25.01.2023, 13:39 19771

Орталық сайлау комиссиясы жаңа сенаторларды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы жаңа сенаторларды тіркеді
ОСК сондай-ақ тіркелген сенаторларға тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыруға қаулы етті

Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясы 14 қаңтарда сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді.

Тиісті қаулы ОСК сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қаулы етеді:

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2023 жылғы 14 қаңтарда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мынадай депутаттары тіркелсін:

  • Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев;
  • Ақмола облысынан - Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов;
  • Ақтөбе облысынан - Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов;
  • Алматы облысынан - Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев;
  • Атырау облысынан - Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев;
  • Батыс Қазақстан облысынан - Арман Кәрімұлы Өтеғұлов;
  • Жамбыл облысынан - Сәкен Қаланұлы Арубаев;
  • Жетісу облысынан - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;
  • Қарағанды облысынан - Серік Балғатайұлы Өтешов;
  • Қостанай облысынан - Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов;
  • Қызылорда облысынан - Руслан Рүстемов;
  • Маңғыстау облысынан - Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров;
  • Павлодар облысынан - Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова;
  • Түркістан облысынан - Мұрат Болатұлы Қадырбек;
  • Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев;
  • Шығыс Қазақстан облысынан - Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов;
  • Астана қаласынан - Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай;
  • Алматы қаласынан - Жанна Бейсентайқызы Асанова;
  • Шымкент қаласынан - Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.

ОСК сондай-ақ тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыруға қаулы етті.

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 жаңа сенаторды тағайындады. Жалпы, 14 қаңтарда өткен сайлау нәтижесінде Сенат депутаттарының құрамы 80 пайызға жаңарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны