маман бітірсе, 2024 жылы тау-кен ісі және геология саласындағы мамандықты 3 мыңнан астам маман бітірді. Сәтбаев техникалық университетінің деректеріне сәйкес, мамандығы бойынша түлектердің 98%-ы жұмысқа орналасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 19:43 28541
Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды
Международная ассоциация клубов" ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды.
Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс.
2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.06.2025, 10:38Елімізде сегіз сала бойынша мамандар даярлау үшін ЖИ қолданатын кәсіби стандарттар әзірленуде 13.06.2025, 13:43 5816Қазақстандық авиакомпаниялар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстарға байланысты әуе бағыттарын өзгертуде13.06.2025, 15:01 4931Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі13.06.2025, 15:13 4651Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады13.06.2025, 15:16 4396Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі
11.06.2025, 13:55 71671Мамыр айында Enbek порталы орта білікті кадрларға жоғары сұранысты сақтап қалды11.06.2025, 13:42 71476Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады11.06.2025, 13:33 71016Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды10.06.2025, 18:52 63601Елімізде барлық республикалық жолдар заманауи жол сервисімен қамтамасыз етілетін болады11.06.2025, 13:16 57676"Қазпоштаны" Бекежан Жақеев басқарады
03.06.2025, 14:47 131101Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 13:56 123606Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 122121Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 120561Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 119861Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары