27.05.2022, 17:50 31931

Нұр-Сұлтанда жаңа прокурор тағайындалды

Нұр-Сұлтанда прокурор лауазымына Ерлан Өтегенов тағайындалды.
Нұр-Сұлтанда жаңа прокурор тағайындалды
Сурет: gov.kz/Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы - Мырзакеров Бауыржан Қыпшаұлы
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Нұр-Сұлтанда прокурор лауазымына Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аға әділет кеңесшісі Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 
Өтегенов Е.Р. 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.
 
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың сәуір айынан бастап елордалық прокуратураны Бауыржан Мырзакеров басқарған. Ол Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды.
 

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мырзакеров Бауыржан Қыпшаұлы Қарағанды облысының прокуроры болды", - деп хабарлады ведомстводан.

 
Мырзакеров Б.Қ. қызмет жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизонында әскери прокурордың көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Шымкент, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарында әскери прокуратураның басшылық қызметтерін атқарды.
 
Павлодар облысы, Бас әскери прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны