31.01.2023, 12:55 26051

Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "АМАНАТ" партиясы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды
Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
 
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.
 
Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисті болып бастаған.
 
2000-2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті, Стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті, Индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасының жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді.
 
2002-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
 
2011-2012 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
 
2012-2013 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).
 
2013-2014 жылдары - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры.
 
2014-2017 жылдары жеке меншік ұйымда жұмыс істеді.
 
2017-2018 жылдары "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
 
2018-2020 жылдары - "Тараз" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы.
 
2020-2022 жылдары - "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры - департамент директоры.
 
2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "АМАНАТ" партиясы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды.
 
31.01.2023, 15.05 толықтырылды 
 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

primeminister.kz
 
Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында туған.
 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
 
Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманының м. а. болып бастады.
 
2003-2008 жылдары - Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы.
 
2008 жылы "СК Алатау" АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары болды.
 
2009-2020 жылдары Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
 
2020-2022 жылдары - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы, Атырау қаласы.
 
2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы болды.

Бұған дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны