13.02.2025, 08:03 270696
ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су қоймаларында су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізіледі, нысандар қардан тазартылып жатыр. Көктемде, қажет болған жағдайда, қорғаныс бөгеттерін күшейту бойынша жер жұмыстары жүргізіледі. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.
Ақпан айында ТЖД және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп филиалдың су шаруашылығы нысандарының су тасқынына дайындығын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.05.2025, 18:22 23546
Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады
Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады, деп хабарлайды Алматы қаласы мәслихатының баспасөз қызметінен.
2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды", деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 16:29 22771
Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ҰҚК материалдары негізінде 43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді. Радикалды ұйымдарға мүше 1498 шетелдік адамның елімізге келуіне шектеу қойылды. Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 12 шетелдік азамат ұсталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өткізілгені жөнінде мәлімет берілді. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытуға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы қаралды. Қазақстан арқылы лаңкестерді алып өту, лаңкестік әрекетке қажетті қаржыны аудару фактілерін ескере отырып, терроризм қаупін төмендету бойынша қосымша шаралар әзірленді.
Мемлекет басшысына Ішкі істер министрлігімен бірлесіп 13 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылғаны, олардың 142 мүшесі ұсталғаны және 40 азаматтың тұтқындалғаны туралы баяндалды. Заңсыз айналымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 граната мен 4586 оқ-дәрі тәркіленген.
Есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасымал арнасы жойылған. Заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі мен психотропты заттар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды.
Сыбайлас жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында 1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 миллиард теңгесі қазынаға қайтарылды.
Мемлекеттік шекараны бұзған 16 мыңнан астам адам ұсталды. 3025 тұлға елден шығарылды. Қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса факті әшкереленді. Шекара арқылы 11 миллиард теңге мен құны 16,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 миллион кибершабуыл әшкереленген.
Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 15:49 22326
Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Алматы қаласының экономикасы биыл тұрақты және оң өсу үрдісін көрсетіп отыр. 2025 жылдың алғашқы төрт айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,1%-ға өсті, бұл тұрақты экономикалық белсенділік пен қала экономикасының түрлі салаларындағы оң үрдістерді көрсетеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өсудің негізгі драйверлері үш негізгі сектор: көлік, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі болды. Атап айтқанда, көлік саласы ең маңызды өсімді көрсетті - 23,9%. Яғни, Қазақстанның ең ірі қаласында тасымалдау мен логистикалық қызметтерге сұраныс жоғары. Тиісінше көлік инфрақұрылымы да дамуда. Құрылыс секторы да 21,3% өсім көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі 17,6%-ға артты.
Өткен жылы Алматының жалпы өңірлік өнімінің өсуі 5,6%-ды құрады, бұл жан басына шаққандағы ЖӨӨ-ні $27,5 мың деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ол Қазақстан өңірлері арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Қаланың сапалы және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыруға және инвестицияларды белсенді тартуға ерекше назар аударылады. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер мен ағымдағы үрдістерді талдау туралы қосымша ақпаратты біздің толық шолу материалымыздан табуға болады.
Алматы Қазақстанның ең инвестициялық тартымды өңірлерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға 541,3 млрд теңге салынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 35,6%-ға артық. Инвестиция көлемі бойынша қала еліміздің барлық өңірі арасында бірінші орынға ие болды.
Келесі салаларға инвестициялар барынша серпінді өсуде:
Білім беру - 7,2 есе өсу,
Қаржылық және сақтандыру қызметі - 2 есе,
Сумен жабдықтау және су бұру - 1,9 есе,
Туризм - 1,5 есе,
Жылжымайтын мүлік операциялары - 22,1%,
Электрмен және жылумен жабдықтау - 19,4%,
Көлік және қойма - 14,7%.
Алматыда бүгінде жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге 24,4 мың жұмыс орнын ашатын 151 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2025 жылы 10,3 мың жұмыс орнын құрумен 496 млрд теңге сомасына 40 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында:
Changan", "Chery" және "Haval" мультибрендтік автозауыттары (182 млрд теңге)
Almaty Museum of Arts" музейі (44 млрд теңге)
Wildberries" логистикалық орталығы (43,2 млрд теңге)
Kaspi Cloud" деректерді өңдеу орталығы (7 млрд теңге)
Medeu Park Hotel" қонақ үй кешені (17 млрд теңге)
Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 2025 жылы 2,2 трлн теңгеден асады деп болжануда.
Туристік саланы дамыту - Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы. Туризм қала экономикасының 3,9%-ын құрайды. 2024 жылы қалаға 2,3 млн-нан астам турист келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға көп. Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік турист Алматыға барады. Өткен жылы олардың саны 27%-ға өсіп, 686,3 мың адамға жетті, бұл Қазақстан бойынша барлық туристердің 53%-ын құрайды.
Көрсетілген туристік қызметтер көлемі 30%-ға артып, 96,3 млрд теңгеге жетті (2023 жылы 74 млрд теңге). Нәтижесінде туристік қызметтен қала бюджетінің кірісі 2 есеге жуық - 90,7 млрд теңгеге дейін өсті (2023 жылы 47,2 млрд теңге).
Туризм саласында қалада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 7,7%-ы жұмыспен қамтылған - 83,5 мың адам, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.
Туристік ағынның өсуі негізгі капиталға инвестициялардың ұлғаюымен қатар жүреді. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 40,2 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. 2025 жылы Алматыға 2,5 млн туристер келеді деп болжануда.
Шағын және орта бизнес қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқаруды жалғастыруда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ субъектілерінің өнім көлемі 13,9%-ға өсіп, 24,9 трлн теңгеге жетті. Алматының жалпы өңірлік өніміндегі ШОБ үлесі 2023 жылғы 58,1%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін артты.
Бұл сектор жұмыспен қамтудың негізгі көзі болып саналады: онда қаладағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 90%-ы - 972,1 мың адам жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қалада 378,9 мың белсенді ШОБ субъектісі тіркелген, бұл 7,4%-ға артық.
2025 жылғы сәуірде Алматы республикадағы ең жоғары іскерлік белсенділікті тіркеді, индекс 57,9%-ды құрады.
2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 70 млрд теңге бөлінді, оның 52,8 млрд теңгесі - жергілікті бюджеттен 2,5 есеге ұлғайтылған қаржыландыру есебінен.
Электронды коммерция ШОБ үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл компанияларға кең нарықтарға шығуға және өз өнімдері мен қызметтерін тиімді сатуға мүмкіндік береді. Алматы Қазақстандағы осы нарықтың негізгі бөлігін қалыптастырады - еліміз бойынша тауарлармен электронды бөлшек сауданың барлық көлемінің 95,2%-ын, сондай-ақ қызметтермен электронды сауданың барлық көлемінің 93,2%-ын қамтамасыз етеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша тауарлармен электрондық сауданың көлемі 30,5% өсіммен 3 трлн теңгені құрады, ал қызметтермен электрондық сауданың көлемі 61%-ға артып, 2,3 трлн теңгеге жетті.
Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді сату үшін интернет-ресурстарды пайдаланатын барлық компаниялардың шамамен 50%-ы Алматыда орналасқан, онда 1 556 кәсіпорын жұмыс істейді (жалпы еліміз бойынша - 3 239).
Ірі интернет-платформалар Kaspi.kz, Wildberries.kz, Aviata.kz, Sulpak.kz, Technodom.kz және басқалары. 2024 жылдың желтоқсанында "Magnum E-commerce Kazakhstan" ЖШС қуаттылығы тәулігіне 18 мыңға дейінгі тапсырысты DarkStore пайдалануға берді, бұл интернет-бизнесті кеңейту және қалада электрондық коммерцияны одан әрі өсіру үшін әлеует туғызады.
Жалпы, Алматы экономикасының қарқынды дамуы 2025 жылдың алғашқы төрт айында жергілікті бюджет кірістерінің 14,6%-ға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 15:26 23136
Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Соңғы екі жылда балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың, суицидтің және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында бірқатар шара қабылданып, бағдарламалар мен заңдар әзірленді. Аталған жұмыс аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен заңнамаға 120 түзету енгізілді.
Динара Зәкиева биыл 13 өңірдегі және 73 елді мекендегі ахуалға мониторинг жүргізілгенін, соның ішінде 272 мекемедегі балаларға жасырын сауалдама жасалғанын, 173 отбасыда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің жағдайымен танысқанын айтты. Тексеріс қорытындысы бойынша бала құқықтарын қорғауға қатысты қабылданған заң нормаларын бұзған 171 дерек анықталған.
Бұдан бөлек, аймақтардағы 112 отбасылық қолдау орталығының тиімді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалар құқығын қорғау мақсатында ашылған болатын.
Облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ балаларды қорғауға жауапты өңірлік органдардың міндеттері мен мәртебесін айқындайтын заң жобасы дайындалып жатыр.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қабылданған заңдарды іске асыру жөнінде міндет жүктеген еді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен оңалту орталықтарын құру жұмыстарын жандандыруға тоқталды. Қазіргі кезде "Қазақстан халқына" қоры серіктестерімен бірге 49 оңалту орталығын ашты. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетіледі.
Сонымен қатар кездесуде "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеу, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мәселелері талқыланды.
Президент бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайтып, жеткіншектерді жан-жақты қолдау тетігін қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екеніне назар аударды. Бұдан бөлек, мектептердегі инклюзивті білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 13:56 32036
Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған
Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы спорт басқармасының балалардың спорт секцияларына қол жеткізуде құқықтарын сақтау мәселесі бойынша қызметіне талдау жасады.
Басқарма бюджет қаражаты жоқ деген желеумен бір жылға жуық уақыт бойы балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқаны анықталды.
Ал, қолданыстағы заңнамада қаражат болмауына байланысты кезекті тоқтата тұруға қатысты нормалар қарастырылмаған.
Қалалық прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, "Damu bala" платформасында заңсыз тоқтатылған кезек қалпына келтіріліп, 4560 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 басшы.
Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғауға да назар аударды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы таксилер тек жұмыс күндері мен күндізгі уақытта тасымалдау қызметін көрсететіні анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде "Инватакси" жұмыс режимі қайта қаралды.
Енді балалар такси қызметін тәулік бойы, соның ішінде мереке және демалыс күндеріде пайдалана алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 10:36 29736
Аймақтық климат саммиті 2026 жылы Қазақстанда өтеді
Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Қазақстан келесі жылы Аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өз кезегінде Мафальда Дуарте климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдіріп, Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді. Табиғат апаттарының тәуекелдерін басқару және ерте құлақтандыру жүйелерін енгізуді қарастыратын аталған жоба Жасыл климат қорының және БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында табиғатты аялау және қоғамның экологиялық мәдениетін жетілдіру маңызды екені айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 10:30 31101
Түркістан облысында қоқыс полигондарының 70% экологиялық талаптарға сәйкес келмейді
Түркістан облысында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық, санитарлық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыс көлеміндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу бөлігіне талдау жүргізді.
Талдау барысында, полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Мәселен, облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген (жарық, қоршау, арнайы құрылғылармен қаржыландыруға байланысты жабдықталмаған), 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз (жан-жақты қарау және тиісті әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша материалдар сотқа жолданған), 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде.
Бұл ретте, орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп (Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне), тиісті басшыларына 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды және 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды.
Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және санитариялық, экологиялық заңнамалардың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 09:26 31356
Қазақстандық шаруалар 2 млн текше метрге дейін еріген қар суын өз бетінше жинай алады
Жаңа Су кодексіне сәйкес, су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін еріген қар суын арнайы рұқсатсыз өз бетінше жинай алады. Бұл үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған, су қоймасы немесе өзге де қойма салу қажет, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еріген қар суын жинауға арналған гидротехникалық құрылымдар қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс, өзендермен, көлдермен және басқа да су нысандарымен байланыспауы керек әрі қоршаған ортаға зиян келтірмеуі қажет. Құрылыс аяқталғаннан кейін бассейндік су инспекциясын хабардар етіп, бұл нысанды арнайы тізімге енгізу қажет.
Бұл шара диқандарды суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға және Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуына бағытталған.
Жаңа Су кодексіне Мемлекет басшысы биыл 9 сәуірде қол қойған болатын. Құжат 10 маусымда күшіне енеді.
Жаңа Су кодексі Қазақстандағы су саласының барлық бағыттарын қамтиды. Оның басты міндеттері - су үнемдеу жөніндегі жалпыұлттық саясатты қалыптастыру және дамыту, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұруды реттеу, балама су көздерін (жаңбыр және еріген қар сулары, тазартылған ағын сулар, тұщытылған тұзды сулар) пайдалану, сондай-ақ су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану деңгейін арттыру",- деді Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.05.2025, 18:47Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады 21.05.2025, 12:00 63161Су министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады20.05.2025, 18:25 62406Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады21.05.2025, 10:21 61291Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады21.05.2025, 11:58 60456Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы желі құрылысы бойынша әкімдік тексеріс жүргізеді
25.04.2025, 15:23 155606Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі08.05.2025, 14:24 148476Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 146931"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 145136Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 137926Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады