17.05.2022, 17:09 15021
ОСК-да референдумға арналған 16 млрд теңгеден астам бюджет туралы айтылды
Сурет: Depositphotos
Референдум шығыстарының 79 пайызы комиссия мүшелерінің жалақасын төлеуге бағытталады. Не себепті бұл бағытқа қомақты қаражат қарастырылған? Бұл көлем Президент, Мәжіліс сайлаулары сияқты ауқымды науқанды өткізу кезінде жұмсалған қаражат сомасының деңгейінде. Аталған 79 пайыз учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мыңға жуық мүшесінің жалақысын қамтамасыз етуге бөлінеді. Еңбекақыны төлеу деңгейінде ел бойынша орташа жалақы көрсеткіші ескерілген", - деді С. Мұстафина ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16,4 млрд теңге қарастырылғанын еске салды.
Жалақы төлемі жұмыс істеген уақытқа сай жүргізіледі. Комиссия мүшелерінің барлығы бірдей деңгейде жұмыс істемейтіні түсінікті. Комиссия мүшелерінің көбісі өздерінің негізгі кәсіби қызметін атқарып, комиссияларда тек бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Олардың жұмысқа шығатын арнайы табелі жүргізіледі", - деді С. Мұстафина.
Атап айтқанда, бөлінетін қаражаттың 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің метариалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға арналған.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.05.2025, 11:08 10906
Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады
Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2025, 10:43 11991
Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкцияланатын болады
Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаражат шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын жаңғыртуға мүмкіндік беретін мембраналық жабдықты орнату арқылы қуаты тәулігіне 124 мың м3 қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялау жобасының екінші кезегін жүзеге асыруға бағытталды.
Аталған жобаны жүзеге асыру Жезқазған қаласы тұрғындары үшін әлеуметтік маңызды мәселе болып отыр.
Облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар мен технологиялардың тозуы шамамен 90%-ды құрайды.
Бөлінген қаржы қазіргі уақытта 98,6 мың адамды құрайтын Жезқазған қаласы халқының әлеуметтік-экологиялық ахуалын одан әрі жақсартуға және тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2025, 10:31 12236
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады, деп көрсетілген Ақорданың хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2025, 10:19 12921
Үкімет Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Үкімет Қызылорда қаласындағы Оңтүстік қазандығының үш бу қазандығын реконструкциялау жобасын жүзеге асыруға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, қаражат Қызылорда қаласы тұрғындарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды 3 көзден: негізгі ЖЭО, Оңтүстік және автономды қазандықтар арқылы қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын "Қызылорда жылу электр орталығы" МКК-ға бағытталады.
Қазіргі таңда Оңтүстік қазандықтың негізгі жабдықтары апатты жағдайда және резервтік қуатсыз жұмыс істеп тұр.
Оларды реконструкциялау жобасын жүзеге асыру 2024 жылы басталған, Үкімет резервінен 2,04 млрд теңге, облыстық бюджеттен 655 млн теңге бөлінген болатын. Аталған кезеңде суды химиялық тазарту қондырғыларын ауыстыру, ескі қазандықтарды бөлшектеу, сондай-ақ жаңа жабдықтар жасау үшін зауытқа өтінімдер беру бойынша жұмыстар орындалды.
Жобаның аяқталуы алдағы жылыту маусымына дайындалуға және қаланың оңтүстік бөлігі тұрғындарын: 197 көппәтерлі тұрғын үй кешенін, 73 әлеуметтік және 69 шаруашылық нысанды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде жылу желілерін жөндеу бойынша 4 жобаны іске асыру көзделуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2025, 09:23 12641
Қазақстан мен Қытай көлік министрлері "Нұр Жолы" Қазақстан-Қытай автокөлік өткізу бекетіннің жұмысымен танысты
Қазақстан мен Қытай көлік министрлері "Нұр Жолы" Қазақстан-Қытай автокөлік өткізу бекетіннің жұмысымен танысты, деп хабарлайды нің баспасөз қызметінен.
Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту - жүк тасымалы көлемін одан әрі арттырудағы басым міндеттердің бірі. Министрлер өткізу бекетінде жүк көліктері жүргізушілерімен сөйлесіп, түйткілді мәселелерді талқылап, бекеттің өткізу қабілетін одан әрі арттыру аясында келісімге келді. Көлік ведомстволарының басшылары транзиттің үздіксіз өтуі үшін әкімшілік кедергілерді жою, шекаралық инфрақұрылымның әлеуетін арттыру, цифрландыруды дамыту сияқты бірқатар мәселені қолға алады.
Марат Қарабаев пен Лю Вэй екі министрліктің өкілдерінен тұратын арнайы тұрақты жұмыс тобын құруға келісті. Министрлердің қатысуымен болатын келесі келіссөз кезеңі бір айдан соң өтеді.
Жұмыс сапары барысында өткен шараға кеден және шекара қызметінің өкілдері де қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, былтырдан бері Қазақстан мен Қытай рұқсат беру бланкілерін электронды форматта алмастырып келеді. Биыл екі ел 90 мың ШРБ алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2025, 16:26 73046
Қазақстанда бағалау қызметін реттеуге өзгерістер енгізілуі мүмкін
Қазақстанда бағалау қызметін реттеуге өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылдың 11 желтоқсанындағы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызметтер секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" №19 шешіміне (бұдан әрі - ЖЕЭК №19 шешімі) сәйкес мүлікті бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттер үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет істейтін болады.
ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығын құру үшін одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына ЖЕЭК-тің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ҚБН жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдерге (бұдан әрі-жалпы тәсілдер) сәйкес өзгерістер енгізу шарт.
Жалпы тәсілдер бір органының бағалаушыларын кез келген басқа тарапта қызметтің басталғаны туралы хабардар етіп, басқа органдардың кез келген тарапта бағалау жүргізуге ниетті бағалаушылар тізімін жүргізу мен бақылау функцияларын жүзеге асыруды, сондай-ақ құзыретті органның өтініштерін (шағымдарды) қарауын және т. б. қарастырады.
Бұған қоса жалпы тәсілдермен тиісті нысандарға қатысты мүлікті бағалауды жүргізуге құқық беретін рұқсаттарды көрсете отырып, мүлікті бағалау нысандарының салыстырмалы тізбесін ескеріп, мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді жеткізуге байланысты кез келген мүше мемлекеттегі қызмет көрсетушінің құқығы қарастырылады.
Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігі "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңға енгізілетін түзетулерді әзірледі.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығын құру отандық мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер беріп, азаматтар мен бизнес үшін бағалау қызметтеріне жол ашып, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) нарығына кіруге септігін тигізеді.
Заң жобасы нарықтың ашықтығы мен бақылауды арттыруға бағытталған бағалау қызметін реттеудегі маңызды өзгерістерді қамтиды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тапсырыс беруші бағалаушы-бейрезидент таңдаған бағалаушылар палатасына Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда немесе бағалау туралы есепке байланысты ескертулер болған кезде жүгінуге құқылы болады. Тапсырыс берушіге шығын немесе мүлкіне зиян келтірілген жағдайда бейрезидент бағалаушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тиісті шығындарды өтеуге міндетті.
Бұдан басқа бағалаушылар үшін "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімнің және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімнің болуы туралы талап енгізіледі. Бұл кәсіби білімі бар мамандардың нарыққа келуін қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады.
Бағалаушылар палаталарын (бағалау қызметін жүзеге асырмайтындықтан) қоспағанда, мүліктік жауапкершілік қайта қаралды. Тиісінше келтірілген залалды тікелей бағалаушының өзі өтеуге тиіс.
Тағы бір өзгеріс "бағалаушы" куәлігінің қолданысын тоқтатуды 3 жылдан 1 жылға дейін азайтуды көздейді. Бұл реформа тәртіп тетігін енгізуді сақтап, кемшіліктер жойылғаннан кейін білікті бағалаушыларға жұмысты қайтадан тез қолға алуға септеседі.
Заң жобасының нормаларын енгізу бағалау қызметтерінің сапасын арттыруға, кәсіби тәртіпті нығайтуға және бағалау нарығын реттеудің неғұрлым икемді жүйесін құруға ықпал ететін болады.
Анықтама: Бағалаушылар палатасы - оған мүше субъектілердің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым.
Қазір Қазақстанда 4 бағалаушылар палатасы жұмыс істеп келеді. Олардың әрқайсысында 300 астам мүше бар, барлық бағалаушы - 1702.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2025, 16:22 73491
Алматыдағы шағын аудандардың бірінде су жинағыш құрылғысы салынады
Биылғы жылдың маусым айында Бостандық ауданының Ерменсай шағын ауданында "Нұрлытау" су жинағыш құрылғысының құрылысы басталады. Бұл туралы Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.
Жаңа нысанның өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр су. Жоба аясында тарату желілерінің құрылысы да көзделген. Бұл 2026 жылдың соңына дейін Ерменсай және Нұрлытау шағын аудандарының 25 мыңнан астам тұрғынын сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша бұл аймақтағы көп жылдан бергі су тапшылығы мәселесі шешіледі.
Тарихи тұрғыдан алғанда Бостандық ауданының оңтүстік бөлігі, соның ішінде Ерменсай, "Алматы Су" мемлекеттік кәсіпорнының қызмет көрсету аймағына кірмеген. Сумен жабдықтаумен жеке компаниялар - "Водснаб" ЖШС (бұрынғы "Орхан"), "Ерменсайводгаз" ЖШС және "Баур ЛТД" ЖШС айналысып келген. Алайда тұрғындар бұл ұйымдардың қызмет сапасының төмендігі мен тарифтердің жоғары болуына байланысты ұзақ жыл бойы негізді шағым айтып келеді.
Қазіргі уақытта "Водснаб" ЖШС-пен сот процестері жалғасып жатқанымен, әкімдік жағдайды түбегейлі жақсарту және сот шешімдерін күтпей-ақ тұрғындарды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін нақты басқарушылық шешім қабылдады.
Жобаның негізгі кезеңдерінің бірі - Әл-Фараби даңғылынан Арайлы көшесінің бойымен өтетін жаңа магистральды реверсивті су құбырының құрылысы болды. Құбыр тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін Бостандық ауданы әкімінің аппараты тарату желілерін салады. Бұл көше бойында орналасқан тұрғын үйлер мен жеке секторды орталықтандырылған сумен жабдықтауға жылдам қосуға мүмкіндік береді.
Келешекте бұл магистральды су құбыры жобаланған "Нұрлытау" су дайындау станциясымен қосылады. Мұндай инженерлік шешім Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіндегі сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын едәуір арттырады әрі қала инфрақұрылымының тұрақты дамуына құқықтық және техникалық негіз қалыптастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2025, 15:41 74071
Қазақстанда жыл басынан бері есірткі жеткізілімінің 62 арнасы жойылды
Есірткі бизнесіне қарсы күресте ерекше көзге түскен қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдары есірткі қылмыстарына қарсы күрес бағытында ауқымды жүйелі жұмыс жүргізуде.
2025 жылдың өтіп кеткен кезеңінде 62 есірткі және психотроптық заттардың жеткізу арнасы тоқтатылып, 10 есірткі зертханасы жойылды, заңсыз айналымнан 3,5 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді.
Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы және Ұлытау облысы қызметкерлерінің тиімді жұмысы ерекше аталып өтті.
Аталған мысалдар күштік құрылымдардың қызметкерлерінің қағидатты және проактивті ұстанымын көрсетеді.
Атқарылған жұмыстар үшін 5 мамыр күні Мемлекет Басшысының Жарлығымен ІІМ орталық аппаратының бір қызметкері және облыстық прокуратуралардың екі басқарма басшысы (Маңғыстау және Ұлытау облыстары) Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, полиция департаменттерінің (Алматы және Қарағанды облыстары) екі қызметкері- "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар күш құрылымдары қызметкерлері (прокуратура органдарынан 12 қызметкер, ұлттық қауіпсіздік органдарынан 4 қызметкер, экономикалық тергеп-тексеру органдарынан 4 қызметкер және ішкі істер органдарынан 5 қызметкер) ведомстволық наградаларға ие болды.
Есірткі бизнесімен күрес жұмысы жалғасуда және құзыретті органдардың тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.05.2025, 10:19Үкімет Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді 19.05.2025, 09:23 11191Қазақстан мен Қытай көлік министрлері "Нұр Жолы" Қазақстан-Қытай автокөлік өткізу бекетіннің жұмысымен танысты19.05.2025, 10:31 10786Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады19.05.2025, 10:43 10541Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкцияланатын болады19.05.2025, 11:08 9456Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады
15.05.2025, 17:07 95336Алматыда "Алма-Арасан" радон көзінің бағытын кешенді жаңғырту басталды15.05.2025, 13:40 92351Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Ташкенттегі кездесуде вегетациялық кезеңге арналған су-энергетикалық режимдерді келісті15.05.2025, 13:48 92286Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды15.05.2025, 16:50 91941Бас Прокурор Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының делегациясымен кездесті15.05.2025, 15:52 91806Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтып жатыр
08.05.2025, 14:24 147491Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 145971"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 144151Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 136941Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады08.05.2025, 18:01 136781Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда