02.03.2022, 17:42 14126
Президент Қазақстанда заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды
Сурет: Ақорда
Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.07.2025, 17:00 10596
Үштөбе жылу желілерін жөндеуді аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді
Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
30 мың халқы бар Үштөбе қаласын орталықтандырылған жылумен қамту "Жылыту орталығы" ЖШС-ның орталық қазандығы арқылы жүзеге асырылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 15,3 шақырым.
2024 жылы қаланың жылу жүйесінің қуатын арттыру үшін қуаты 12 Гкал/сағат болатын блок-модульді газ қазандығы орнатылды. Оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұзындығы 1,7 шақырым болатын, тозу деңгейі 50%-ға жеткен магистральдық жылу трассасын жаңғырту қажеттілігі туындады.
Жобаның құны 870 млн теңге, оның 70%-ы республикалық бюджеттен және 30%-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 76%-ы аяқталды. 1,7 шақырым жылу желілерінің 1,3 шақырымы тартылды. Осы жылдың тамыз айына қарай реконструкциялауды толық аяқтау жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Үштөбе қаласының тұрғындары 349 абонент, оның ішінде 282 тұрғын үй мен 67 заңды тұлға үздіксіз жылумен жабдықтауға қол жеткізе алады. Авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтардың туындау қаупі азаяды, орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігі артады.
Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдық дамудың маңызды элементі болып саналады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өңірлерде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 16:55 10801
Антикорды қайта құру: ҰҚК мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін құру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство "ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі" құрылды.
Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады", деп көрсетілген мәлімдемеде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 15:44 12121
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші қон саласындағы бақылауды күшейтуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды.
Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды.
Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 15:41 12336
Алматыдағы құны 2,6 млрд теңге болатын баспа үйі мемлекеттік меншікке қайтарылды
Алмалы ауданының прокуратурасы "Баспалар үйі" ("Баспа үйі") АҚ акцияларының 100 пайызын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2016 жылы бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі құны 2,6 млрд теңге акцияларды жеке тұлға арзандатылған бағамен заңсыз жекешелендіріп алған.
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді.
Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың прокуратураның талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 09:52 19456
Павлодар мен Екібастұзда жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 3,8 млрд теңге бөлінді
авлодар облысында инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Үкімет резервінен Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 3,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаулыға сәйкес бөлінген қаражаттың негізгі сомасын, яғни шамамен 3 млрд теңгені Екібастұз қаласының жылу желілерін жаңғырту бойынша екі жобаға бөлу жоспарлануда. Бұл - Орталық жылу тарату пунктінен 1,4 шақырым жердегі елді мекенге дейінгі ТМ-I және ТМ-III жылу магистральдарын жөндеу.
Павлов - Шевченко - Катаев көшесіндегі тұрғын үй шағын ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін Камзин көшесі бойынша ТМ-13 салу жобасын аяқтауға Павлодар қаласына 802 млн теңге бағытталады.
Шығындардың жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайды. Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді. Қалған 2 млрд теңге көлеміндегі қаражат облыстық бюджеттен қаржыландырылды.
2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражатқа ұзындығы 9 шақырым магистральдық жылумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілді. Екібастұз ЖЭО-да қазандық агрегаттары жөнделіп, тазартылған су құбыры салынды.
Бұдан бөлек, облыстың жылу беруші кәсіпорындарында ұзындығы 2,4 шақырым жылу желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар орындалды, оның ішінде "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасына көшу шеңберінде салынған құны 1,7 млрд теңге тұратын 2,1 шақырымдық жылу желілері бар.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың басында желілердің тозуы 79,7%-ға дейін төмендеді.
Облыс орталығы мен Екібастұз қаласындағы желілердің тозуын одан әрі төмендету және алдағы жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жылу магистральдарының ағымдағы реконструкциясын уақтылы аяқтау қажет.
2024 жылғы желтоқсанда бекітілген "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар қаласында 1-НО-52 ЖЭО учаскесінде өткізу қабілетін арттыра отырып, 9,8 млрд теңге сомаға жаңа ТМ-20а жылу магистралін салу жоспарлануда. Жоба негізінде республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған қала аумағының 30%-ын жылумен қамтамасыз ету көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 09:49 19711
Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 51,8 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 19:33 34521
Қайтарылған активтер қаражаты есебінен жалпы құны 160 млрд теңгені құрайтын 200-ден астам жоба іске асырылуда
Қайтарылған активтер қаражаты есебінен 160 млрд теңге сумен жабдықтау жобаларына бағытталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елімізде азаматтарды сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда. Осы мақсаттарға бірнеше қаржы көздерінен, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржы бөлінеді.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында Арнаулы мемлекеттік қордан 230 сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға 160 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.
Жалпы, қаржыландыру көлемі 284,3 млрд теңгені құрайды. Қаражат екі министрлікке бағытталады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы 183,4 млрд теңге бөлінеді, оның 101,3 млрд теңгесі - Арнаулы мемлекеттік қордан.
Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы 100,9 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қордан 59,3 млрд теңге қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 19:30 34736
Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы халықаралық оқу-жаттығуларына қатысуда
Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы "Анадолы-2025" халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын болады.
Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
02.07.2025, 09:49Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 02.07.2025, 09:52 18836Павлодар мен Екібастұзда жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 3,8 млрд теңге бөлінді02.07.2025, 15:41 11716Алматыдағы құны 2,6 млрд теңге болатын баспа үйі мемлекеттік меншікке қайтарылды02.07.2025, 15:44 11501Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші қон саласындағы бақылауды күшейтуді тапсырды02.07.2025, 16:55 10181Антикорды қайта құру: ҰҚК мәлімдеме жасады
26.06.2025, 19:36 114886Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады27.06.2025, 17:56 106446Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды27.06.2025, 18:05 106086Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады27.06.2025, 11:50 96366Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 11:48 95656Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты
04.06.2025, 14:09 150736Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 135926Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 135706Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 134716Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1263562025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды