06.05.2024, 17:08 106171

Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді

Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді
Сурет: gov.kz
Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Осының нәтижесінде, алғаш рет Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті, деп хабарлайды Gov.kz.

Кеңгір су қоймасынан 307 млн текше метр су, Жезді су қоймасынан 81 млн текше метр су жіберілді, ал Сарысу өзеніндегі "Қызылжар темір жол станциясы" су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келді.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына жіберілетін болады", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны