22.12.2021, 18:01 37201

Мәжіліс Қазақстанның Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы келісімін мақұлдады

Шартты ратификациялау мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүддесінде Қазақстан мен Ресейдің әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

НҰР-СҰЛТАН. 22 ЖЕЛТОҚСАН - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста ратификациялық заң жобасын - Қазақстанның Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы шартын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шартты ратификациялау мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүддесінде Қазақстан мен Ресейдің әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған шарттың нормалары мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді қолдануды бірлесіп жоспарлау және өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл бойынша әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың басқа бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.

Шарт жедел және жауынгерлік даярлық, бітімгершілік қызмет, әскери білім және ғылым, әскерлердің қызметі және оларды жан-жақты қамтамасыз ету, екі жақты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мәдениет, спорт сияқты салаларда және әскери ынтымақтастықтың басқа да бағыттарында әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Палата комитеттері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы және инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері туралы заң жобаларын жұмысқа алды.

Отырыс барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны