24.01.2023, 17:05 14396
Президент ҚР жаңа сенаторларын тағайындады
Оның ішінде төрт сенатор қайта тағайындалды
Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін тоқтату және жаңа сенаторларды тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары:
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;
- Владимир Васильевич Волковтың;
- Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;
- Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;
- Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;
- Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;
- Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;
- Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;
- Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;
- Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;
- Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;
- Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;
- Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды.
Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен сенаторлар лауазымына қайта тағайындалды:
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
- Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
- Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
- Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын.
Жаңа сенаторлар:
- Асанов Жақып Қажманұлы;
- Больгерт Евгений Андреевич;
- Кузиев Закиржан Пирмухамедович;
- Ниязова Нұрия Исмагиловна;
- Сатвалдиев Алишер Гапиржанович;
- Шиповских Геннадий Геннадиевич болды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтарда өткен сайлау нәтижесінде Сенат депутаттарының құрамы 80 пайызға жаңартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.07.2025, 13:43 3201
"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды
СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы болып Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
СҚ-Фармация" ЖШС-не тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын; 2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын; 2006 жылы - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын бітірген. "Провизор", "Заңгер", "Экономист" мамандықтары бойынша.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.
2002 жылдан 2020 жылға дейін - ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
Содан кейін әр жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
СҚ-Фармация" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьюторды құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 11 ақпанда қабылдады. Компанияға тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор функциялары жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:38 3186
ҚТЖ Басқарма Төрағасы тағайындалды
ҚТЖ Басқарма Төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жаңа Басқарма Төрағасы - бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті ұжымға таныстырды.
Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей) (қызыл диплом), экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жол:
1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
1998-2007 жылдары - "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
2008-2019 жылдары - "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС Бас директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС басқарма төрағасы.
2024 жылдан - "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:32 3636
Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады - ЖАП
Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады, деп хабарлайды ЖАП-ның баспасөз қызметінен.
Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ қаржы жылының соңында пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару механизмі бекітілді.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді.
Бұл қадам мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық компаниялардың шоттарында "қажетсіз бос жатудың" орнына қаржы бюджетке қайтарылады. Нәтижесінде қаражат анағұрлым маңызды және шұғыл міндеттерге, мысалы, ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталуы мүмкін.
Мұндай тәсіл бюджет қаражатын мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалану тәуекелін азайтуға, ашықтық пен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары бөлінген ресурстарды жоспарлау мен жұмсауға жауаптылықпен қарайтын болады, себебі пайдаланылмаған қалдық енді жыл соңында міндетті түрде қайтарылуы тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 10:16 7956
Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық "Хунань Цзюньсинь Хуаньбао" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді. Онда "жасыл" энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Хунань Цзюньсинь Хуаньбао" - Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан "жасыл" трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 09:06 8241
Қайтарылған активтердің 45 млрд теңгеден астамы СҚО сумен жабдықтауды дамытуға жұмсалады
Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұл қаражат есебінен өңірдің сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған 48 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау және Шал ақын аудандарындағы ауылдарды Көкшетау топтық су құбырына қосатын жаңа су құбырлары мен су тарту тармақтарын салу жобалары бар.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарда барлық жұмыс аяқталғаннан кейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы құбырлар арқылы 175 мыңнан астам тұрғыны бар 229 ауыл ауыз сумен қамтылып отыр. Петропавл қаласының тұрғындары 100%, ал ауылдардағы халық 97,5% сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 17:00 26096
Үштөбе жылу желілерін жөндеуді аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді
Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
30 мың халқы бар Үштөбе қаласын орталықтандырылған жылумен қамту "Жылыту орталығы" ЖШС-ның орталық қазандығы арқылы жүзеге асырылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 15,3 шақырым.
2024 жылы қаланың жылу жүйесінің қуатын арттыру үшін қуаты 12 Гкал/сағат болатын блок-модульді газ қазандығы орнатылды. Оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұзындығы 1,7 шақырым болатын, тозу деңгейі 50%-ға жеткен магистральдық жылу трассасын жаңғырту қажеттілігі туындады.
Жобаның құны 870 млн теңге, оның 70%-ы республикалық бюджеттен және 30%-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 76%-ы аяқталды. 1,7 шақырым жылу желілерінің 1,3 шақырымы тартылды. Осы жылдың тамыз айына қарай реконструкциялауды толық аяқтау жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Үштөбе қаласының тұрғындары 349 абонент, оның ішінде 282 тұрғын үй мен 67 заңды тұлға үздіксіз жылумен жабдықтауға қол жеткізе алады. Авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтардың туындау қаупі азаяды, орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігі артады.
Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдық дамудың маңызды элементі болып саналады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өңірлерде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 16:55 26301
Антикорды қайта құру: ҰҚК мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін құру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство "ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі" құрылды.
Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады", деп көрсетілген мәлімдемеде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 15:44 27621
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші қон саласындағы бақылауды күшейтуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды.
Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды.
Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.07.2025, 09:06Қайтарылған активтердің 45 млрд теңгеден астамы СҚО сумен жабдықтауды дамытуға жұмсалады 03.07.2025, 10:16 7146Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады03.07.2025, 13:32 2826Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады - ЖАП03.07.2025, 13:38 2601ҚТЖ Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 13:43 2391"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды
26.06.2025, 19:36 115196Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады27.06.2025, 17:56 106881Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды27.06.2025, 18:05 106516Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады27.06.2025, 11:50 96796Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 11:48 96076Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты
04.06.2025, 14:09 150821Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 136066Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 135846Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 134796Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1265062025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды