Қызылордада академик Шахмардан Есеновтыӊ мерейтойы аталып өтілуде
Қызылорда. 23 қазан. Kazakhstan Today - 20-21 қазан күндері Қызылорда облысында мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарыныӊ докторы, ғалым Шахмардан Есеновтыӊ 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.
Облыс орталығында "Қазақстанныӊ кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.
Конференцияға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шахмардан Есеновтыӊ қазақстандық геология-минералогия ғылымына қосқан еӊбегін атап өтті.
"Шахмардан Есенов Ғылым Академиясын басқарып тұрған кезеӊдерде Сыр өӊірініӊ жер асты қазба байлықтарын барлауды қолға алу қажеттігін батыл дәлелдеді. Бүгінде қорғасын мырышты өндірумен айналысатын "Шалқия кенішініӊ", "Құмкөл" мұнай кенішініӊ, Аралдағы өте жоғары сапалы кварц құмы кен орныныӊ ашылуына зор еӊбек сіӊірді. Бұған қоса аймақта алтын мен күміс те бар екендігін алғаш ғылыми дәйектеген де Шахмардан Есенов болды. Міне, қазақтыӊ маӊдайына біткен асыл да, атпал азаматтыӊ бастамасы бүгінде Сыр өӊірінде кеӊінен қанат жаюда. Аймағымыз "Хорасан-2" кенішінде жерасты қазба байлығын өндіруде айтарлықтай табысқа жетіп келеді. Уран өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындардыӊ бірі - "Байкен-U" ЖШС-і кәсіпорнында бүгінде 497 адам жұмыс жасауда. "Шалқия" кенішінде 500-ге жуық адам еӊбек етіп жатыр. Өндіріс орны тоқырап қалған тұста өзге өӊірлерге көшіп кеткен мамандар елге қайта оралуда. Таяу арада кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде мұнда 1540 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады", - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, конференцияға ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг институтыныӊ проректоры Гүлсара Жолдасбаева және еліміздіӊ жетекші жоғары оқу орындарыныӊ ғалымдары, докторанттар мен магистранттар қатысты.
И.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми орталық кітапханасында Шахмардан Есеновтыӊ өмір жолы мен еӊбектеріне арналған "Өнегелі өмір" және "Шахмардан" кітаптарыныӊ тұсаукесері өтті.
21 қыркүйек күні Шиелі ауданында Ш. Есеновтыӊ бюсті мен мұражайыныӊ ашылуы және өзі туып өскен Тартоғай ауылында мәдениет Үйініӊ іргетасы қаланады. Сондай-ақ, қазақша күрестен республикалық турнир, республикалық айтыс, гала-концерт және өзге де мерекелік шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.
Анықтама үшін: Шахмардан Есенов 8 тамыз 1927 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Өзініӊ еӊбек жолын 1949 жылы қатардағы геолог болудан бастаған ол білімділігі мен зеректігі, ұйымдастырушылық қабілетініӊ арқасында 1961-1964 және 1974-1976 жылдары Қазақстанныӊ Геология министрі, Қазақ ССР Министрлер Кеӊесі Төрағасыныӊ орынбасары (1965), ҚазақССР ғылым Академиясыныӊ академигі, геология-минерология ғылымдарыныӊ докторы, Ленин атындағы премияныӊ иегері, Қазақ ССР мемлекеттік премиясыныӊ иегері, Геология ғылыми-зерттеу институтыныӊ директоры, Қазақстан Ғылым академиясыныӊ президенті қызметтерін ұзақ жылдар абыроймен атқарып, елдіӊ алғысына бөленді. Шахмардан Есеновтыӊ есімі қазақстандық атақты ғалымдар Қаныш Сәтпаев және Евней Букетовтыӊ атымен қатар аталады. Жемісті қызметініӊ арқасында Жезқазған, Жаӊаөзен, Каражанбас, Жетібай, Қаламқас, Бозашы және өзге де кен орындарыныӊ табиғи ресурстары (мұнай, газ, мыс т.б.) табылды.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Абай облысында тегін дәрі-дәрмек берудің жаңа жүйесі енгізілуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды
Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 35,3 мың адам оқуды аяқтап сертификаттар алды, оның ішінде 39,8%-ы жастар. Өз бизнесін бастауды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға осы курс бойынша оқу қажетті базалық білім мен дағдыларды алуға көмектеседі.
Күміс жас" жобасы аясында 50 жастан асқан азаматтарға ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша тегін курстар қолжетімді. 2024 жылы Skills Enbek-те жобаның 27 мыңнан астам қатысушысы тіркелді, оның ішінде 23,4 мың адам оқудан өтіп, сертификаттар алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда.
Бір күндік клиникалар" жобасы жүкті әйелдерді пренаталдық диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін және туа біткен ақаулары мен хромосомалық патологиясы бар баланың туу қаупін уақтылы анықтауды, "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтердің жоғары сапасын, 1 күннің ішінде зерттеудің жылдам және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2025, 17:02Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты 06.01.2025, 12:51 79301Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді06.01.2025, 12:49 79116Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды09.01.2025, 16:58 72736Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 723762024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
30.12.2024, 17:17 151886Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146026Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 145751Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145266Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135181Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті