04.04.2025, 09:59 79356

Мемлекеттік "Іле-Алатау" ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінді

Мемлекеттік "Іле-Алатау" ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінді
Мемлекеттік "Іле-Алатау" ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ерекше оқиға орын алды: сирек кездесетін қар барысы қайтадан фототұзаққа түсіп, жабайы табиғаттың ерекше сұлулығын көрсетті. Бұл кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген.


Ғылыми инспекторлардың маңызды еңбегін атап өткен жөн, олар тәулік бойы парктің аумағын бақылап, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша зерттеулер жүргізеді. Олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында фототұзақтар дұрыс жерлерге орнатылып, осындай әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді.

Қар барысы - баға жетпес табиғи мұрамыздың символы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны