Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс ережесін қалалық мәслихат әзірледі
Қағидалар жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2022 жылғы 18 мамырға дейін жария талқылау үшін қолжетімді.
Қағидалар жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2022 жылғы 18 мамырға дейін жария талқылау үшін қолжетімді.
Жаңа ережеге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау кезінде:
- қоғамдық талқылауды Заңның 13-бабы шеңберінде ашық және жария түрде өткізу, қоғамдық тыңдаушылардың пікірін ескеру;
- Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік-техникалық талаптарды, Қаланың бас жоспарын сақтау;
- "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары әлеуметтік-экономикалық стратегиясына сәйкес жайлы орта құру;
- қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді, көшелер мен аулаларды қайта жаңартуды жобалауды жүзеге асыру;
- қадамдық қолжетімділік талаптарын ескере отырып, функционалдық аймақтарды ықшамдап орналастыру және қоғамдық орталықтар жүйесімен, әлеуметтік және күнделікті қамтамасыз ету, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерімен өзара байланыстыру;
- аумақтың кешенді қауіпсіздігін және оны табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету;
- Нұр-Сұлтан қаласын дамытуды көпорталылық, кешенді және жинақы құрылыс қағидаты бойынша жүзеге асыру;
- қала аумағының нормативтік және табиғи желдетілуін, инсоляция және орта шуынан қорғалуын сәулет және қала құрылысы әдістерімен қамтамасыз ету;
- қала аумағында құрылыс салуды жобалау (жол берілетін қабаттылық, ғимараттардың конфигурациясы мен орналасуы, құрылыс салу тығыздығы) халықтың өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ету және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жел режимінің әзірленген картасына сәйкес жүргізілсін.
Қала құрылысын айрықша реттеу аймақтарына тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғаныш аймақтарының шегінде барлық қала құрылысы объектілері мен олардың сипаттамалары, мәдени құндылығы сақтауға немесе қалпына келтіруге жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғаныш аймақтарының шегінде тарихи ғимараттардың құрылымы мен стилін, пропорциялары мен биіктігін бұзуға жол берілмейді.
Ережеде, сондай-ақ, аумақты тұрақты дамыту жағдайларын қамтамасыз ету, қала аумағында сапалы және жайлы ортаны қалыптастыру үшін функционалдық аймақтарға бөлінуіне, бұрыннан бар қала құрылысы жағдайына байланысты 1 гектарға халықтың ең аз және ең көп тығыздығы белгіленеді. Ол орамдық құрылыс кезінде 1 гектарға 440 адамнан аспауы тиіс.
Қала аумағындағы жаңа құрылысты, қоныстану тығыздығын есептеу үшін тұрғын үймен орташа қамтамасыз етуді бір адамға есептегенде 18-25 шаршы метрден кем емес тұрғын ауданды қолдану", - делінген жобада.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.