25.02.2021, 22:30 16066

Президент баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жаңа заң әзірлеуді тапсырды

"Онда жаңартылатын энергия көздерін ғана емес, барлық баламалы қуат көздерін реттеудің тәсілдері мен нормаларын да көрсету керек".
Нұр-Сұлтан. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жаңа заң әзірлеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жаңа заң әзірлеу қажет. Онда жаңартылатын энергия көздерін ғана емес, барлық баламалы қуат көздерін реттеудің тәсілдері мен нормаларын да көрсету керек", - деді ол.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны