04.07.2022, 16:47 21396

Қорғаныс министрі Жаркент гарнизоны бөлімшелерінің жағдайын тексерді

Инспекция нәтижелері бойынша генерал-полковник Руслан Жақсылықов инфрақұрылымды ұстау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Қорғаныс министрі Жаркент гарнизоны бөлімшелерінің жағдайын тексерді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. 4 ШІЛДЕ - Жетісу облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жаркент қаласында орналасқан бөлімшелердің жай-күйін тексерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штаб, полигон, әскери атыс орындары, оқу орталығы корпустары секілді инфрақұрылым нысандарының жай-күйін қарап шығып, әскери қалашықтың тұрғын үй қорымен танысты.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына назар аудара отырып, әскери техниканы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайын тексерді.
 
Инспекция нәтижелері бойынша генерал-полковник Руслан Жақсылықов инфрақұрылымды ұстау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықты және жалпы қызметтік істі ұйымдастыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны