31.01.2022, 16:51 19591

Президент Досаевты Алматы әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Досаевты Алматы әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
АЛМАТЫ. 31 ҚАҢТАР - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

 
Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны