14.05.2024, 17:41 57876

Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары жалған вакцинацияның 365 фактісін анықтады

2023 жылдың басынан бері елімізде қызылша ауруының өршуі тіркелді. Бұл жағдай ЮНИСЕФ есебінде (әлемде Қазақстан Республикасы қызылшамен ең көп ауыратын ел деп саналады) атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларымен қызылша бойынша жағдайды жақсарту үшін бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар қабылданды.

Мұндай инфекцияның алдын алудың тиімді әдісі облыс тұрғындарына вакцина егу болып табылады.

Бұл ретте халыққа вакцина егу мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында халыққа жалған екпе егудің 365 фактісі, екпе алудан медициналық көрсетіліммен негізсіз бас тартудың 55 фактісі анықталды. Сонымен қатар, медициналық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 11 түріне жол берген, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Қызылша ауруының өршуіне жол бермеу үшін азаматтарды екпе шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны