29.11.2024, 17:47 2466
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке министрліктің мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларында биылғы атқарған шаралары, сондай-ақ ведомствоның 2025 жылға арналған перспективті жоспарларын жүзеге асыруға дайындығы жөнінде мәлімет берілді.
Аида Балаеваның айтуынша, биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, атап айтқанда, Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылды. Қазақстанның баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілді.
Сегіз тілде Qazaq сulture ақпараттық-ағартушылық платформасын іске қосу еліміздің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін дәріптеу тұрғысынан маңызды жобаға айналды. Бұдан бөлек, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты айтулы мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде бағаланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің заң жобаларын әзірлеу бағытында атқарған жұмысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, биыл елімізде журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданды. "Қазақфильм" киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамалық өзгерістер Парламент қарауына ұсынылды.
Мемлекет басшысына еріктілер қозғалысын дамыту шаралары жөнінде есеп берілді. Министрдің айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда, белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін артты. Жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, сондай-ақ 7 қазақстандық ерікті БҰҰ құрылымдарына жіберілді.
Аида Балаева креативті индустрияны қолдау шаралары әзірленгенін жеткізді. Олардың қатарында Креативті индустрия қорын құру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту бастамалары бар. Креативті индустрия субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елімізде 10 креативті орталық пен хаб ашылды.
Кездесу соңында Президент келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.11.2024, 13:22 2236
Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
Достарға айту
Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы жақында өткен агрофорумда агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсімнің негізгі күштерінің бірі саналатынын атап өтті.
Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.
Бүгіннен бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды. 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды. Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады.
Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды, бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады. Бұдан басқа, қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.
Консультация алу және өтінімдер беру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан алуға болады және Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 Call center нөмірі, Tele 2, Altel үшін 8 701 006 19 91 телефон нөмірі жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 11:59 2111
Ұялы байланыс абоненттерінің саны артты
Достарға айту
Ұялы байланыс абоненттерінің саны артты, деп хабарлайды Qazstat.
2024 жылғы 1 қарашаға Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% көп.
Абоненттердің жалпы санының 18,7 млн интернетке қосылған, бір жылдағы өсім 4,8%.
Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129 бірлікті құрады, оның ішінде 93 абонент интернет желісіне қосылған.
2024 жылғы қаңтар-қазан аралығында ұялы байланыс саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 191,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% төмен.
10 ай ішіндегі жалпы байланыс саласындағы қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті, оның ішінде 52,5% интернет қызметтеріне тиесілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 18:20 22366
Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті
Достарға айту
Көкшетау қаласының Достық үйінде "Мемлекеттік тіл - этносаралдық қатынас тілі" жобасын іске асыру аясында этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" республикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Форум спикерлері қазақ тілін меңгерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында форумға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 18:17 22566
Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды
Достарға айту
Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 28 қараша Астанада Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Жэнь Цзиндун, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, мұнай және газ, сондай-ақ атом энергиясы сияқты энергетиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов екі Мемлекет басшыларының басшылығымен Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі, оның ішінде энергетика саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтті.
Біздің энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы табысты өзара іс-қимылдың жарқын мысалы болып табылады. Бұл екі елдің тұрақты дамуына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді", - деді А.Жамауов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында 26 жоба іске асырылуда, олардың жиынтық қуаты 1140,85 МВт құрайды.
МАЭК" ЖШС алаңында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалар талқыланды.
Мұнай тасымалы саласында Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, газ саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстан аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, "Орталық Азия - Қытай" газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ экспорттауды жалғастыруда. Қазақстан Түркіменстан мен Өзбекстаннан ҚХР-ға газ транзитінде де маңызды рөл атқарады.
Тараптар сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, мүмкіндік ҚХР аумағы арқылы үшінші елдерге табиғи уран транзитін кеңейту перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап Қытай тарапының "Қытай - Орталық Азия" энергетикалық ынтымақтастық форумын өткізу жөніндегі бастамасын құптады.
Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылы ҚХР аумағында Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитеттің 14-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:58 22926
Ұлттық Банк доллар бағамының күрт өсуіне байланысты түсініктеме берді
Достарға айту
Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы аясында теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңгені еңсерді. Қазіргі уақытта биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешегі күннен бастап 2,4%-ға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.
Сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер етеді.
АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2%-ға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (2024жылдың 28 қарашасында). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0%-ға төмендеді (2024 жылғы 28 қараша бойынша).
Доллардың күш алуы - шикізат таурлары үшін әдеттегідей теріс фактор. Мұнай бағасының тым құбылуы, сол секілді, Д.Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің артуы мен мүмкін болатын сауда баждарына қатысты ұсыныстың артуына әкеледі деген экономистердің болжамдарынан пессимистік сарын байқалады.
Ресей Федерациясының қаржы секторына қарсы жаңа санкциялар енгізу аясында елдің негізгі сауда серіктестерінің бірінің валютасы - Ресей рублі әлсірей түсті. Осылайша, биржада юань/рубль жұбының бағамы юань үшін 15,1 рубльге жетіп, қараша айының басынан бастап 11,2%-ға әлсіреді. Forex Халықаралықвалюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы 1 доллар үшін 114,5 рубльден асты, ал рубль айдың басынан бастап 18%-ға әлсіреді.
Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектелуі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында байқалды. Мәселен, осы жылдың қараша айында сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 238 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың қараша айынан (193 млн АҚШ доллары) 1,5 есеге жуық және тамыз-қыркүйек айларындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемінен едәуір жоғары.
Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді.
Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді, оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылатын болады.
Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіру және валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:54 23191
Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:49 23516
Қазақстан мен Ресей телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды
Достарға айту
Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен.
Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды:
- Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады.
- Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді.
Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.
Айта кеткен жөн, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.
Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны анықталды.
Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.
Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:43 22841
Қытайдағы қазақстандық туризм жылы: ҚХР-дан келушілер ағыны 50 пайызға өсті
Достарға айту
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум екі елдің туризм саласындағы 300-ден астам өкілінің басын қосты. Форум аясында пленарлық сессия, "Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы" және "Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары" атты екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтті, деп хабарлайды ҚР ТСМ баспасөз қызметінен.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.
Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары - 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті. 2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді. Аталған көрсеткіш елдерімізге деген қызығушылықтың артқанын, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында жүзеге асырылған жобалардың нәтиже бергенін көрсетеді.
Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.
Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, "Жібек жолы" автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.
Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті. Әлеуметтік желілерде еліміз туралы жарияланымдардың қамтылу деңгейі 160 млн пайдаланушыны құрады.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.
Бүгінгі форум атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды іс-шарасына айналды. 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.
Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Бұған дейін бұл туралы қос елдің басшылары бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.11.2024, 17:47Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады 29.11.2024, 11:59 2066Ұялы байланыс абоненттерінің саны артты29.11.2024, 13:22 1711Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды29.11.2024, 17:42 1001Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді29.11.2024, 11:09 811Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды
22.11.2024, 14:04 133536Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133306Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 108201Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 99446Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 99401Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 133536Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133306Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 116136Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 114381Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 108546Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды