27.02.2025, 10:13 8756
Шерзаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Достарға айту
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.
Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.
Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.
Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.
Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.02.2025, 16:48 4386
Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады
Аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдағы жетекші металлургия компанияларының бірі Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Премьер-министрінің 2024 жылғы қарашада ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.
Кездесудің басты тақырыбы Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинатын салу жобасын жүзеге асыру болды. Қытайлық инвестор жалпы инвестиция сомасы $1,2 млрд-қа бағаланып отыр, жоба шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланған.
Инвестордың жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде 2027 жылы өндіріс қуаты 1 млн тонна болатты құраса, ал инвестиция көлемі 160,2 млрд теңгеге жетеді. 2029 жылға қарай өнім шығару 3 млн тоннаға дейін артып, қосымша инвестиция көлемі 312,8 млрд теңгені құрайды. Өндіріске қазақстандық шикізат: Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін табиғи газ және темір рудалары, сондай-ақ әктас пайдаланылады. Нәтижесінде, кәсіпорында созба сымдар, арматура, құбыр өндірісіне арналған жолақты болат, сондай-ақ бұрышты және профилді болат сияқты өнімдердің кең ауқымын шығару жоспарланып отыр. Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында металлургия зауытының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаты 350 МВт газ турбиналы электр стансасын салу көзделген, оған инвестор 201,3 млрд теңге қаржы бөледі.
Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы (DRI) енгізілетінін, бұл оның өнімдегі жоғары құрамын - 90%-дан астамды қамтамасыз ететінін және қазақстандық металлургияның бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын баса айтты.
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам болатынын атап өтті.
Жобаның біз үшін маңызы зор. Бұл - еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатын маңызды бағыт. Инвестициялық жобаларды жедел іске асыру үшін Қазақстан Үкіметі жанынан Инвестициялық штаб жұмыс істейді. Үкімет сіздің жоспарларыңызды толығымен қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін тиісті қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:43 4726
Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді
Достарға айту
Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, нығайту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші трансшекаралық Сырдария өзені арқылы су жинап жатыр.
Сонымен қатар, жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында магистральді және шаруашылық каналдармен су беріліп жатыр. Сырдария өзені мен су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты, күнделікті бақылауға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:39 5461
LRT вагондарын құрастыру басталды
Достарға айту
Қытайдың Таншань қаласында LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. 19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс "CRRC Tangshan Co., Ltd" зауытында орналастырылды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі CTS-ке сілтеме жасай отырып.
Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді:
* есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
* тоқтау және жылдамдату;
* депоға кіру және шығу;
* құрамдардың жағдайын бақылау;
* пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;
* оператордың (машинис) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.
Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады.
Салондарда беріктігі жоғары материалдар, оның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.
Шуды азайту үшін мына технологиялар қолданылады: қалыңдатылған терезелер және шуды бәсеңдету элементтері; диаметрі үлкейтілген дөңгелектер.
Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелермен жабдықталады: сыртқы және ішкі электронды таблолар; LCD-мониторлар, олар қозғалыс бағытын, соңғы және келесі станцияларды, есіктердің ашылу жағын және шұғыл ақпаратты көрсетеді.
Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады.
Кондиционер қондырғысының қуаты 35 кВт (салқындату қуаты).
Техникалық сипаттамалары және жеткізу мерзімдері: Қуаты - 1 722 кВт; ең жоғары жылдамдық - 80 км/сағ; толық автоматтандыру және операторлардың тұрақты бақылауымен жүргізілетін пилотсыз басқару жүйесі.
Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.
Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу - пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементері, жылжымалы құрам және барлық жабдықтар тексеріледі, оның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақтар барысында үлкен көлемде деректер жиналып, талданады, оның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады", - деп түсіндірді "City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.
Ұқсас бағыттардағы жолаушылар легін талдау деректері бойынша LRT жылжымалы құрамдары тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:23 5981
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі - алимент өндіру.
2024 жылы және ағымдағы жылы алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасымен 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Оның 7 борышкеріне қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте.
Ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.
Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгедей өтелді.
Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:20 6381
БҚО прокуратурасы жазаны ауыстыру бойынша ашық сот мәжілісін ұйымдастырды
Достарға айту
БҚО прокуратурасы жазаны ауыстыру бойынша ашық сот мәжілісін ұйымдастырды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық сотта пробациялық бақылау есебіндегі адамға қатысты ашық сот отырысы өткізілді.
Сот отырысына есепте тұрған қылмыс жасаудың орташа және жоғары бар қаупі 15 тұлға қатысты.
Іс-шараның мақсаты сотталғандарға пробация шарттарын бұзудың ықтимал салдарын түсіндіру болды.
2024 жылы сот облыс тұрғынын ұрлық және алаяқтық үшін пробациялық бақылауды орнату арқылы 3 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Алайда, ол бақылауда болғанымен, жазасын өтеу ережелерін бірнеше рет бұзған.
Осыған байланысты пробация қызметі жазаны ауыстыру туралы ұсыныс жіберді.
Нәтижесінде аудандық сотпен жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкері сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға пробация шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін заң ережелерін түсіндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:00 7246
Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын "Жезқазған - Петропавл" тасжолы толық жаңартылады
Достарға айту
Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын "Жезқазған - Петропавл" тасжолы толық жаңартылады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Облысаралық және ауданаралық жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мамандар республикалық маңызға ие 10 мың шақырым жолды орташа жөндеумен қамтиды. Мәселен, еліміздің төрт өңірін жалғайтын "Жезқазған - Петропавл" автожолы толық жөндеуден өтпек.
Бұл жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол қамтылды. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысының Арқалық қаласына іс-сапары барысында сөз етілген жолдың жағдайын тексеріп, өткен жылғы жол-құрылыс маусымының нәтижелерімен танысты.
Аталған автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді.
Автожолды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту өңірдің дамуы, көлік қолжетімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін маңызды. "Жезқазған - Петропавл" тасжолы Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 10:04 9321
Өзбекстанда ұсталған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға жеткізілді
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Садвақасов Т.Х.-ны Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді, деп хабарлайды ҚМА-нің баспасөз қызметінен.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.
2023 жылғы шілде айында Садвақасов Т.Х. мен адвокат Құрманбаев С.Н. өздерінің қызметтік байланыстарын пайдаланып, Долгалев В.И.-дің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған.
Аталған мәселені шешу үшін Садвақасов Т.Х. мен Құрманбаев С.Н.-ға заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған.
Алайда, күдіктілер параның алғашқы бөлігі - 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндеттемелерін орындамаған.
Кейін Садвақасов Т.Х. қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп, соттан жасырынған.
Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі тарапынан ұсталған. Соған байланысты оған қатысты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған.
2025 жылғы 25 ақпанда Түркістан облысындағы "Қапланбек" шекара бақылау-өткізу пунктінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.
Аталған іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2025, 15:27 39601
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді
Достарға айту
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қызғылт қоқиқаздар мекендейтін Қорғалжын табиғи қорығына апаратын "Астана - Қорғалжын" жолы жөндеуден өтеді. Бұл Көлік министрі Марат Карабаевтың Ақмола және Қостанай өңірлеріне жұмыс сапары аясында мәлім болды.
Бұл жолдың орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Ақмол ауылынан Оразақ ауылына дейінгі 39 шақырымдық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі биыл аяқталмақ.
Сонымен қатар биыл Оразақ ауылынан Қорғалжын қорығына дейінгі 110 шақырымдық жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Қорғалжын ауылынан қорыққа дейінгі жол учаскесі ерекше назарда. Бұл жол өткен ғасырдың 60-жылдары салынған және қазіргі таңда асфальтобетон жамылғысы жоқ топырақ төсемінен ғана тұрады. Енді жаңа жол салынып, қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі. Бұл туристік ағынның артуына және өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.
Астана - Қорғалжын" автожолын жаңғырту облысаралық және ауданаралық күре жолдарды ауқымды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту аясында қолға алынды. Президент тапсырмасына сәйкес жөнделетін жолдардың жалпы көрсеткіші 10 мың шақырым жолға дейін артты.
Дәл осы тапсырма аясында 2025 жылы 8 мың шақырымға жуық республикалық маңызы бар жол жөнделсе, келесі 2026 жылы 2 мыңнан астам жол жөнделмек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.02.2025, 10:04Өзбекстанда ұсталған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға жеткізілді 27.02.2025, 10:13 7496Шерзаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды27.02.2025, 16:00 5986Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын "Жезқазған - Петропавл" тасжолы толық жаңартылады27.02.2025, 16:20 5111БҚО прокуратурасы жазаны ауыстыру бойынша ашық сот мәжілісін ұйымдастырды27.02.2025, 16:23 4721Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
25.02.2025, 14:54 64081Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады25.02.2025, 14:38 63936Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді24.02.2025, 13:17 60416ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссия Қостанай спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді24.02.2025, 12:59 603362025 жылдың басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды24.02.2025, 13:22 60236Ақмола облысында бопсалаудың тіркелуі 36%-ға қысқарды
13.02.2025, 08:03 267731ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 258836Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 205411Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 166921Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 166651Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады