06.06.2022, 13:59 15641
Референдум-2022: дауыс берген қазақстандықтардың 77,18% Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдады
Ағымдағы жылғы 6 маусымда таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі және шет елдердегі референдумның 10012 учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық заңға сәйкес, референдум өтті деп есептеледі, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 986 мың 293 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,06% құрады.
Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын немесе 6 миллион 163 мың 863 адамды құрады", - деді Әбдіров есептеудің алдын ала қорытындысын айта келе.
Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны-18,66 пайыз немесе дауыс беруге қатысқандар санының 1 миллион 490 мың 475 адамын құрайды.
Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады. Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58% - ды немесе 206 мың 096 бюллетеньді құрады", - деп қорытындылады спикер.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының ортасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Ол ел Парламентінің рөлін күшейту және суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу қажеттігі туралы айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.07.2025, 18:29 5961
Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жанбыршы тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры болған.
2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2021-2022 жылдары "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры атанған.
2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.
Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 18:23 5081
Қазақстан президенті елорда мен ірі қалаларды дамыту туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды. Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді. Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды. Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған. Түзетулердің бесінші блогы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр", деп көрсетілген мәтінде.
Сондай-ақ, түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты. Жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді. Сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 14:30 7411
Тоқаев ЖАП басшысына мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтуді тапсырды
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.
Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындыққа салғырт қарағаны үшін жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ нарықтың барлық субъектілеріне арналған тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды кеңейту секілді маңызды бастамалар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн. Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 09:47 7051
Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
2025 жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілді. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған.
Биыл Қапшағай су қоймасынан көлге жалпы көлемі 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Балқаштағы су көлемі негізінен трансшекаралық Іле өзеніне байланысты, ал оның ағысын Қапшағай су қоймасы реттеп отырады.
Биыл су қоймасы қатарынан екінші жыл 100% толды. Былтыр бұл нысан соңғы 10 жылда алғаш рет 100% толғанын еске сала кетейік. Қапшағай су қоймасының толуы Алматы облысындағы Ақдала мен Шеңгелді суармалы алқаптарын вегетациялық кезеңде сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Балқашты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл Француз ғылыми консорциумымен бірлесіп ұйымдастырылған көл бассейнін зерттеу мақсатында ауқымды далалық экспедиция өткен болатын. Француз сарапшыларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс 2040 жылға дейінгі болжаммен Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеуге бағытталған. Бұл - былтыр Францияның Даму агенттігі және Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросымен бірге қол қойған үшжақты келісім аясындағы жұмыс", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:20 43281
Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.
Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 10:14 43526
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Мейрамбек Маратұлы Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдалар министрлігі "АЖТ орталығы" РМК бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2005-2007 жылдары - ҚР Төтенше жағдайлар министлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.
2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Қаржылық заңнама басқармасының бас маманы, бас сарапшысы.
2009-2013 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2016 жылдары - Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
2016-2023 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Заң бөлімінің басшысы, Заң департаментінің директоры.
2023-2024 жылдары - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы заң департаментінің директоры.
2024 жылғы маусымнан бастап соңғы тағайындауға дейін "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС Кадрлық әкімшілендіру және жалақыны есептеу департаментінің директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 10:10 43896
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ол 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.
Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020-2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.
2024-2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 19:56 65846
Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін
Үкімет мамандандырылған аграрлық азық-түлік маркетплейсін құруды қарастырады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет отырысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды.
Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.
Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.07.2025, 09:47Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді 17.07.2025, 14:30 7276Тоқаев ЖАП басшысына мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтуді тапсырды17.07.2025, 18:23 6066Қазақстан президенті елорда мен ірі қалаларды дамыту туралы заңға қол қойды17.07.2025, 18:29 5826Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды17.07.2025, 10:56 3726Шымкентте "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды
11.07.2025, 09:44 86281Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 86171Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 86001Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті11.07.2025, 18:38 83911Ермек Көшербаев Қапшағай жағажайларында бағаның жоғары болу себебін анықтауды тапсырды11.07.2025, 17:35 75806Атырауда 12 мыңға жуық экологиялық құқық бұзушылық анықталды
04.07.2025, 19:14 138881Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138711Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136511"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130056Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 127981Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді