21.12.2021, 18:41 71771

Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі Астана процесі аясында кезекті кездесу өтуде

Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі Астана процесі аясында кезекті кездесу өтуде
Сурет: aa.com.tr

НҰР-СҰЛТАН. 21 ЖЕЛТОҚСАН - Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

БҰҰ аясындағы келіссөздер процесіне серпін беру мақсатында тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылайды.

Кепілгер мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен Мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы жоспарлануда.

Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдерінің келуі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екіжақты және үшжақты консультациялар екі күнге созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны