10.03.2023, 11:59 29786
Шетелде тұратын қазақстандықтар 62 елде Мәжіліс сайлауында дауыс бере алады
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды
Астана. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.
Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады", - деді ҚР СІМ-де.
ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.
Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз", - деп қосты баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. ОСК мәліметінше, 26 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне өткізген сайлаушылар тізіміне 12 миллион 32 мың 550 азамат енгізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.06.2025, 10:30 1701
Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды
Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.
Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.
Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде - 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 16:34 53216
Алматы әкімі қаланың бес полиорталықтарының қалыптасу жобаларымен танысты
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Алматыбасжоспар" - да кеңес өткізді, онда оған кәсіпорынның ағымдағы қызметі және қаланың тұрақты даму стратегиясын қалыптастыру жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұрыннан белгілі, Алматының даму бағдарламасы мен қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары дамудың моноорталықтық моделінен полиорталықтық моделіне көшуді көздейді.
Қала басшысына бес негізгі полиорталықтар - іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, қаланың орталық аудандарында жүктемені азайтуға және бүкіл мегаполис бойынша толыққанды өсу нүктелерін құруға арналған заманауи қоғамдық-іскерлік кластерлерді қалыптастыру жобасы ұсынылды.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Алматыбасжоспар" - да кеңес өткізді, онда оған кәсіпорынның ағымдағы қызметі және қаланың тұрақты даму стратегиясын қалыптастыру жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды.
Бұрыннан белгілі, Алматының даму бағдарламасы мен қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары дамудың моноорталықтық моделінен полиорталықтық моделіне көшуді көздейді.
Қала басшысына бес негізгі полиорталықтар - іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, қаланың орталық аудандарында жүктемені азайтуға және бүкіл мегаполис бойынша толыққанды өсу нүктелерін құруға арналған заманауи қоғамдық-іскерлік кластерлерді қалыптастыру жобасы ұсынылды.
Солтүстік" полиорталығы - "Алматы-1" теміржол станциясына іргелес аумақ. Бұл полиорталықта қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын болады, салынып жатқан құрылыстарда бірінші қабаттар шағын бизнеске жалға беріледі, скверлер, ҮАК, Баум тоғайы маңайында демалыс орындары қарастырылған.
Келесі аймақ - "Батыс" полиорталығы, жаңа Алматы-3 теміржолвокзалы мен Боралдай кентіндегі көлік хабы ауданында орналасатын болады. Мұнда барлық қажетті инфрақұрылым, соның ішінде "Сақ қорғандары" этнографиялық паркінің айналасында жүргізілетін болады. Алаңы 90 га желілік рекреациялық саябақ, жаңа көпсалалы аурухана кешені және т.б. салу жоспарлануда.
Оңтүстік-батыс" полиорталығы - Райымбек даңғылы мен Алатау көшесін ұзарту аумағында. Мұнда шағын өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар орналасады.
Тарихи орталық" - Медеу ауданының бөлігі, Байтұрсынов көшесі - Абай - Зенков - Жібек Жолы даңғылдарының шекарасындағы "алтын аймақ". Мұнда өнеркәсіп орындары болмайды, тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар қалпына келтіріледі.
Бесінші аймақ - "Шығыс қақпасы" полиорталығы. Бұл Талғар және Құлжа тракттарының ауданы. Мұнда Алматының логистикалық хабы орналасады.
Өз кезегінде қала әкімі әрбір полиорталық әлеуметтік инфрақұрылымды, демалыс аймақтарын және адамдар мен бизнесті тартатын зәкірлік жобаларды ескере отырып, кешенді түрде дамуы тиіс екенін атап өтті.
Тұрғын үй салуға басымдық берілмейтіндей және 5 жылдан кейін бұл аудандар тыныш аудандарға айналмайтындай етіп жобаларды пысықтау қажет. Саябақтар, сауда орталықтары, кеңселер жоспарлау кезеңінде қарастырылуы тиіс. Адамдар өмір сүріп қана қоймай, жұмыс істейтін, демалатын, бос уақытын өткізетін теңестірілген ортаны құру маңызды - аудандар шынайы жайлы және тыныс-тіршілікке толы болғаны жөн", - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 10:05 63506
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесі іске қосылады
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек. мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді.
Алайда жүргізілген тексерістер барысында бірқатар күрделі заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтсақ, балаларды жалған тіркеу арқылы қатысу көрсеткіштерін жасанды түрде көбейтіп көрсетілген, 164 секцияда сабақтардың санитарлық талаптарға сай келмейтін пәтерлерде, жертөлелерде және тұрғын үй-жайларда өткізілген, 6 өңірде бұрын істі болған азаматтардың балаларды оқытқаны туралы 20 жағдай тіркелген, сондай-ақ жүйеде тіркелгенімен, нақты сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам бала анықталған. Бұл фактілер алаяқтық, жалған есеп жүргізу және бюджет қаражатын жымқыру ықтималдығын көрсетеді.
Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу және балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы жағдай жасау мақсатында 2025 жылдың 1 маусымынан бастап бірыңғай ваучер жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады.
Аталған жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорттық секцияларын, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.
Жаңа жүйенің басты қағидаты - ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі. Бұл баланың спорт, шығармашылық және білім беру бағыттары арасында еркін ауысуына мүмкіндік береді және бұрынғыдай қайта кезекке тұру немесе қаржыландырудан айырылып қалу жағдайларына жол бермейді.
Платформаны әзірлеу барысында әр өңірдің ерекшелігі мен шығармашылық, спорттық және білім беру қызметтерініндегі айырмашылықтар ескерілетін болады.
Бірыңғай ваучердің екі түрі қарастырылған:
Нысаналы ваучер - мемлекеттік мекемелерге арналған және кезекке тұруды қажет етпейді;
Әмбебап ваучер - баланың ата-анасы eGov.kz порталы арқылы жекеменшік немесе мемлекеттік емес ұйымды таңдай алады.
Мұндай ваучер бойынша кезек баланың жасы мен отбасының әлеуметтік мәртебесіне сәйкес қалыптасады және бұл ресурстарды әділетті бөлуге мүмкіндік береді. Жаңа ережелерге сәйкес, үйірмелер мен секцияларда балалардың сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін қауіпсіз инфрақұрылым, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталуы, бекітілген білім беру бағдарламалары мен білікті мамандар болуы қажет. Бюджеттік қаражат тек мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. Қатысушылардың келуі күнделікті цифрлық форматта тіркеледі, ал бірыңғай платформа қаражаттың жұмсалуын ашық көрсетуді, процестерді автоматтандыруды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық схемаларын азайтуды қамтамасыз етеді.
Жобаны келесі мемлекеттік органдар бірлесіп жүзеге асырады: Мәдениет және ақпарат министрлігі - шығармашылық бағыт бойынша; Туризм және спорт министрлігі - спорттық секцияларды үйлестіру; Оқу-ағарту министрлігі - қосымша білім беру бойынша; Цифрлық даму министрлігі - техникалық сүйемелдеу және цифрлық инфрақұрылымды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдаланудың тетіктерін енгізу бойынша жүйелі саясатты жалғастыруда. Пилоттық жоба тек балалар мүддесін, олардың қауіпсіздігін және көрсетілетін қызметтердің сапалы түрде қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:34 83451
Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр
Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында теміржол және су көлігі комитеті төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлім етті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 миллион жолаушы тасымалданды (өсім 6 пайызды құрады). Биыл 22 миллион жолаушы, оның ішінде жазғы кезеңде 7 миллион жолаушы тасымалданады деп күтілуде.
Биыл Алакөлге, Балқашқа, Шымкентке, Алматы мен Астана қалалары арасында қатынайтын 12 қосымша бағыт қамтамасыз етіледі.
Олардың қатарында:
№ 253/254 "Астана - Достық" (Тальго);
№ 207/208 "Алматы - Достық" (Тальго);
№ 211/212 "Алматы - Достық" (Тальго);
№ 221/222 "Алматы - Достық";
№ 457/458 "Семей - Достық";
№ 459/460 "Өскемен - Достық";
Алматы - Достық";
Қызылорда - Достық";
Павлодар - Достық";
№ 201/202 "Астана - Алматы";
№ 203/204 "Астана - Шымкент";
№ 219/220 "Қарағанды - Балқаш".
Бұл шаралар қосымша 300 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жолаушылар ағыны артқан сайын қолданыстағы пойыздардың құрамы кезең-кезеңімен ұзартылады (қосымша вагондар жалғанады). Бұл шамамен 1 миллион қосымша орынды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:28 83691
Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.
Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі - жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді.
Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.
Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі - жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Мен күн сайын жылыту маусымына дайындық барысы туралы мәлімет алып отырамын. Егер қандай да бір кешеуілдеу болса, дереу шара қолданамыз. Магистралдық желілер мен энергетикалық жобаларды жаңғырту бойынша келісімшарттар жасалған, қаржыландыру қамтамасыз етілген, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бақылауды босаңсытуға болмайды, әсіресе, тұрғын сектор мен әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет", - деді Дархан Сатыбалды.
Кеңестен кейін Дархан Сатыбалды қаланың бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысанын аралады. Қаланың негізгі энергия көздерінің бірі - ЖЭО-2-де ол энергетикалық және қосалқы жабдықтарға жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарымен танысты. Жаңғырту жобасы экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Электр қуатын 557 МВт-қа, жылу қуатын 952 Гкал/сағ дейін арттырып, зиянды заттар шығарындыларын 93%-ға, ал көміртек ізі 38%-ға төмендету көзделуде.
ЖЭО-2-ні жаңғырту - ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл қаланың экологиялық тұрақтылығы мен жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін стратегиялық жоба. Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту Алматының дамуына қосылған маңызды үлес", - деді Дархан Сатыбалды.
Қала әкіміне қада қағу жұмыстарының 47%-ы орындалғаны, іргетас құю мен құрылымдарды орнату жұмыстары жалғасып жатқаны, негізгі жабдық жеткізіліп жатқандығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде: 56-сын жөндеу жоспарда болса, соның 36%-ы біткен.
Қала әкімі "Орбита" аудандық қазандығын да барып көрді. Бұл қазандық оңтүстік аудандарды - Орбита 1-4, Алмагүл шағын аудандарын және Асқаров көшесін жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Мұнда көлемі 2000 м³ үш аккумуляторлық бак орнатылуда. Екі бак пайдалануға берілді, үшіншісі орнатылып жатыр. Жоба ең жоғары тұтыну кезінде де жылу жүктемесін теңестіруге және жылумен қамтудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:22 84131
Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді
Бүгінгі таңда 15,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ең көп егіс көлемі Ақмола облысына тиесілі - 3 706 мың гектар, Қостанайда - 3 292 мың гектар, Солтүстік Қазақстанда - 2 566 мың гектар, Павлодарда - 1 081 мың гектар, Қарағанды облысында - 1 032 мың гектар.
Егіс құрылымында ең көп үлесті дәнді дақылдар алып отыр - 10,9 млн гектар.
Жемшөп дақылдар - 782,7 мың гектар, көкөністер - 116,2 мың гектар, картоп - 108,1 мың гектар, бақша дақылдары - 84,1 мың гектар, майлы дақылдар - 2 747 мың гектар, мақта - 141,6 мың гектар, дәндік жүгері - 153,9 мың гектар, қант қызылшасы - 17,8 мың гектар, күріш - 87 мың гектар.
1 119,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды, оның ішінде 976,9 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 368,8 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның 290,1 мың тоннасы өңірлерге жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанын үйлестіруді жалғастырып, көктемгі дала жұмыстарын сәтті аяқтау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 13:19 85311
Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық форумының пленарлық сессиясында жаһандық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек геосаяси емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Әлемдегі қазіргі ахуал өзгеріп жатыр. Мультилатерализмнің үні құмыққанда, протекционизм өршиді. Осынау бей-берекет кезеңдегі біздің міндетіміз - ынтымақты қатаң сақтау, ыдыраған тұсын қайта қалпына келтіру.
Қазақстан қазіргідей алмағайып заманды сындарлы ықпалдастық тұрғысынан қарастырады. Сыртқы саясатта жікке бөлінбей диалогқа келуді, кез келген елдің егемендігін құрметтеуді басшылыққа аламыз. Әсіреұлтшылдық танытып, өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді. Аз халықтардың ана тілінде сөйлеп, төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарау қажет. Сондықтан Қазақстанда "Бірлігіміз - әралуандықта" қағидатын қатаң ұстанамыз".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 09:35 83206
Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады
2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елорда мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны - 20 мың теңге.
Сонымен қатар осыған дейін мәлім етілгендей, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы елорда мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
02.06.2025, 10:30Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды 02.06.2025, 10:26 651Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды
28.05.2025, 17:30 103536Жергілікті полиция қызметі таратылады29.05.2025, 13:19 84711Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек29.05.2025, 14:22 83531Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді29.05.2025, 14:28 83091Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты29.05.2025, 14:34 82851Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр
08.05.2025, 14:24 150466Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 148921"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 147121Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 138726Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады08.05.2025, 18:01 137606Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда