04.06.2024, 17:40 29646

ӨҚМ утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті

ӨҚМ утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті
Сурет: Depositphotos
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.

Министрліктің баспасөз қызметі жұмыс тобының қызметі туралы ресми сайты мен t.me/minpromstroykz телеграм-каналында хабарлайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны