25.06.2021, 23:35 14871

Назарбаев КВИ-ға қарсы вакцина алды

НҰР-СҰЛТАН. 25 МАУСЫМ - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.
 

Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 18 маусымында Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тесті оң нәтиже көрсетті. 2 шілдеде Елбасы КВИ-ден емделді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны