20.11.2022, 08:45 9351
Смайылов ҚР Президенті сайлауында дауыс берді
Сурет: primeminister.kz
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.
Премьер-Министр республиканың барлық азаматтарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.
Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, Мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім", - деді Әлихан Смайылов өз таңдауын жасағаннан кейін.
Естеріңізге сала кетейік, сайлауда дауыс беру сағат 20.00-ге дейін өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.06.2025, 19:43 2721
Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды
Международная ассоциация клубов" ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды.
Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс.
2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 17:30 3531
Қазақстанда аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылау енгізіледі: Тоқаев заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мақсаты - жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту, сондай-ақ қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз ету арқылы аквашаруашылықты тұрақты дамыту.
Құжатқа жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мақсатында инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу енгізілді. Соның нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен бизнеске ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіледі.
Сондай-ақ Заңда субсидиялау, жеңілдікпен несиелеу, сақтандыру, салық преференциялары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
Заңда аквашаруашылық субъектілері жүзеге асыратын қызмет түрлері, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары мен осындай қызметті жүзеге асыруға арналған учаскелер (халықаралық, республикалық және жергілікті) нақты бөлінген.
Су биологиялық ресурстарына және олардың тіршілік ету ортасына зиян келтірмеу үшін Заңда балық шаруашылығы су айдындарын ұтымды пайдаланудың негізгі қағидаты белгіленген.
Сонымен қатар аквашаруашылық саласына мемлекеттік бақылау енгізілді. Бұл жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану бағытындағы бақылаудың бір бөлігі саналады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 17:13 4011
Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылардың мөлшерін атады
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы жалпы сомасы 253,4 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен - 613,7 мың отбасы 221 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен - 242,2 мың адам 32,4 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың мамыр айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 865,3 мың отбасы жалпы сомасы 51,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 622,3 мың отбасы 45 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға - 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға - 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға - 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
- "Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға - 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
- "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға - 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 17:00 2491
Алматыда "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешеніндегі қосалқы құрылыс сот шешімімен сүрілуде
Алматыда Кенесары хан көшесі, 54/33 үй мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің үшінші қабатындағы террасада заңсыз салынған құрылыс сот шешімімен бұзылуда. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында пәтер иесі (жеке тұлға) ешқандай рұқсат құжаттарынсыз өз пәтеріне бір қабатты қосымша құрылыс салып, тұрғын үй аумағын айтарлықтай ұлғайтқаны анықталған.
Иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Алайда, нұсқама талаптары орындалмағандықтан, 2024 жылғы 26 тамызда басқарма Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берген. Сот процестерінің нәтижесінде 2025 жылғы 5 қаңтарда сот басқарманың талаптарын қанағаттандырған.
Бүгіннен бастап Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 10:15 5206
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі - Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2025, 13:55 50446
Мамыр айында Enbek порталы орта білікті кадрларға жоғары сұранысты сақтап қалды
2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі - Enbek) 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда олардың саны сәйкесінше 11,8% және 4,3%-ға азайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кадрға ең жоғары қажеттілікті дәстүрлі түрде білім беру (15 мыңнан астам бос жұмыс орны), қызмет көрсетудің басқа түрлері (10,7 мың) және құрылыс (8,5 мың) салалары көрсетті. Сұраныс негізінен ірі қалалар мен агроөнеркәсіптік аймақтарда шоғырланды.
Орташа білікті мамандар тапшылығы байқалды - сұраныс ұсыныстан 16%-ға асып түсті. Сонымен қатар, жоғары білікті лауазымдарға жұмыс берушілердің ұсыныстарынан сан жағынан асып түсетін жұмыс іздеушілер тарапынан бәсекелестік күшейді.
Жұмыс берушілердің ең жоғары белсенділігі Астана қаласында (барлық бос жұмыс орындарының 11,5%-ы), Түркістан (7,5%) және Павлодар (7,1%) облыстарында тіркелді. Бірқатар өңірлерде бос жұмыс орындарының саны төрттен бірінен астамға қысқарды: Батыс Қазақстан облысында - 36%-ға, Алматыда - 35%-ға, Маңғыстауда - 34%-ға, Ұлытауда - 25%-ға.
34 жасқа дейінгі жастар жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты болып қалды - олар барлық түйіндемелердің 44%-ын құрайды (110 мыңның 48,6 мыңы). Олардан кейін орта жастағы үміткерлер (37%). Жынысы бойынша барлық жұмыс іздеушілердің 52,8%-ын әйелдер, 47,2%-ын ерлер құрайды.
Жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі Алматы қаласында (-28%) байқалды, басқа өңірлердің көпшілігінде төмендеу көрсеткіші 15%-дан аспады.
Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде тәртіп сақшыларына (1,8 мың бос орын), медбикелер (1,7 мың) мен жүргізушілерге (1,5 мың) сұраныс сақталды.
Жалақы бойынша ең көп ұсыныстар тау-кен өнеркәсібіндегі басшының орынбасары (орта есеппен 788 мың теңгеден), бас құрылысшы (662 мыңнан) және бұрғылаушы-инженер (605 мыңнан) лауазымдарына тіркелді.
Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күтетін ұшқыш (орта есеппен 2,3 млн теңгеден), IT жобаларды әзірлеу бөлімінің басшысы (1,2 млн теңге), өндіруші саладағы участке басшысы (1,1 млн теңге) лауазымдарына үміткерлер тіркелді.
Осылайша, мамыр айында жұмыс берушілер тарапынан да, жұмыс іздеушілер тарапынан да белсенділіктің қалыпты төмендеуі байқалады. Жалпы жұмысшылар, жүргізушілер, күзетшілер және медицина қызметкерлері сұранысқа ие болып қала береді. Күтілетін жалақы деңгейі, әдетте, жасына қарай өседі, бұл кәсіби тәжірибе, біліктілік және мансаптық амбициялар арасындағы қатынасты көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2025, 13:42 50896
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады. Құжатты Парламент депутаттары Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі.
Заңда азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін сотталғандарды босату ұсынылады. Оларға қылмыстық құқық бұзушылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар, залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар тобы жатады.
Алдын ала есептеулерге сәйкес рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында отырған 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам қамтылады.
Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Ал сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденіп алғаны немесе ысырап еткені немесе аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдар үшін қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залал мен оларға қойылған талап-арыздар толық өтелген жағдайда негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшері бестен бір бөлікке қысқартылады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы 5,4 мың сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 мың адамға жазаның өтелмеген мерзімін саралап қысқарту қолданылады. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал санаттағы 629 адам рақымшылыққа ілініп, оның 57-сі босатылады, 572 адамның мерзімі қысқартылады.
Рақымшылық қолдану туралы түпкілікті шешімді сот әрбір сотталушыға жеке қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2025, 13:33 51131
Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды
Алматыда "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында медициналық бұйымдар шығаратын жаңа жоғары технологиялық зауыттың ашылуы өтті, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Juldyz Kenan Co., Ltd компаниясы - бұл катетер, зондтар, патологиялық материалдарды жинауға арналған контейнерлер және елдегі басқа да медициналық өнімдердің жалғыз өндірушісі. Инвестициялардың жалпы көлемі 2,1 млрд теңгені құрады. Кәсіпорында 100-ге жуық жұмыс орны құрылды, өндірістік қуаттылық жылына 10 млн бірлікке дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өнімдері медицинаның әртүрлі бағыттарында - реанимация мен хирургиядан бастап неонатология мен педиатрияға дейін сұранысқа ие. Бүкіл желі сертификатталған және ISO 13485 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Кәсіпорын өндірістік циклдің барлық кезеңдерін қамтиды: жобалаудан бастап клиникалық сынақтарға, орау және стерильдеуге дейін. Жалпы ауданы 7 000 шаршы метр болатын аумақта заманауи өндірістік желілер, зертхана және қойма үй-жайлары орналасқан. Өндірістік үдерістерге экструзия, қысыммен құю, фрезерлеу, жинау, орау және H14 сыныпты таза өндіріс жағдайында стерильдеу кіреді.
Инвестор және зауыт басшысы Бағлан Баккуловтың айтуынша, Juldyz Kenan компаниясы нарықта 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді және бүгінде 169 түрлі өнім түрін ұсынады. Жаңа кәсіпорынның ашылуымен компания ішкі нарықтағы сұраныстың 90%-ына дейін қамтамасыз ете алатын болады. Бүгінде компания өнімдері 2670-тен астам медициналық ұйымға жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Иран және Ауғанстан елдеріне экспорт жүзеге асырылуда.
Компания инновацияларды енгізуге ерекше назар аударады. Атап айтқанда, инесіз жүйелерді тіркеу аяқталды, оларды нарыққа жылына 3-4 млн данаға дейін шығару жоспарлануда. Өндіріс АҚШ компоненттерін қоса алғанда, жоғары сапалы, қауіпсіз шикізатты қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ашылу салтанаты аясында медицина ғылымдарының докторы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зауреш Аманжолова зауыт өнімдері бүгінде босану кезінде қолданылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, кәсіпорын бұған дейін отандық нарықта қолжетімсіз болған жаңа туған сәбилерге арналған қысқыштарды өндіруді жолға қойған.
Зауыттың ашылуы отандық өнеркәсіп пен медициналық инфрақұрылымды дамытудағы, сондай-ақ Қазақстанның медициналық бұйымдар саласындағы экспорттық әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам болды. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде зауыт орналасқан "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА қатысушылары 182 компания болып табылады, тартылған инвестициялар көлемі 205 млрд теңгені құрайды, 6 900-ден астам жұмыс орны құрылды. 2025 жылы мұнда 18,5 млрд теңгеге алты жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда (оның ішінде Juldyz Kenan Ltd.).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.06.2025, 10:15Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 12.06.2025, 17:13 2496Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылардың мөлшерін атады12.06.2025, 17:30 2016Қазақстанда аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылау енгізіледі: Тоқаев заңға қол қойды12.06.2025, 10:40 1776Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды12.06.2025, 10:20 13612025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
05.06.2025, 17:14 98766Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:47 98661Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысымен танысты05.06.2025, 14:25 98176Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды05.06.2025, 17:53 98171Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 18:21 97906Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр
03.06.2025, 14:47 130961Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 13:56 123476Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 121996Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 120431Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 119711Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары