15.09.2025, 13:15 81036

"Мәтібұлақ" полигонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті

"Мәтібұлақ" полигонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті
Сурет: gov.kz
Гвардейск гарнизонындағы "Мәтібұлақ" оқу полигонында Т-72 танкі қаруынан жоспарлы штаттық атыстар өтті. Оған 1-ші және 3-ші танк батальондарының әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараның мақсаты - жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру, штаттық қарудан оқ атудағы практикалық дағдыларды пысықтау, сондай-ақ ұрыс жағдайына жақын ортада экипаждардың үйлесімділігін дамыту болды.

Атысқа дайындық барысында әскери қызметшілер қару-жарақтың материалдық бөлігін зерделеп, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар алды. Атыс даярлығы нормативтерін орындады.

Сабақтар барысында экипаждар түрлі қашықтықтардан қозғалыс кезінде нысаналарды жою жаттығуларын орындап, танктерді оқ-дәрілермен жасақтады және қаруды ұрыс жағдайына келтірді.

- Штаттық атыстар - танк бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығының негізгі элементі. Полигонда бәрі көз алдыңда өтеді. Техниканы меңгеру шеберлігі, дәлдік, төзімділік пен батылдық. Әрбір оқ - экипаждың жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығының дәлелі, - деп атап өтті танк бригадасының командирі подполковник Асхат Шайкенов.

Атыс қорытындысы бойынша барлық экипаждар оқу нормативтерін сәтті орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 1-ші танк батальонының жауынгері лейтенант Ернұр Қаналбай басқаратын 3-ші танк ротасы ең үздік деп танылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны