20.11.2022, 09:24 10476

Президенттік сайлаудан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ - Тоқаев

Президенттік сайлаудан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ - Тоқаев
Сурет: видеодан кадр
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кетпейтінін айтты.
 

Саяси қайта жүктеу туралы айтсақ, мен бұл туралы айтқанмын. Саяси реформаларды жалғастыру керек. Олай болмағанда тоқырау болады. Екінші жағынан, заң бойынша, президент сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кетуі міндетті емес. Бұл Парламент сайлауынан кейін міндетті түрде іске асады. Парламент сайлауының мерзімі туралы айтсақ, жыл аяғында мен осы мәселе бойынша арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан Үкімет жұмыс істеуге қалады. Бірақ Үкіметтің құрамында, өзге де ведомстволардың құрамында жекелеген өзгерістер болады", - деді ҚасымЖомарт Тоқаев.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны