11.04.2024, 12:53 45201

Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

СҚО-ның су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралау кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Кожевенный және Заречный кенттеріндегі бөгеттер құрылысының аяқталғаны туралы баяндамаларды тыңдады.

Сонымен қатар Роман Скляр Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы, Ущев көшесі бойындағы арықтарды дайындау жұмыстарын және Петропавл қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған маңызды стратегиялық нысан - "Қызылжар Су" ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қабілетін тексерді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша сорғы станциясы биіктігі 1,5 метр болатын 450 метрге жайылған бөгетпен қорғалған.

Қалаға берілетін ауыз су сапасын тексеру маңызды. Арнайы зертхана екі сағат сайын судың сапасын тексеріп, зерттеп, есеп беріп отыруы керек. Судың келуімен оның жарамдылығы төмендеуі мүмкін. Қала тіршілігін қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жүргізіп отыру қажет", - деп тапсырды Роман Скляр.


Бірінші вице-премьер су тасқынына қарсы жұмыстардың көлемін бағалап, жол инфрақұрылымы жүктемесін азайту туралы есепті тыңдады. Оның ішінде, үлкен судың келуі туралы жаңартылған болжамды ескере отырып, қатты су басу салдарын азайту процесі қозғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны