22.11.2022, 11:30 30901
Сайлаудың соңғы қорытындысы: Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өткен Президент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров жалпы сайлауға 8,3 млн-нан астам сайлаушы қатысқанын, бұл 69,44% -ды құрайтынын қорытындылады.
ОСК деректері бойынша, сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:
- Қарақат Әбденге 2,6% дауыс берді;
- Нұрлан Әуесбаевқа - 2,22%;
- Жигули Дайрабаевқа - 3,42%;
- Мейрам Қажыкенге - 2,53%;
- Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 81,31%;
- Салтанат Тұрсынбековаға - 2,12%;
- "Барлығына қарсы" - 5,8% дауыс берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.
20 қараша, жексенбі күні Қазақстанда жаңартылған Конституцияға сәйкес кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Тұңғыш рет Мемлекет басшысы қайта сайлану құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге сайланды.
Нақтыланған тізімдерге сәйкес, ҚР азаматтарының жалпы саны 11 953 465 адамды құрады. 8 300 046 адам немесе 69,44% сайлау бюллетеньдерін алды.
Жоғары лауазымға алты кандидат үміткер болды, оның ішінде: қазіргі Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды; Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды; Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды; Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды; Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды; Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Биыл бюллетеньдерде "бәріне қарсы" деген графасы пайда болды.
Халықаралық миссиялар Қазақстанда өткен Президенттік сайлауға баға берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2025, 10:25 6
Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізуде.
Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ.
Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте.
Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан - негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған.
Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 19:08 13881
Астанадағы Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылының ашылу рәсімі өтті
Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және "Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға" атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, Қытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты.
Ербол Мырзабосынов Қытай мен Қазақстанның кез келген салада байланысы бекем, достығы берік елдер екенін атап өтті. Сондай-ақ министр бүгінде екі ел арасындағы қатынастар "Бір белдеу. Бір жол" бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын, бұл ретте туризм саласы қос халықты жақындастыратын негізгі факторға айналғанын жеткізді.
Баршаңызды Қазақстандағы Қытай туризмі жылының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Былтыр Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылды "Қазақстандағы Қытай туризмі жылы" деп жариялады. Бұл 2024 жылғы "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының" заңды жалғасы саналады. Ауқымды іс-шара екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып отыр. Осы орайда, мемлекеттер арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға зор үлес қосқан әріптесім - Сунь Ели мырзаға ерекше алғыс білдіремін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі.
Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдау мақсатында бірқатар шараларды ұсынды.
Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.
Айта кетейік, 2024 жыл Қазақстан мен Қытай үшін туризмді өзара дамытуда маңызды кезең болды. Былтыр "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" аясында Қытайдың ірі қалаларында 37 іс-шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде туристер ағыны бірнеше есе артты. Былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 78% жоғары (2023 жылы - 367 мың адам).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 17:55 14216
Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 15 өңірде итальялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шекаралас аумақтардағы шегіртке ошақтары мен көршілес елдерден ұшып келу қаупіне байланысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Қытай мен Қырғызстан тарапынан қауіп жоқ. Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Ошақтар анықталған жоқ. Көршілес елдердің мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстары жалғасуда", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар штаб отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар - 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар - 3,4 млн гектарға, жүгері - 168 мың гектарға, картоп - 127,8 мың гектарға, қант қызылшасы - 17,7 мың гектарға егілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 17:32 14721
Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді
Соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне күш қолдану арқылы жасалған 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, олардың салдарынан дәрігерлер түрлі жарақаттар алған
Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірге медицина ұйымдарында қоғамдық тәртіпті сақтау, қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен агрессияны болдырмау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ортақ тұжырымдаманы айқындайтын болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Медицина мекемесінің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін көмектің түрі мен деңгейіне, сондай-ақ пациенттер легінің тығыздығына байланысты белгіленетін болады.
Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер - біз үшін қымбат. Біз - бір командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі қажет", - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында.
Министрлік басшысының айтуынша, қазір пилоттық жоба ретінде Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлеріне жетондар енгізіліп жатыр. Бұл да тәртіп бұзуға бейім адамдарға психологиялық тосқауыл болады. Сонымен қатар барлық ауруханалар мен емханаларда шұғыл оқиға кезінде жедел әрекет етуге арналған дабыл батырмалары жұмыс істеуі тиіс.
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар Денсаулық сақтау министрлігінің өзінің, Ішкі істер министрлігінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әзірленетін болады.
Соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне күш қолдану арқылы жасалған 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, олардың салдарынан дәрігерлер түрлі жарақаттар алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:46 29671
Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды
Еркін Тукумов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген хабарламда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:43 29891
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 09:39 30226
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді
Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су Созақ ауданына ақпан айында жетті. Қажетті көлемді қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасындағы әріптестерімен бірнеше келіссөз жүргізді.
Су ресурстары және ирригациясы министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша "Қазсушардың" Жамбыл филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Шу өзені аңғарында мониторинг жүргізіп, табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс тобы Созақ ауданымен қатар, Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм және Сарысу аудандарына да барды.
Мұндай көлемдегі су Созақ ауданына соңғы бес жылда алғаш рет жетіп отыр, сол себепті жергілікті тұрғындар министрлікке алғыс білдіріп жатыр.
Аудан халқы атынан судың жеткізіліп жатқанына қуанышты екенімізді айтқым келеді. Аптап ыстыққа қарамастан, суды жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастырып, өздеріңіз жергілікті жерлерге шығып, жағдайды бақылап отырғандарыңызға алғыс айтамыз", - деді Созақ ауданының тұрғыны Ришат Таңатов.
Биыл сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен Шу өзенінен су Созақ ауданына жіберілетін Фурманов айналма каналын тазарту жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:35 122101
2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ:
- жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
- жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
- 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
- 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
- 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.06.2025, 15:21Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды 13.06.2025, 15:35 1217862025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12.06.2025, 19:43 117771Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды13.06.2025, 15:16 114131Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі13.06.2025, 15:13 109441Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
21.05.2025, 12:03 147196Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды23.05.2025, 16:58 138766ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:14 132286Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:53 131986Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 131731Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды