18.04.2022, 18:01 17791
ҚМА басшысы Тоқаевқа ірі қаржылық ұрлықты тергеу туралы баяндады
Атап айтқанда, 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген", - деп хабарлайды Ақорда.
Жанат Элимановтың айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңге қаржыны жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді.
Агенттік төрағасының айтуынша, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді. "Тариф" жобасы аясында коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің негізсіз өсу деректерін анықтау және монополиялардан арылту жұмыстары жалғасуда.
Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату кезіндегі алып-сату белгілері бойынша Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және электронды сауда алаңдарына қатысты іс тергеп-тексерілуде", - деді Элиманов.
Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған.
Мемлекет басшысы Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Президенттің пікірінше, құқық қорғау және бақылаушы органдар кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел назар аударуға және олардың құқығын шектемеуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.05.2025, 17:30 10996
Жергілікті полиция қызметі таратылады
Жергілікті полиция қызметі таратылады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленген.
Түзетулерге сәйкес "жергілікті полиция қызметі" ұғымы алынып тасталады. Бұған 2016 жылы құрылған Жергілікті полиция қызметі өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдей алмағаны себеп болды. Жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналды, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері болған. Алайда түзету авторларының айтуынша, бұл қызмет өзіне жүктелген негізгі міндеттерді, яғни, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау, құрылыс қалдықтарын шығару сынды екінші кезектегі жұмыстармен айналыса бастаған.
Ішкі істер министрлігі Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасын қайта ұйымдастырып, олардың базасында екі жаңа басқарма құрылады. Олар: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармалары. Әр қызмет өзінің тікелей міндеттерімен айналысады.
Сондай-ақ көлік полициясы бөлімшелерін ретке келтіру мақсатымен "желілік" деген термин "көлікте" деп өзгертіледі. Ал әскери-тергеу органдары ішкі істер органдарының аумақтық құрылымынан алынып тасталады, себебі олар ІІМ құрамындағы дербес бөлімше ретінде бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 16:11 12421
Алматы тағы да әлемдегі ең лас қалалардың қатарына енді
Алматы тағы да ауасы ең лас қалалар тізіміне енді деп хабарлайды energyprom.kz.
IQAir халықаралық компаниясы жасайтын рейтингке әлемнің 125 ірі қаласы енді. Биыл мамыр айының екінші жартысында Қазақстанның Оңтүстік астанасы бұл рейтингте 42-ші орынға тұрақтады. Алматыда ластану деңгейі - орташа, ауа сапасының индексі - 61.
Өткен жылғы деректерді талдасақ, мамыр айы бұл көрсеткіштер бойынша ең нашар ай болмағанын атап өтуге болады. Қаладағы ең күрделі жағдай желтоқсаннан наурызға дейін, ең суық уақытта. Өткен жылдың қаңтар айының ортасында нақты уақыт режиміндегі рейтинг бойынша Алматы тіпті әлемдегі ең лас қалалардың көшін бастады, ол кезде индекс 250-ден асып кеткен болатын. Тіпті суық күндер аяқталғаннан кейін де Оңтүстік астананың нәтижелері, ең болмағанда, орташа көрсеткіштерден алыс, ал онсыз да пессимистік көрсеткіштердің қыста нашарлауы жыл сайынғы проблема болып табылады.
Қазгидромет" РМК мамандары Алматыны Қазақстандағы атмосфераның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары қалалардың қатарына жатқызады. Мұндай қорытынды екі экологиялық индикатор - ластанудың стандартты индексі (СИ) және ең көп қайталану (КҚ) индикаторы бойынша жасалды. Соңғы бірнеше жылда Оңтүстік астанадағы СИ үнемі жоғары ластану санатына жатқызылды (5-тен 10-ға дейін), ал 2023 жылы өте жоғары болды (15,6-ға дейін).
КҚ индикаторы бойынша да ұқсас жағдай: Алматыда көп қайталанатын ластану деңгейінің жоғары (20%-дан бастап) және өте жоғары (50%-дан астам) көрсеткіштері байқалады. Яғни, қаланың ауасы өте лас және бұл жағдай үнемі қайталанып отырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 10:51 12656
Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды
Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды.
Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.
Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 10:43 13131
Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде ұзындығы 4 шақырымнан асатын Көшім су каналының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Су қоймасының бөгеті 84%-ға жөнделді - шамамен 1,5 шақырым бөлігі қайта жаңартылды.
Су жіберу каналының жөндеу жұмыстары 69%-ға, ал Первомай магистральды каналының жөндеу жұмыстары 66%-ға орындалды. Су қоймасындағы бақылау-өткізу бекеттері мен электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы 80%-ға аяқталды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін Киров су қоймасындағы барлық жөндеу жұмысын толық аяқтауды жоспарлап отыр.
Жобаның жүзеге асуы Киров су қоймасының сенімділігін арттырып, тұтынушыларға суармалы судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қайта жаңғырту жұмыстары нәтижесінде су қоймасының сыйымдылығы ұлғайып, жұмысы тиімдірек болады. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы 12 мың гектардан астам жерді суаруға мүмкіндік береді.
Киров су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Қойманың сыйымдылығы - 62,9 млн текше метр. Бұл нысан Урал-Көшім суару-суландыру жүйесінің құрамына кіреді.
🗣"Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, министрлігіміз 37 су қоймасына кешенді түрде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Былтыр Ақтөбе су қоймасына 36 жылдан кейін алғаш рет жөндеу жүргізілді. Қазіргі кезде оның сыйымдылығы 245 млн текше метр. Сондай-ақ Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр",
- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 09:53 13516
Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР-дың экологиялық шешімдер саласындағы халықаралық көшбасшыларының бірі - "CITIC Environment Investment Group" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Болашақта бұл әріптестік кәріздік тазарту нысандарын жаңғыртуға, қалдықтармен жұмыс істеу саласына жаңа технологияларды енгізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тұрақты үлгілерін іске асыруға бағытталған. Екі елдің мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын бұл ынтымақтастық экологиялық қауіпсіздік пен шығысқазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға тағы бір қадам болмақ", - деді облыс әкімі.
Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде өңір орталығында пилоттық жоба - Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 17:05 32841
Қазақстанның тоғыз облысында сумен жабдықтауды жақсартуға ниетті
Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олар: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Барлық жоба жүзеге асқанда, шамамен 1,3 миллион адам тұратын 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.
Президенттің қазақстандықтарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталды. Жұмыстар еліміздің алты өңірінде жүргізілді. Олар: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 17:02 33101
Қарағанды облысында егіс алқаптарын шегірткеден сақтау үшін өңдеп жатыр
Қарағанды облысында шегірткемен күресу шаралары қабылдануда. 20 мамырдан бастап табын түрлеріне қарсы алқаптарды химиялық өңдеу жүргізіледі, ал 27 мамырда шоғырланып жүретін жәндіктерді жою жұмыстары басталады. Жағдайды бақылау және мониторингілеу үшін жедел штаб жұмыс істейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлебековтың айтуынша, облыста 5,4 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу көзделген.
Ақтоғай ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде зиянкестер қаптап кеткеніне шағымданды. Бұл облыстық штабтың оқиға орнына барып, шегірткемен күрес жұмыстарын бақылауды күшейтуге себеп болды. 21 мамырда ауданда фитосанитариялық диагностика және аумақтық инспекция мамандарының қатысуымен көшпелі кеңес өтті.
Шаралар қабылданды. Техника дайын, қажетті дәрі-дәрмек қоры бар. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалының мамандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді көктемгі зерттеу жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады Әнуар Төлебеков.
Шегірткенің табындық емес түрлері бойынша аумақты өңдеу 27 мамырда басталады. Жұмыстарды авиацияны қолдана отырып, мердігер ұйымдар жүргізетін болады.
83,45 мың гектар жер өңделуге жатады.
20 мамырдан бастап итальяндық прус түрлерін қоса алғанда үймелеп жүретін шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар тоғыз жер үсті бүріккіш, екі аса жеңіл ұшақ, дельтаплан және төрт агродронның көмегімен жүргізілуде.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жұмыстар облыстық штабтың бақылауында болуы керектігін, сондай-ақ ақпараттық вакуум болмауы үшін тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету қажеттігін атап өтті.
Біз жедел әрекет еттік. Барлық іс-шаралар кесте бойынша орындалады, жағдай тұрақты режимде бақыланады. Басты міндет - ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шаруашылықтарында болуы мүмкін зиянның алдын алу", - деді өңір басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 13:48 34581
Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиынды ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті. Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.
Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді", - деді Президент.
Мемлекет басшысы қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады деп санайды.
Жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгені қуантады. Қазақстан бұл салада айтарлықтай жетістікке жетті. Атап айтқанда, барлық транзакциялар құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызды құрады. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді. Жақын арада цифрлық активтердің, соның ішінде криптовалюталардың, стейблкоиндердің және токенизацияланған құралдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ететін жаңа ережелерді қабылдау жоспарланып отыр", - деді Мемлекет басшысы.
Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық банктер арасындағы кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайтынына сенім білдірді.
Жиында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Әзербайжан Орталық банкінің төрағасы Талех Тахир оглы Кязимов, Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Мелис Тургунбаев, Түркия Орталық банкінің төрағасы Фатих Карахан, Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметов, Мажарстан Орталық банкінің атқарушы директоры Габор Соч және ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
28.05.2025, 09:53Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады 28.05.2025, 10:43 12831Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр28.05.2025, 10:51 12356Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды28.05.2025, 16:11 12121Алматы тағы да әлемдегі ең лас қалалардың қатарына енді28.05.2025, 17:30 10696Жергілікті полиция қызметі таратылады
23.05.2025, 13:56 121971Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 120306Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 118921Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 117781Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары23.05.2025, 15:26 116056Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды
29.04.2025, 10:54 15772130 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылады29.04.2025, 17:58 157496Алматыда көкөніс бағасы тұрақтандырылуда08.05.2025, 14:24 149501Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 147976"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 146166Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады