18.01.2023, 20:47 31346

ҚР Әділет министрлігі саяси партияны тіркеді

ҚР Әділет министрлігі саяси партияны тіркеді
Сурет: freepik.com
2023 жылдың 18 қаңтарындағы жағдай бойынша, елде жеті саяси партия тіркелген
 
Астана. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Әділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді. Бұл туралы ҚР Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
 
Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды.
 
Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды.
 
Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:
 
  1. "Amanat" партиясы;
  2. "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
  3. Қазақстан Халық партиясы;
  4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  5. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";
  6. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
  7. "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны