29.08.2021, 19:34 9644
Президент 29 тамызды Жамбыл облысында оқ-дәрілердің жарылысы кезінде қаза болғандарды аза тұту күні деп жариялады
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт шығып, 10-нан астам инженерлік оқ-дәрілер жарылды. ТЖ салдарынан қаза болғандар саны 12 адамға жетті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған өрт пен жарылыстың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.07.2025, 11:47 12711
ҰҒОО Тяньцзинь онкологиялық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бүгін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтаҚытай Халық Республикасының делегациясымен - Тяньцзинь медицина университетінің онкологиялық институты (TMUCIH) мен Тяньцзинь обырға қарсы күрес қауымдастығының өкілдерімен ресми кездесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қонақтар құрамында онкопластикалық хирургия, ультрадыбыстық диагностика, сәулелік терапия және ғылыми зерттеулер саласындағы жетекші мамандар болды.
Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, клиникалық және ғылыми тәжірибе алмасу мәселелері талқыланып, ҰҒОО мен TMUCIH арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат онкологиялық диагностика, емдеу және ғылыми қызмет салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
Кездесу барысында екі орталықта қолданылып жүрген негізгі бағыттар мен заманауи технологиялар таныстырылды. Қытай тарапы сүт безін қайта қалпына келтіру хирургиясы, клиникалық инновациялар және ACR BI-RADS жүйесінің 6-басылымына сәйкес заманауи ультрадыбыстық визуализация стандарттары саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Ал ҰҒОО мамандары сүт безі қатерлі ісігін диагностикалау мен хирургиялық емдеу, АКМ-матрицаларды қолдану, сондай-ақ МРТ мен УДЗ мәліметтерін біріктіру арқылы ісіктерді дәл биопсиялауға мүмкіндік беретін фьюжн-технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл әдіс диагностика дәлдігін едәуір арттырып, теріс нәтижелердің қаупін төмендетеді.
Кездесу соңында Қонақтар ҰҒОО-ның радиациялық технологиялар орталығын аралап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 11:31 13526
Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының отырысы өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Отырысты Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов жүргізді.
Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің атынан Ресей Федерациясы полициясының генералы Владимир Колокольцев тең төрағалық етті. Іс-шараға қос елдің ішкі істер министрліктеріндегі негізгі құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы іздестіру бағытындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері, синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.
Тараптар аталған бағыттар бойынша келісілген ұстанымдар мен нақты іс-шараларды айқындап, тиісті шешімдер қабылдады.
Кездесу өзара сенім мен құрметке, сындарлы диалогқа негізделіп өтті. Қос тарап құқық қорғау органдары арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 10:26 14606
2025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен 5 млн астам қазақстандық қамтылған
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы - 2,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5% - ға дейін жеткізіледі.
Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.
ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.
ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 10:19 15101
Тараз қаласы прокуратурасының шараларымен кәсіпкердің құқығы қорғалды
Тараз қаласы прокуратурасының шараларымен кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 29 сәуірде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Н және K" ЖШС-ге қатысты салықтық тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылған.
Алайда бұл бұзушылықтар тексеру нәтижелері туралы актісінде көрсетілмеген.
Соттың 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен кәсіпкерлік субъектісі ӘҚБтК-нің 281-бабының 5-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Тараз қаласының прокуратурасы сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.
Жамбыл облыстық соты прокуратураның уәждерін ескеріп, салық органдары тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарды көріп, кәсіпкердің жағына шықты.
2025 жылғы 1 шілдеде апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, құқық бұзушылықтың болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды, осылайша кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 09:44 13206
ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды
Биыл "Қазсушар" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда өңірде 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының шаруалары көпжылдық шөптерді шабу жұмыстарымен айналысып жатыр. Сонымен қатар өңірде дәнді дақылдар, көкөністер, картоп, күнбағыс, жүгері, бақша өнімдері, жидектер мен соя өсіріледі.
Филиал 7 жаңа арнайы техника алды, жыл соңына дейін қалған 13 техника жеткізіледі. Жаңа техникалар каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Жаңа экскаваторлардың көмегімен ұзындығы шамамен 55,3 шақырым болатын каналдар тазартылды. Қазіргі таңда барлық жұмысшы мен техника суару каналдары мен су жеткізу жұмыстарына жұмылдырылған", - деді "Қазсушар" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиал директоры Нұржан Әміржанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2025, 18:29 32376
Қазақстанда 15 пайыздық шекті сауда үстемесінен асып кеткені үшін 1800-ден астам айыппұл салынды
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде 11,8%-ды құрады, бұл әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы, тарифтік реформалар, тұтынушылық сұраныстың күшеюі және инфляциялық жорамалдар сынды бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты болды.
Бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі қысқа әрі ұзақмерзімді қамтитын шаралар кешені қалыптастырылды. Құжат қараудың соңғы сатысында тұр және Үкіметтің жеке қаулысымен қабылданады. Негізгі бағыттардың қатарына ішкі өндірісті ұлғайту, тарифтік саясаттың болжамдылығын арттыру, базалық тауарларға бағаны тұрақтандыру және инфляциялық күтулерді төмендету жатады. Сондай-ақ отандық өндірісті қолдау, ішкі нарықты қанықтыру және сауда үстемелерін бақылау жалғасуда.
Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері 15% шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 847 әкімшілік қаулы шығарылған. Жауапкершілік күшейтілген - ескертулердің орнына айыппұлдар қарастырылған. Реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері осы бағыт бойынша инфляцияға жиынтық үлес 0,5 пайыздық тармақшаны құраған.
Жалпы, 2023 жылы шаралар кешенін жүзеге асыру инфляциялық қысымды 4,16 пайыздық тармақшаға, 2024 жылы 2,3 пайыздық тармақшаға төмендетуге мүмкіндік бергені атап өтілді. Қазіргі уақытта шаралар кешені өзектендіріліп, 2026 жылға дейін ұзартылды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстан ӘМАТ бойынша бәсекелестік бағаны сақтап отыр: сиыр етінің құны ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне қарағанда 30%-ға, картоп пен сәбіз 38%-ға, пияз 47%-ға, қырыққабат 50%-ға төмен. Осы жылдың басынан бастап нарықтық бағадан төмен бағамен 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесі өткізілді. Салалық одақтармен меморандумдарға қол қойылды, соның нәтижесінде жұмыртқа бағасы 8,7%-ға төмендеді. Маусымнан тыс уақытта бағаны тұрақтандыру үшін 30,3 мың жеткізіп беру келісімшарттары жасалды. Қытайдан, Пәкістаннан және Өзбекстаннан бірнеше тонна ерте пісетін көкөністер жеткізілді. Өнімдерді, оның ішінде картопты, аналық малды және бұқашықтарды елден әкетуге шектеулер енгізілді.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгені құрағанын баяндады. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары іске қосылды, 677 инвестициялық жоба, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылуда.
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсуі байқалып отыр. Олар - күнбағыс майы, сиыр еті, қой еті мен картоп. Күнбағыс майы бойынша нақты шаралар қабылдануда: 2024 жылы оның өндірісі 15%-ға ұлғайды, бұл ішкі қажеттіліктен екі есе көп. Биылғы 6 айда өндіріс көлемі 388 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 21,3%-ға артық. Қаңтар-наурыз айларында 294 мың тонна май экспортталды, осылайша өткен жылмен салыстырғанда ол 41%-ға өсті. Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаттылығы 421 мың тонна болатын 5 ірі қайта өңдеу зауытының құрылысы жүруде.
Жиын соңында Премьер-министр Олжас Бектенов инфляцияға қарсы саясат жүйелі әрі тиімді болуы тиіс екенін атап өтті. Қабылданған шаралар бойынша Үкімет пен Ұлттық банк келісе отырып іс-қимыл жасау керектігінің маңыздылығына баса назар аударылды.
Инфляцияны төмендету міндеті өте маңызды және кешенді көзқарасты қажет етеді. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп қабылданған шараларды жүзеге асыруды жалғастыра бермек және мақсатты бағдарларға қол жеткізуге кезең-кезеңімен ұмтылатын болады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2025, 18:21 32621
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіру мәселесі тоқтатылды
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіру мәселесі тоқтатылды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі - Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.
Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2025, 18:09 31006
Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда
Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында белсенділік артып келеді. Қазіргі таңда еліміз бойынша жалпы сомасы 33,1 млрд теңге болатын 2105 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам құруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және ауылдық өңірлерді қоса алғанда, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.
1 шілдеден бастап мемлекеттік гранттарды беру және мониторинг жүргізу қағидаларының жаңартылған редакциясы күшіне енді. Жаңа тәсілдер рәсімдерді жеңілдетіп, ашықтықты арттырып, үкіметтік емес ұйымдарға жобалардың мазмұнына назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтінімдер саны 7,7% артты, ал бір грантқа келетін бәсеке 16,9 өтінімге дейін жетті. Бұл азаматтық сектордың мемлекеттік қолдау тетіктеріне сенімінің жоғары екенін көрсетеді.
Гранттық қаржыландыру нақты әлеуметтік нәтиже көрсетуде. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. Түрлі мақсатты топтарға арналған 500-ден астам оқыту іс-шарасы өткізіледі. 3000-ға жуық азамат еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруде.
Мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында Жетісу, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында форумдар өткізілді. Оған мыңнан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесулердің қорытындысы бойынша жүзден астам практикалық ұсыным әзірленді. Бұл жұмыстың қорытынды кезеңі - XII Республикалық Азаматтық форумы, ол қазан айында Астана қаласында өтеді. Форумға азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық сарапшылар шақырылып, 700-ден астам қатысушы жиналады.
Қоғамдық бақылауды дамытуда Қоғамдық кеңестер маңызды рөл атқарады. Бүгінде елімізде 264 қоғамдық кеңес қызмет атқарады, оның 36-сы республикалық деңгейде. Кеңес құрамына 4 мыңға жуық белсенді азамат енген. Биылғы жартыжылдықта қоғамдық кеңестер 1500-ден астам нормативтік құқықтық акт жобасын қарап, 200-ден астам қоғамдық тыңдау және 300-ге жуық мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын қолдап, өңірлерде 65-тен астам іс-шара өткізді. Бұл тексерістерге туристік нысандар, жасыл аймақтар, жер қойнауын пайдалану орындары мен рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындар қамтылды.
Қоғамдық кеңестердің жұмысы ақпараттық сүйемелдеу KAZKENES.KZ бірыңғай интернет-платформасы арқылы жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында сайтты 1,5 миллионға жуық адам пайдаланған. Платформа азаматтық қоғаммен ашық диалог орнатуда маңызды құралға айналды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және қоғамдық бақылау институтын дамыту Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуға бағытталған стратегиялық ұстанымын айқындайды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.07.2025, 10:19Тараз қаласы прокуратурасының шараларымен кәсіпкердің құқығы қорғалды 22.07.2025, 10:26 144112025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен 5 млн астам қазақстандық қамтылған22.07.2025, 11:31 13331Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады22.07.2025, 09:44 13011ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды22.07.2025, 11:47 12516ҰҒОО Тяньцзинь онкологиялық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
18.07.2025, 13:19 87006Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде18.07.2025, 14:12 86586Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды18.07.2025, 18:47 822862025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды18.07.2025, 18:44 81966Қазақстанда суды тазартуға арналған мембраналардың отандық өндірісі құрылды18.07.2025, 18:40 81791Қазақстан президенті жаңа Салық кодексіне қол қойды
04.07.2025, 19:14 139846Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 139681Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 137031"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130566Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 128966Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді